400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

CLIL - ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ОҚЫЛЫМДЫ ҮЙРЕТУДЕГІ ҚОЛДАНЫСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Берілген ғылыми мақалада CLIL технологиясының негізгі мақсаты мен міндеті, тіл мен пәнді кіріктіріп оқытуда қолданылатын технологиялар және оқылымды үйретудегі қолданысы қарастырылған. Талқылаудың нақты тақырыбы - CLIL – технологиясының оқылымды үйретудегі қолданысын. Осы мақалада біз оның шет тілінде оқудың теориялық негіздерін қарастырамыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы


МРНТИ: 14.35.09


CLIL - ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ОҚЫЛЫМДЫ ҮЙРЕТУДЕГІ ҚОЛДАНЫСЫ


Кажиева Айдана 1

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті,

1 2 курс магистранты

Қазақстан

taskynbaeva92@mail.ru


2 Ғылыми жетекші: к.ғ.д., аға оқытушы

Кущегалинова А.К.2


Аңдатпа

Берілген ғылыми мақалада CLIL технологиясының негізгі мақсаты мен міндеті, тіл мен пәнді кіріктіріп оқытуда қолданылатын технологиялар және оқылымды үйретудегі қолданысы қарастырылған. Талқылаудың нақты тақырыбы - CLIL – технологиясының оқылымды үйретудегі қолданысын. Осы мақалада біз оның шет тілінде оқудың теориялық негіздерін қарастырамыз.

Тірек сөздер: Тілді кіріктіріп оқыту, білім беру, оқытудың мазмұны, үштілдік білім беру, оқылымды үйрету.


ИСПОЛЬЗОВАНИЕ CLIL-ТЕХНОЛОГИИ ПРИ ОБУЧЕНИИ ЧТЕНИЮ НА ИНОСТРАННОМ ЯЗЫКЕ


Кажиева Айдана 1

Казахский Национальный педагогический университет

имени Абая 1Магистрант 2 курса

Казахстан

taskynbaeva92@mail.ru


2 Научный руководитель: к.ф.н., старший преподаватель

Кущегалинова А.К.2


Аннотация

Данная научная статья рассматривает основные цели и задачи технологий CLIL, технологий используемые в предметно-языковом интегррованным обучений, а так же, использование его при обучении чтению на иностранном языке. CLIL – описание методов обучения предмета через иностранный язык. В данной статье мы затронем теоретические основы обучения чтению на ИЯ.

Ключевые слова: Языковое интегрированное обучение, образование, содержание образования, трёхъязычное образование, обучение чтению на ИЯ.


USING OF CLIL – TECHNOLOGY IN TEACHING READING


Kazhiyeva Aidana 1

Abay Kazakh National Pedagogical University,

1Master Degree 2 course

Kazakhstan

taskynbaeva92@mail.ru


2Supervisor: Candidate of Philology,

Senior Lecturer Kushegalinova A.K.2


Аbstract

The article deals with the the main goals and objectives of CLIL technologies, technologies used in content language integrated learning, as well as four types of language activities. The specific subject of discussion - CLIL technology in teaching reading - description of methods of teaching reading through a foreign language. In this article, we will discuss the theoretical foundations of reading.

Keywords: language integrated learning, education, content of education, trilingual education, CLIL.



CLIL технологиясы – пән мазмұны мен тілді бірлесе оқыту технологиясы. «CLIL» терминінің қолданыста жүргеніне айтарлықтай уақыт болмағанымен (1994 жылы), ол жаңа құбылыс болып табылмайды. Адам баласы көп тілді қоғамда өмір сүріп келеді. Көп тілді меңгеру қоғамда өмір сүру құралы болып табылады. «CLIL» терминін 1994 жылы ғылыми айналыска Девид Марш оқыту жағдайларын белгілеу үшін пәндер немесе жеке бөлімдері «қосымша» тілде жүргізілуі үшін енгізген болатын. Мұндай оқытудың мақсаты бір уақытта оқытылатын пән мен тілді оқыту болып табылады, яғни мұнда тіл оқу объектісі ретінде емес, басқа пәндерді білу құралы ретінде қарастырылады. CLIL әдісі тілге бағытталмаған пәндердер мен осы пәнді оқытудағы тілдің даму шеберлігіне бағытталған. CLIL әдісі оқушылардың мәдени біліктілігін, тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді, ал бұл қазіргі қоғамда жұмыс берушілердің ең қажет ететін дағыларының бірі болып табылады.

CLIL әдісін еліміздің көптеген білім ордалары оқыту үрдісінде қолданып жатыр. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде де бұл әдісті кеңінен қолданылуда. Өйткені, кейбір пәндер оқушылардың ана тілінде жүргізілмейді. Сондықтан пәнді оқытудағы тіл – екінші тіл болып табылады. Оқушы осы тілде пәнді түсіне отырып, өз ойын екінші тілде жеткізе білуі қажет.

Жалпы CLIL әдісінің негізгі принциптерін анықтауда бес аспект белгіленді. Оның әрқайсысы оқушының жас ерекшелігіне, әлеуметтік-тілдік ортасына және CLIL әдісіне тереңдеу деңгейіне байланысты жүзеге асады:

  • мәдени аспект;

  • әлеуметтік аспект; 

  • тілдік аспект;

  • пәндік аспект;

  • оқыту аспектісі 

Осы әдісті тәжірибеде қолдану оның оң тұстарын айқындауға мүмкіндік берді. CLIL әдісінің ең негізгі оң тұстарының бірі екінші тілді меңгеруге оқушының талпынысы болып табылады. Бұдан басқа оқушы екінші тілде оқи отырып, оның мәдениетін тереңірек білуіне мүмкіндік алады. Пәнді оқи отырып, оқылып жатқан тақырыптарға сай терминдерді қайталау барысында, оларды өз ой пайымдауларында қолдана отырып, оқушының белгілі пән бойынша сөздік қорының молаятындығына көзім жетті. Тілдік дағдыны қалыптастырумен қатар CLIL әдісі мұғалімнен сабақтың өтілуіне байланысты жаңа тәсілді талап етеді.

Мұғалім оқу материалын берерде, жұмысты ұйымдастырғанда түрлі формаларды қолдануы, оқушының шығармашылық және жеке іс-әрекетіне назар аударуы қажет. Бұл оқушының пәнді оқуына деген қызығушылығы мен ынтасын оятары сөзсіз.

Мұғалім кәсіби даму мақсатын оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру негізінде ала отырып, топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру барысында әртүрлі формадағы тапсырмаларды дайындауды дағдыға айналдырады.

Әсіресе, карточкаға жазылған түрлі терминдерді сипаттау арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысының қалыптасуы байқалады. Қандай да болмасын оқылып жатқан тақырыпқа байланысты тапсырма құрастыру кезінде әрдайым көмекші терминдер үлестіріліп немесе мұғалім қадағалап айтып отырса, оқушы жадында терминдердің жатталуы сөзсіз, әрі оқушы осы пән бойынша өз ойын академиялық тілмен жеткізетін болады.

CLIL әдісін қолдану оқушыға сабақ барысында тілдік дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік берсе, мұғалімге оқушыларды үштілділік бойынша қолдауға мүмкіндік береді.

CLIL әдісін қолдану барысында: әр сабақтың пәндік және тілдік мақсаттары болуы керек, мұғалім оқушылардың сол мақсаттарға жетуін қадағалауы қажет, сабақта тірек сөздермен жұмыс жасалуы қажет, айтылым, жазылым, тыңдалым және оқылым дағдылары дамытылуы қажет, белсенді оқу әдістерін қолдану қажет.

CLIL әдісін қолдану барысында тапсырмалар: мақсатқа бағытталған, оқушылардың тіл деңгейлеріне сай, орындауға қызықты, ынталандыратын, бір-бірімен логикалық түрде байланысқан болуы қажет.

Үш тілді бірдей меңгеру әрбір қазақстандық жастың міндеті. Қазіргі білім беру саласында да үштілділікті енгізу жаппай қолға алынуда. Біздің мақсатымыз - жан жақты, бәсекеге қабілетті, көптілді білетін, қазіргі заманға сай маманды даярлау. Осы мақсатта мен де, болашақ іс жүргізуші мамандардың үш тілді қатар меңгеруі бастамасын жүзеге асыруды мақсат еттім. Өз сабақтарымды CLIL технологиясын басшылыққа ала отырып өткіземін.

Мысалы, 0510000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығының 3курс студенттеріне мұрағаттану пәнінен CLIL технологиясы арқылы өткізілген сабақта оқушылардың ағылшын тілінде оқу, сөйлеу дағдысын жетілдіру үшін үй тапсырмасы үш тілде компьютерленген тест тапсырмасы арқылы тексерілді. Лайықты деңгей тапсырмасында сабақта кездесетін жаңа сөздермен танысып, терминдер бойынша сәйкестендіру тест тапсырмалары орындалды. Жоғары деңгейде тапсырма ретінде мәтінмен жұмыс жасалып, «Сен-маған, мен-саған» ойыны арқылы бір-біріне ағылшын тілінде сұрақтар қойылды. Кейін Ұлттық мұрағатта түсірілген бейнефильм көрсетіліп, сол бойынша берілген сөйлемдерден шын мен жалған ақпаратты табу көзделді. Сабақ үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сұрақтар қойылатын «Ғажайып үштік» және «Полиглот» ойындарымен бекітілді.

Білімді толық игеру үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуіне, өз ойын ашық және толық айтуға үйрету, ой-өрісін кеңейту – оқытудың ең басты мақсаты. Әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай білім, дағды алатындай етіп оқытуымыз дұрыс.

Елімізде білім беру мазмұны жаңарып, «Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL): қадамнан қадамға» әдістемелік нұсқаулық оқытудың жаңашыл көзқарас пайда болуын қалыптастырады.


Мұғалім өз ісінің маманы болуымен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып  жатқан  өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау  жасай  білетін  маман  болуы  шарт.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының: «Бала оқытуды жақсы білейін деген  адам  әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы  білуі керек» деген  тұжырымында  «Шығармашыл ұстаз шығармашыл шәкірт дайындайды» деген ой айқын аңғарылады.

Дәстүрлі білім жүйесі нақты теориялық білімге, есте сақтау, репродуктивті білімге негізделген. Бұл үдеріс жаһандық заманның сын-тегеуріндеріне жауап бере алмайды. Осы мақсатта кіріктірілген оқу бағдарламасы құрастырылған болатын. Кіріктірілген оқу бағдарламасы спиральдік қағида негізінде құрастырылды [1]. Оқушыларда білім мен түсінік қалыптастырып, тарихи концептілерді негізге ала отырып, дағдыларды, тарихи ой-сананы дамытуға бағытталған. Мысалы, оқушыларда мәдениет туралы базалық білімдері бар, атап айтсақ, бірінші тоқсанда оқушылар Қазақстан аумағында ерте ортағасырлық мемлекеттердің пайда болуы мен ыдырау себептерімен, олардың рухани және материалдық мәдениетімен танысып, екінші тоқсан тақырыбында оқушылар дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттердің рухани және материалдық мәдениетімен танысып, ерекшеліктерін анықтады. Яғни бағдарламада қарастырылғандай, тақырыптар арасында бірізділік пен сабақтастық байқалады. Оқушыларда мәдениет тақырыбы бойынша білімдері мен дағдылары тоқсан сайын, жыл сайын толықтырылып отырады.

Кіріктірілген оқу бағдарламасының бір ерекшелігі пән мен тілді кіріктіріп оқыту. Ол дегеніміз Қазақстан тарихы, география пәндерін екінші тілде орыс сыныптарында қазақ тілінде өткізу. Басты мақсаты пән арқылы тілдік құзыреттілікті дамыту болып табылады. Пән мен тілді кіріктіріп оқыту CLIL әдістері арқылы жүзеге асырылады. Сабақты құру барысында міндетті түрде CLIL-дің бірқатар әдістерін қолданамын. Мысалы, диктоглосс, терминологиялық диктант, сөйлейтін карта, ақпараттық кеш, мәтінмен жұмыста әр азат жолға тақырып беру, ол оқушының мәтінді ықшамдап, терең түсінуіне ықпал етсе, мұғалімге шәкірттің қаншалықты мағынаны түсінгендігін байқауға көмек береді [2]. Аймақ ерекшелігіне байланысты тілді меңгерту қиынға түсті. Алайда, уақыт өте келе, оқушылардың тілдік құзыреттіліктерін дамытып, академиялық тілде сөйлеулеріне мүмкіндік туындады. Бұл жұмыс мұғалім мен оқушы тарапынан үлкен еңбекті қажет етті.

Пән мен тілді кіріктіріп оқыту мұғалімдері кей кезде оқушыларының ауызекі тілде (қазақ/орыс/ағылшын тілінде) еркін сөйлескенімен, академиялық тілді қиын түсінетіндігіне таңдануы мүмкін. Пән мен тілді кіріктіріп оқыту контекстінде оқушылар түрлі жаңа мәлімет (input) алады. Кaмминс мұндай жаңа мәліметті екі түрге бөледі және екі түрлі тіл аспектілерін анықтайды: ауызекі және академиялық. Бұл аспектілерді баяндау үшін ол BICS (Basic interpersonal communicative skills) Базалық тұлғааралық коммуникативтік дағдылар,CALP(Cognitive academic language proficiency) Тілді меңгерудің танымдық академиялық дағдылары терминдерін қолданады [3].

Пән мен тілді кіріктіріп оқытуда тиімді әдіс-тәсілдермен бөліскім келіп отыр. Пән мен тілді кіріктіріп оқытудың өзара тығыз байланысты 4 негізгі қағидаты бар. Олар мазмұн (content), яғни, CLIL әдісі бойынша тіл тілді үйрену үшін ғана емес, мазмұн арқылы пәндік білімдерді дамыту болып табылады [4]. Оны келесі тапсырма арқылы байқауға болады. Тыңдалған бейнематериалға сай келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:

CLIL әдісін қолданатын мұғалім тек пән мұғалімі немесе тек тіл мұғалімі болмауы тиіс, керісінше, пән мен тілді қатар оқытуы керек. Бұл әдіспен оқытудың ерекшелігі, мұнда түрлі оқыту жағдайларда сабақ және оқу мақсаттарының берілген кезеңіне тиісті тілді пайдаланып, сабақты өткізу екі тілде жүзеге асырылады.

Педагог оқытудың жаңа әдістерін барынша жетік меңгеріп, неғұрлым шығармашылығы жоғары болса, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі соғұрлым кең болмақ. Қазіргі заманауи талапқа сәйкес өзіндік көзқарасы бар жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мұғалімдер үшін маңызды мәселе болып отыр. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тірегі етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр оқу орнының жауапкершілікпен атқаратын міндетінде.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Усманова З. Ф., Заяц Т. В., Мукажанова Г. Ж. Реализация технологии CLIL в условиях полилингвального обучения // Филология и лингвистика в современном мире: материалы I Междунар. науч. конф. (г. Москва, июнь 2017 г.). — М.: Буки-Веди, 2017. — С. 94-97.

  2. Кіріктірілген оқу бағдарламасы Қазақстан тарихы Негізгі мектепке (7-10 сынып) арналған оқу бағдарламасы: наурыз, 2016 ж., 46б.

  3. CLIL әдісіне негізделіп құрастырылған сабақтар үлгілері. Әдістемелік нұсқаулық: Астана, 2013ж., 51б. Liz Dale, Wibo van der Es, Rosie Tanner. Clil skills: Leiden, 2010, 258p.

  4. Байханова Л. А. Іс-әрекеттегі зерттеу: пән мен тілді кіріктіріп оқытуды қалайша жүзеге асыруға болады? // Молодой ученый. — 2017.













Конференцияға қатысушының өтініші:

Өтініш

1

Баяндамашының тегі, аты-жөні (толығымен)

Кажиева Айдана Талгатбековна

2

Жоғары оқу орнының атауы

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

3

Мекемесі, оқитын курсы, мамандығы

Филология және көптілді білім беру институты. Шетел тілдері кафедрасы. 7М0119- Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының

2 курс магистранты

4

Мекен-жайы (индексі көрсетілуі міндетті)

Алатауский район, мкр. Айгерим-1, ул. Бокина, дом 48. Индекс: A00A2H1

5

Телефон, факс (халықаралық байланыс кодымен)

+7(775)1943407; +7(727)297-68-38

6

Баяндаманың тақырыбы

CLIL – технологиясының оқылымды үйретудегі қолданысы

7

Секцияның атауы

«Гуманитарлық ғылымдар»

8.

Керекті техникалық құралдар


9.

E-mail

taskynbaeva92@mail.ru




6


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
579
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі