жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Цитоплазма органойдтары.Жасуша орталығы.рибосома,олардың жасушадағы атқаратын қызыметі
|
Пәні:Биология |
Мектеп: №86 ЖОМ |
|
|
Күні: 8.11.2018
|
Мұғалімнің есімі: Құрбанова Гүлдана Жүсіпбекқызы. |
|
|
Сынып: 10 ә б |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Цитоплазма органойдтары.Жасуша орталығы.рибосома,олардың жасушадағы атқаратын қызыметі. |
|
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты: |
Мембранасыз органоидтер: рибасома, жасуша орталығының құрылысы мен қызметін түсіндіру.Рибасоманың эукариотты және пракариотты түрлерімен таныстыра отырып, олардың диаметрін, организмдегі орташа санын, құрамын, рРНҚ нәруызының кіруін білуге ықпал ету.Жасуша орталығының, жасушаның бөлінуіндегі қызметін білуге мүмкіндік беру.Қозғалыс органоидтерінің жануарлар дүниесіндегі рөлін білуге дағдысын қалыптастыру. |
|
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар:Жасушадағы рибосома нәруыз биосинтезін жүзеге асыратын органоид екенін біледі . |
|
|
|
Оқушылардың басым бөлігі: Жасушадағы жасуша орталығының құрылысын қызметін біледі,сипаттайды. |
|
|
|
Кейбір оқушылар:Жасушадағы рибосома қызметін өз сөзімен сипаттайды,түсіндіреді. |
|
|
Тілдік мақсат |
Пәнаралық лексика және терминология Диалогқа\жазылымға қажетті тіркестер |
|
|
Құндылықтарды дарыту |
Сабақ барысында мектеп құндылықтары жүйелі түрде енгізіледі. Ол сабақтың ажырамас бөлігі болып саналады. Рухани жаңғыру.ХХІ- ғасырдағы ұлттық сана туралы. Білімнің салтанат құруы.Білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.Білімді,көзі ашық,көкірегі ояу болуға ұмтылу. Ашықтық: Оқушылар үшін ақпарат көзі ашық болып табылады.Олар өздерінің білгендерін өзге құрбылармен де бөлісіп отырады. Ынтымақтастық: Сабақ барысында топтық жұмысты орындағанда, берілген тапсырмаларды орындағанда олардың ынтымақтаса жұмыс істеуі маңызды. Өмір бойы білім алу: Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін өмірде де қолдану мүмкіндігі айтылып өтіледі. |
|
|
Пән аралық байланыстар |
-физикамен -биологиямен -химиямен Байланыстыра отырып, нақты мәліметтер беру,қосымша ресурстармен жұмыс жасау үшін арнайы сілтемелер беру |
|
|
АКТ қолдану дағдылары |
Презентация, бағалау кестесі көрсетіледі |
|
|
Бастапқы білім |
Цитоплазма органойдтары.Пластидтер мен митохондрия олардың жасушадағы атқаратын қызыметі. |
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 5 минут Қызығушылық ты ояту. 3-мин Миға шабуыл 5 мин Сабақтың ортасы Мағананы ажырату 22 мин |
1.Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. 2.Психологиялық ақуал орнату (шаттық шеңбері Әр оқушы қасындағы досына жақсы тілектер айтады. Санамақ әдісі арқылы 4-топқа бөлінеді. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап алу. Пысықтау сұрақтары: 1.Хлоропластардың құрылысына тоқталыңдар 2. Хромапластар құрылысына сипаттама беріңдер? 3. Лейкопластар құрылысын слайдтан талдаңдар? 4. Митохондрия оның құрылысы,атқаратын қызметі қандай? 5. Хлоропластың құрамындағы нуклеин қышқылдары мен рибасомалардың ролі қандай? 6. Анаэробты тотығу немесе гликолиз дегеніміз не? Жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру Теория бойынша: «Түсіну» Кинометафра әдісі. Электронды оқулықтан жасуша орталығы, рибасомалар олардың құрылысы мен қызметі көрсетіледі. Жигсо әдісі: Оқушыларға тақырыптар таратылып беріледі. 1-топ. Жасуша орталығының құрылысы мен қызметі 2-топ. Жасуша орталығының, жасушаның бөлінуіндегі қызметінің мәні неде? 3-топ. Рибасоманың құрылысы мен қызметі 4-топ. Рибасоманың эукариотты және пракариотты түрлерімен танысып, олардың диаметрін, организмдегі орташа санын, құрамын анықтаңдар? Жаңа сабақ барысы. Теория бойынша: Қолдану I топ. Рибасомадағы ферменттер, магний, кальций, тұздары жасушада қандай қызмет атқарады, слайдтан түсіндіріңдер? II топ. Сандар сөйлейді.180000, 15,0-35,0, 80, 40, 60, 70, 30, 50-70, 55-100. III топ. Мембранасыз органоид рибасомаға постер құрыңдар ІV топ. Төмендегі сұрақтарға дұрыс, бұрыс жауабын беріңдер -Рибосома нәруыз биосинтезін жүзеге асыратын органоид д/б -Рибасома кіші және үлкен бөліктен тұрады д/б -Митохондрияның және хлоропластың рибасомаларының өлшемдері 50S- 60S д/б -Рибасоманың негізгі қызметі- нәруыз молекуласын синтездейді д/б -Оның кіші бөлігінде амин қышқылдары жинақталады. д/б -Жасуша орталығы бір құрамдас бөліктен тұрады д/б -Жіпшелердің көмегімен хромосомалар әрбір жасушаға тең бөлінеді д/б -Жасуша орталығы бөліну арқылы көбейеді д/б Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды. Теория бойынша: «Талдау» I топ. Жасуша орталығының құрылысын талдаңдар II топ. Рибасоманың құрылысын талдаңдар III топ. Жасуша орталығына тест құраңдар ІV топ. Төмендегі кестені толтырыңдар Тыңдап түсінгенін анықтау мақсатында топтық жұмыс әдісі арқылы бір-біріне алмасады. Термин сөздерге түсінік алу. Теория бойынша: «Жинақтау» Тақырыпқа түйін жасаңдар. 3. Дәптермен жұмыс: Қолдану, Қоржынға сөздер салу арқылы жаңа терминдерді жазу, сұрақтарға жауап жазу тапсырмасы беріледі |
Үлестірме қағаздар АКТ Віlim land-сайты. АКТ Віlim land-сайты Віlim land,Twig сайттары, электронды оқулық |
|
Сабақтың соңы
|
Сабақтың сонында оқущыларға бүгінгі белсенді қатысқаны үшін рахмет айтылып, олардан кері байланыс ретінде басбармақ әдісі бойынша қорытынды жасауы сұралады. 1.Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгердің. 2 .Топтық жұмыс кезінде өз белсенділігіңді көрсете алдым деп ойлайсын ба? 3.Бағалау процесі қаншалықты әділ деп ойлайсын ба? Үй тапсырмасына. § 17. Цитоплазма органоидтері: жасуша орталығы, рибасомалар олардың жасушадағы атқаратын қызметі. оқу , суреттерін салу,тапсырмалар орындау,кесте толтыру. Нәтижесі бағаланады. |
Оқушылар бүгінгі сабақтан не үйренгендерін, не білгендерін жазады. Күнделікке түртіп алады |
|
Қосымша ақпарат: |
||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс |
|
Барлық оқушылар сыныппен бірлесе сұхбатқа қатысады және топтық практикалық жұмыс орындайды.Көпшілік оқушылар-сұрақтарға дұрыс жауап береді ,берілген тапсырмаларға мақсат қоя біледі және нұсқауға сәйкес сәтті орындайды,қорытынды жасай біледі.кейбір оқушылар –сұрақтарға нақты жауап береді,болжай біледі. |
- формативті (критерийалды, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау); - суммативті бағалау түрлерін қолданамын. |
- Интерактивті тақта пайдаланамын; - Тәрбиелік мәні жоғары. |
|
Рефлексия - Сабақ мақсаттары\оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? - Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? - Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме? - Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? - Сабақ жоспарына қандай ауытқулар болды,неліктен? |
................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................. |
|
|
Қорытынды бағамдау Сабақтан жақсы өткен екі аспектісі? 1.................................................................................................................................................................. 2.................................................................................................................................................................. |
||
|
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да,оқу туралы да) 1.................................................................................................................................................................2................................................................................................................................................................. |
||
|
|
||
ДОЖЖО: Л.П.Утебаева. Күні:8.11.2018ж
Күні:
Сынып:10
Сабақтың
тақырыбы: Жасушаның химиялық құрамы. Су және басқа бейорганикалық
заттар, олардың жасушаның тіршілік әрекетіндегі рөлі.
Мақсаты:
• “Цитология негіздері” тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап
қорытындылау және бір-бірімен білім алмастыру арқылы толықтыру,
теориялық білімдерін меңгертіп, оны іc- жүзінде қолдануға
үйрету.
• ақпараттану технологиясының әдіс-тәсілдерін белсенді қолдану
арқылы оқушыларды жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу, басқаларды
тыңдау, өз көз-қарастарын дәлелдеп қорғай білу, біліктіліктерін
дамыту.
• оқушылардың ақыл-ойын, ғылыми дүние танымдылығын қалыптастырып,
тірі табиғатпен ізгілікті қарым-қатынаста болуға, экологиялық
мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Құралдар:
• Тірек сызбанұсқалар
• Кестелер;
• Жұмыс парағы;
• Қосымша материал;
• Компьютер;
• Флипчарт
• Бейнефрагменттер
I. Ұйымдастыру.Қызығушылықты ояту
(сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа
аудару)
II.Негізгі бөлім.Мағынаны ашу
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Жұмыс түрі
Уақытты
1.Тарихына шолу
Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар жасушалардан
тұрады.
Цитология
-жасуша туралы ғылым Жасы -100жыл, ал термин «жасуша»- 300 жыл.
Цитологияның дамуы ұлғайтқыш құралдарының пайда болуымен, дамуымен
байланысты.
1838 ж-Шлейден және Шванн -жасуша теориясының негізін
қалады
1858 ж - Вирхов –жаңа жасуша жасуша бөлінуінен пайда
болады
Бэр –барлық тірі ағзалардың дамуы жасушадан басталады
Биологиядағы маңызды теорияның бірі-жасуша теориясы Жасуша
теороияның негізгі қағидалары
I. Барлық тірі ағзалар жасушадан тұрады
II. барлық ағзалардың жасушалары құрылысы және химиялық құрамы
бойынша ұқсас
III. Жасушалардың көбеюі бөліну арқылы өтеді
IV. Ядросына қарай жасушалар прокариоттар және эукариоттар болып
екіге бөлінеді
V. Жасуша-тіршіліктің негізі
Ауызша
мин
2.Жасуша тіршіліктің негізі
бактерия, саңырауқұлақ, өсімдік және жануар жасушалары
болады.
Олардың құрылысы-?
I:Жасушаның негізгі...
А)бөліктері
В)цитоплазмадағы органоидтары
С)қасиеттері
II.нұсқа: Өсімдік және жануар жасушаларының құрылысын
салыстыру.
III нұсқа: Бактерия және саңырауқұлақ жасушаларының құрылысын
салыстыру. Тақтамен жұмыс
Қосымша №1
Қосымша №1
мин
3. Жасушаның химиялық құрамы.
Жасушаларынң құрылысында айырмашылығы болғанымен, барлық
жасушалардың химиялық құрамы ұқсас
Жасуша құрамында 80-ге жуык химиялық элементтер болады. элементов.
Мөлшеріне қарай: макроэлементтер(C,H,O,N) және микроэлементтер
(йод, бром, селен...).
Кейбір элементтер бейорганикалық және органикалық қосылыстарының
құрамына кіреді
Бейорганикалық заттар:су, минералды тұздар .Органикалық – нәруыз,
майлар, көмірсулар, нуклеин қышқылдары, АТФ. Су маңызды зат.Су
–заттар гидрофобты және гидрофилді. Су химиялық реакцияларға
қатысады. Керек емес заттардың жасушадан бөлуіне , жасушаның
ішіндегі заттардың қозғалуына қатысады.
Минералды тұздар катион түрінде болады (K+,Na+,Ca2+,Mg2+) және
анион түрінде (HPO42-, H2PO4-, Cl-) олардың мөлшері қышқылдық
ортаны қамтамасыз етеді
Органикалық заттардың маңызы:
1. Барлық қосылыстар энергия береді (көмірсулар, майлар,
нәруыздар);
2.Барлығы құрылымдық қызмет атқарады;
3. Барлығы тұқымқуалау ақпаратты сақтауға, тасымалдауға
қатысады
4. Жасушадағы зат алмасуды қамтамасыз етеді Тірек
конспект
тәжирібе мин
мин
4. Жасуша -тіршілік негізі
Жасушадағы маңызды процесс-зат және энергия алмасу.
1.Пластикалық алмасу
А)Нәруыз биосинтезі
В)Фотосинтез
Фотосинтез-тіршілік үшін аса маңызды процесс. Неге?
Қорытынды:
Пластикалық және энергетикалық алмасу процестері тығыз байланысты.
Жер бетіндегі тіршіліктің негізі-автотрофтар. Органикалық заттардың
түзілуіне қажетті энергия. Пластикалық алмасу – энергия жұмсалумен
өтетін реакциялар жиынтығы
1.Нәруыз биосинтезі
Рибосомаларда өтеді.
Нәруыз құрамы туралы ақпарат ДНҚ-да болады. Осы ақпаратты ДНҚ-дан
рибосомаларға РНҚ жеткізеді.
АТФ – биосинтезді энергиямен қамтамасыз етеді.
Ферменттер – нәруыз молекуласының түзілуімен тездетеді
2.Фотосинтез – бұл да пластикалық алмасу
Автотрофтар-өсімдіктер және көк-жасыл балдырлар. Өсімдіктер өздері
бейорганикалық заттардан органикалық заттарды түзеді.
Жер бетіндегі барлық өсімдіктер 1жылда -170млрд тонна органикалық
заттар түзеді
Сонымен қатар ауаға оттегі бөлінеді Сызбанұсқа
лармен жұмыс
Бейнефраг
мент
«Нәруыз»
Бейнефраг
мент «Фотосинтез» мин
III.Бекіту
Тест жұмысы 12мин
IV.Бағалау 2 мин
V.Үй тапсырмасы: §20,21 тапсырма 5
1 нұсқа
I:Жасушаның негізгі...
А)бөліктері(мембрана, цитоплазма, ядро)
В)цитоплазмадағы органоидтары(вакуоль, пластидтер, лизосома, ЭПТ,
рибосома, митохондрия, Гольджи жиынтығы..)
С)қасиеттері(зат және энергия алмасу, тітіркенгіштік,
көбею...)
2 нұсқа
Өсімдік жасушасы Жануар жасушасы
Жасуша мембранасы
Жасуша мембранасы целлюлозадан тұрады, берік болады Мембрана
нәруыз, майдан тұрады,
иілгіш, серпімді
Ядро
1 1, немесе бірнеше
Жасуша орталығы болмайды Жасуша орталығы болады
Цитоплазмадағы органоидтары
Пластидтер, вакуолдер болады Митохондриялар бар, кейбір түрлерінде
ғана вакуолдер болады
Қорға жиналған қорек заттар
Крахмал, майлар Гликоген, майлар
Энергия түзілуі
Фотосинтез Органикалық заттардың тотығу барысында
Өсуі
Өмір бойы Көпшілігінде, жас кезінде ғана
Ұлпа
Жабын, тірек, өткізгіш,негізгі, бөліп шығарушы Эпителий, дәнекер,
бұлшық ет, жүйке
3-нұсқа
Бактерия жасушасы Саңырауқұлақ жасушасы
Қабықшасы сілеймелі Қабықша құрамында -хитин
Ядросы жоқ 1-30 ядро болуы мүмкін
Фото-хемоинтез болуы мүмкін -
Қорға жинайды: крахмал, гликоген, майлар, күкірт, полифосфат
Гликоген,нәруыз
Зат алмасу
Ашу, фотосинтез, тыныс алу арқылы өтеді Қорек заттардың ыдырауы
арқылы
Өседі өмір бойы
Ұлпалары жоқ
Тапсырма:Тақтада берілген органоидтардан жасушаны
құрастыру.
Тақтамен жұмыс:1.Жасуша органоидтарынан өсімдік жасушасын
жинау.
2.Жануар жасушасына өзгерту
3.Бактерия жасушасына өзгерту.
4.Саңырауқұлақ жасушасына өзгерту..
Қорытынды: Әр топқа жататын ағзалардың жасушаларының құрылысында
ұқсастығы да
айырмашылығы да бар.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген