Цилиндр, конус және шардың жазықтық пен қималары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Цилиндр, конус және шардың жазықтық пен қималары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар №18-сабак

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Айналу денелері және олардың элементтері

Мектеп: № 111 ЖОББМ

Педагогтің аты-жөні:

Халмуратова Махбуба.

Күні:

11.03.2025.

Сыныбы: 11

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Цилиндр, конус және шардың жазықтық пен қималары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.2.2 - цилиндрдің, конустың және шардың жазықтық пен қималарын кескіндеу;

Сабақтың мақсаты:

- цилиндрдің, конустың және шардың жазықтық пен қималарын кескіндейді;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Үй тапсырмасын тексеру, талдау.

Оқушылар дәптерлерін алмастыру арқылы дайын жауаптармен үй жұмыстарын тексеріп, бірін-бірі бағалайды.

Оқушылармен бірігіп жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашамыз.

Оқушыларды үш топқа бөліңіз. Топтарды айналу денелерін жазықтықпен қиғанда пайда болған қималарды зерттеуді тапсырыңыз.

1-топқа цилиндрді жазықтықпен қиғанда пайда болатын қималардың орналасуын зерттеу;

2-топқа конусты жазықтықпен қиғанда пайда болатын қималардың орналасуын зерттеу;

3-топқа шарды жазықтықпен қиғанда пайда болатын қималардың орналасуын зерттеу.

Топтарға А3 парағында постерге өз тапсырмаларын орындап, қорытынды шығаруға, жұмыстарын көрсетуге және қалғандарына қажет болған жағдайда жауаптарды толықтыруға мүмкіндік беріңіз. Оқушылардан дәптерлеріне кесте түрінде қысқаша түсінік конспект жазуларын сұраңыз.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»



Түрлі түсті қима қағаздар

Сабақтың ортасы




Жұптық жұмыс: оқушылардың сабақ мақсатына жетуін бағалау үшін есептер беріледі.

1.Биіктігі 6 см болатын цилиндрдің осінен 4 см қашықтықта параллель қима жүргізілген. Егер қиманың ауданы 36 см2 болса, онда цилиндрдің радиусын және толық бетінің ауданын табыңыз.

2.Табанының радиусы 8 см болатын конустың жасаушысы табан жазықтығымен 60о бұрыш жасайды. Арасындағы бұрышы 45о болатын екі жасаушысы арқылы өтетін қиманың ауданын және қонустың бүйір бетінің ауданын табыңыз.


3.Шардың диаметрінің ұшы арқылы 450 бұрыш жасап өтетін қиманың ауданын табыңыз. Шардың диаметрі d -ға тең.

4.Цилиндрдің толық бетінің ауданы 130π , ал бүйір бетінің ауданы 80π болса, онда цилиндірдің өлшемдері мен осьтік қимасының ауданын табыңыз.

5. Биіктігі 6 см болатын конустың осьтік қимасының төбесі 900 бұрыш жасайды. Конустың бүйір бетінің ауданын табыңыз..


6. Шардың диаметрінің ұшы арқыды 300 бұрыш жасап өтетін қимасының ауданы 75π см2 тең.шардың диаметрін табыңыз..


Жауаптары:

1. 5 см, 110π см2.

2. 64 см2; 128π см2

3. .

4. r=5см, h=8см, =80

5. 36 π

6. 20 см

Бағалау: жұптар дайын жауаптармен бірін-бірі бағалайды

Қиманың түрлері

Сызбасы

Сипаттамасы

Цилиндрдің жазықтықпен қимасы













Цилиндрді жазықтықпен оның осі арқылы қиғанда пайда болған қиманы осьтік қима деп атайды. Осьтік қима -тік төртбұрыш болады. Оның екі қабырғасы цилиндрдің жасаушылары болса, ал басқа екеуі диаметрлері болады.

Цилиндрдің осіне перпендикуляр болатын қимасы оның табандарына тең болатын дөңгелек болады.

Цилиндрдің осімен бұрыш жасап қиятын көлбеу қимасы эллипс болады.

Цилиндрдің осіне параллель жазықтықпен қиғандағы қима-тік төртбұрыш болады. Оның екі қабырғасы жасаушысы, ал басқа екі қабырғасы табандарының хордасы болады.

Конустың жазықтықпен қимасы

Конустың осі арқылы өтетін жазықтықпен қимасы -осьтік қима деп аталады. Ол теңбүйірлі үшбұрыш болады. Оның бүйір қабырғалары конустың жасаушылары, ал табан қабырғасы конустың табанының диаметрі болады.

Конустың төбесі және табаны арқылы өтетін қимасы - теңбүйірлі үшбұрыш болады. Оның бүйір қабырғалары конустың жасаушылары, ал табаны конустың табанының хордасы болады.

Конустың табанына параллель болатын қимасы - центрі конустың осінде жататын дөнгелек болады.

Конустың табанына параллель болмайтын қимасы - эллипс болады.


Конустың басқа типтегі қималарының түрлері

Шардың жазықтықпен қимасы


Шардың жазықтықпен қиғандағы кез келген қимасы дөнгелек болады. Ол дөңгелектің центрі шардың центрінен түсірілген перпендикулярдың табаны болады..


Шардың центрі арқылы өтетін ең үлкен қимасы -диаметрлік қима деп аталады.



Дескриптор:

-1-ші сұраққа жауап береді.

1-балл

-2-ші сұраққа жауап береді.

1-балл

-3-ші сұраққа жауап береді.

1-балл


Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады


ДК экраны


Сұрақтар топтамасы.


Оқулық 11-сынып.





Сабақтың соңы

Оқушылардың рефлексиясы, кері байланыс.

Оқушылар сабақтың бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалайды

  • цилиндрдің қималарын салады;

  • конустың қималарын салады;

  • шардың қималарын салады.


Үй тапсырмасы:

1.Цилиндрдің радиусы 5 см, ал биіктігі 6 см. Цилиндрдің осінен 4 см қашықтықта орналасқан параллель қиманың ауданын табыңыз.

Жауабы: 36

2. Шардың центрінен 15 см қашықтықта орналасқан қиманың ауданын табыңыз. Шардың радиусы 17 см.

Жауабы: 64

3.Конустың радиусы 3 м, ал биіктігі 4 м. Конустың жасаушысы мен осьтік қимасының ауданын табыңыз.

Жауабы: 5см; 12

Бағалау. Оқушылар бір-бірін ауызша критерий бойынша бағалайды.

- Кейбір оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.





AСаралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


кабинетдегі қауіпсіздік ережесі еске салынады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.03.2025
184
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі