«Цитология, генетика,селекция негіздері» тапсырмалары мен есептерін шығару әдістері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Цитология, генетика,селекция негіздері» тапсырмалары мен есептерін шығару әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәні мұғалімдеріне қолданбалы курс өткізуге арналған авторлық бағдарлама.Бағдарлама құрылымы 10 сынып оқушыларының өздігінен іскерлігін, есеп шығару дағдысын дамытуға арналған. Барлығы 34 сағат арналып құрылған. Курстың бағдарламасында цитология, генетика,селекция негіздерінің деңгейлік тапсырмалары мен есептерін шығару әдістері қарастырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Түсініктеме.


«Цитология, генетика,селекция негіздері» тапсырмалары мен есептерін шығару әдістері

бағдарлы курсының бағдарламасы Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт негізінде жасалынған.

Курстын құрылымы оқушылардың өздігінен іскерлігін, есеп шығару дағдысын дамытуға арналған. 10-сыныпта аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат.

Арнайы курста цитология, генетика,селекция негіздерінің деңгейлік тапсырмалары мен есептерін шығару әдістері қарастырылады.


Курстың мақсаты: Оқушыларды әлеуметтендіру, ЖОО-на дайындау үшін терең білім беру, өмірде өзі игеретін мамандыққа баулу.

  • Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, жылдамдыққа, ептілікке үйрету.

  • Биология туралы ұғымды үйрету.

  • Оқушылардың генетикалық білімдерін кеңейту, жүйелеу, дамыту.

  • Адамгершілікке тәрбиелеу.


Жорғарыда келтірілген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылады:

  • оқушының ойын дамыту;

  • кеңес бере отырып, бағыттап оқыту;

  • ізденушілікке баулу.

  • оқушылардың ғылыми, техникалық, кәсіпшілік қызығушылықтарын қалыптастыруға жағдай жасау.

  • оқушылардың стандартты логикалық операцияларды жылдам және дұрыс орындау іскерлігін дамыту.


Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар: жұмыс дәптерлерінің болуы, танымдық іс-әрекеті мен ой өрісін, басқа ғылыммен байланысын, компьютер техникасын, интернет желісмін пайдалану.

Пәнаралық байланыс: химия, математика, география, экология, анатомия, жануартану.

Курсты ұйымдастыру формасы: дәріс, ойын, есептер шығару, топтық және жұптық оқыту әдістері, интерактивті оқыту әдістер.

Курсты оқытуды формасы:

  • түрлі генетикалық есептер шығару

  • деңгейлік тапсырмаларына жауап беру

  • тест тапсырмаларын орындау.


Курсты оқу барысында күтілетін нәтижелер:

Биология, генетика, цитология, селекциялық ұғымдармен тереңірек таныс болу.

Генетикалық заңдылықтарды түсіну.

Биология пәнінен меңгерген білім, білік, іскерлік дағдыларын басқа ғылым салаларымен ұштастыра отырып, өмірде пайдалана білуі тиіс.



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Асанов Н.Г., Соловьева А.Р. Биология : Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалы бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2014ж

  2. Сартаев А. Жалпы биология есептері мен тапсырмалары. Алматы «Мектеп»2007ж

  3. Қайым Қ. Тіршілік танымы. Алматы 2002ж

  4. Биолог анықтамалығы . Республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық журнал.




Қолданбалы курстың жоспары.

«Цитология, генетика,селекция негіздері»

тапсырмалары мен есептерін шығару әдістері.


р/с

сабақ тақырыбы.

сағат саны

мерзімі.

1-2


Жасуша. Химиялық құрамы. Биополимерлер. Органикалық заттар. Тапсырмалар.

2


3

Көмірсулар, майлар

1


4-5

Нәруыздар. Тапсырмалар мен есептерді шығару жолдары.

2



6-7

Нуклеин қышқылдары

2



8-9

Жасушаның құрылысы. Тапсырмалар.

2



10

Саңырауқұлақтар, жануарлар, өсімдік жасушаларының құрылысы.

1


11

Вирустар

1


12-15

Зат және энергия алмасу

Нәруыз биосинтезі



4



16-19

Организмдердің көбеюі және жеке дамуы. Тапсырмалар

.

4




20

Организмнің дамуы және қоршаған орта

1


21

Генетика негіздері. Генетикалық есептерді құрастыру және шешу жолдары.

1


22

Моногибридті будандастыру. Толық доминанттылыққа аналған есептерді шығару жолдары.

1


23

Толымсыз доминанаттылыққа арналған есептерді шешу жолдары.

1


24

Дигибридті және полигибридті будандастыруға арналған есептерді шешу жолдары

1


25

Қан топтарының тұқым қуалауы.

1


26

Аллельді гендердің өзара әсеріне арналған есептерді шешу жолдары.

1


27

Аллельді емес гендердің өзара әсеріне арналған есептерді шешу жолдары.

1


28

Эпистазға арналаған есептерді шығару жолдары.

1


29

Гендердің комплиментарлық әсеріне, гендердің көпжақты әсеріне арналған есеп шешу жолдары.

1


30

Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауына арналған есептерді шешу жолдары.

1


31

Популяциялық генетикаға арналған есептерді шешу жолдары.

1


32

Өзгергіштік

1


33

Адам генетикасы. Адам генетикасының шежіре әдісіне арналған типтік есептер және оларды шығару жолдары.

Селекция және биотехнология негіздері.

1


34

Қорытынды. Тест тапсырмасын орындау.

1



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.11.2018
1570
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі