жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
CLIL- пәндік тілдік кіріктіріп оқыту технологиясы сабақтарда
Түркістан облысы,Түлкібас ауданы ,
Таусағыз ауылы Г.Титов атындағы
жалпы орта мектебінің
биология пәнінің мұғалімі
Сейдахмет Дінмухамбет Әлжанұлы
CLIL- пәндік тілдік кіріктіріп оқыту технологиясы сабақтарда
«Біз үштілділікті дамыту қарқынын үдетіп отырмыз. Бұл ойдан шығарған дүние емес, қажеттілік. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 20 пайызы ағылшын тілін меңгерді. Яғни, үш тілді меңгеру, білу - бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Бұл адамның өмірдегі табыстылық, жетістік принцпі. Жаһандық әлемде біздің балаларымыз «Планета азаматы» болады. Сондықтан да олар әлемнің кез келген өңірінде жұмыс істеп, күнін көре алатын болады. Яғни, бүгінгі күрделі әлемде біздің балаларымыз өздерін «судағы балықтай» сезінуі керек, біз соған жағдай жасап жатырмыз»
Н. Ә. Назарбаев
Жаңартылған білім бағыттардың бірі — оқыту үрдісін технологияландыра отырып, білімнің кепілдік нәтижелеріне жету. Ол үшін оқыту үрдісін өзгерте отырып, мұғалім шығармашылықпен жұмыстануы керек. Өйткені бұрын оқушы білімді қабылдаушы, жинақтаушы, өзіне сіңіруші рөлдерін атқарса, ал қазіргі жаңа талап өздігімен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады. Жеке тұлғаны осы рөлдерді атқаруға лайықтау үшін оның жаңа бейнесін заман талабына сай дайындауымыз қажет.
Мұғалім өз ісінің маманы болуымен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау жасай білетін,пікір білдіре алатын маман болуы шарт.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек» деген тұжырымында «Шығармашыл ұстаз шығармашыл шәкірт дайындайды» деген ой айқын аңғарылады.
Адамның өз ана тілін қанық білуімен қатар өзге бір ұлттың тілін жетік игеріп, сол ұлт азаматтарымен өзара түсінісе алатыны үлкен біліктіліктің белгісі деуге болады. Өзге бір ұлттың тілін білетін адам сол халықтың ішкі жан-дүниесін түсініп, барлық мәдени құндылықтарымен танысу орайына ие бола алады. Азаматтарымыздың қазіргі ай сайын алға қадам басып, күн сайын жаңарып, тез қарқынмен дамып бара жатқан өзгерістерге толы өмірге ойдағыдай сәйкесуі үшін қос тілді болып қана қалмай, сонымен қатар көп тілді болуы басты қажеттіліктің біріне айналуда.
Қазіргі уақыт білімнің дамуы адамдардың көптілді білу қажеттігін туындатып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан мектептерінде информатика, физика, биология және химия пәндерін ағылшын тілінде оқыту қолға алынып жатыр. Бұл бір жағынан қиын болғанымен, қажеттіліктен туындап отыр. Биология пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге қызығушылықтары артады. Сабақ барысында қосымша берілетін биологиялық терминдер сөздігі оқушының сөздік қорын қалыптастыруда өз көмегін тигізеді.
Сабақ процесінде жаңа технологиялық әдістерді пайдалануда техникалық құрылғыларды қолдану кезінде ағылшын тілін білу өте маңызды.Биология пәнін ағылшын тілінде үндестіре отырып оқыту - өмірден өз орнын тандай алатын өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез - келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, өзге дамыған елдермен білім бәсекелестігіне түсе алатын, еліміздің биология саласын дамытуға үлес қоса алатын, көптілді және көп мәдениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептерде көптілді білім бере отырып тілді терең меңгерген шәкірттер білім алып шығуы тиіс. Бір жағынан мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту болса, екінші жағынан ағылшын тілін жаһандану экономикасындағы ғылыми - ақпарат алудағы желісін кеңейту болып табылады.
Биология пәнін ағылшын ағылшын тілі пәндерімен кіріктіре өткізудің қажеттілігі:
пәнді ағылшын тілімен кіріктіру арқылы бүгінгі оқушы,ал ертеңгі маман иесі өзге елдердің мамандарымен бәсекелесуге қабілетін арттырады,өзге мемлекеттердің мамандарынан үйренуге жол ашады;
биология пәнінде қолданылатын негізгі терминдердің ағылшын тілдеріндегі аудармаларымен бірге үйрету, глоссариймен жұмыс істеу;
ақпарат көздерін пайдалану,ондағы мәліметтерді үш тілде пайдалану;
пәнаралық кіріктіру, мазмұн сабақтастығын сақтай отырып үш тілдің үндесуін қамтамасыз ету.
Жалпы орта білім берудің мақсаттары өзгерді, жаңа оқу жоспарлары және пәндерді кіріктіріп оқытудың жаңа тәсілдері әзірленуде. Ал білім беру мазмұнын жаңарту оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістері мен түрлерін,сондай-ақ түрлі пәндерді кіріктіріп оқыту сабақтарын қолдануды талап етеді.Сол себепті де білім берудің жаңа технологиялары пайда болуда, олардың бірі – CLIL пәндік-тілдік кіріктіріп оқыту технологиясы.
Кіріктіріп оқыту дегеніміз: – біріншіден сабақта пәнаралық байланыстарды дамытуды және тереңдетуді, олардың ғылымаралық байланысының түп нұсқасы, яғни түрлі пәндерді оқытуды қиыстырудан, олардың өзара терең байланысуына өтуді қарастыру болып табылады, екіншіден жекелеген пәндер бойынша білімді біріктіретін, ұштастыратын жүйе, осының негізінде балалардың әлемді тұтастықта қабылдау қалыптасады, үшіншіден оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға, танымдық белсенділіктері мен қызығушылықтарын, өз бетінше жұмыс істеуіне ықпал етеді, түрлі ғылым слаларына қатысты білімді қорытындылауға бағыттайды. CLIL оқу бағдарламасын басқа тілмен кіріктіре отырып беру әдістемесі болып табылады. Қазіргі жаһандану, техникаландыру заманында, яғни әлемнің ғылымындағы, өнеріндегі және технологияларындағы дамуды оқушылар басқа тілді меңгеру барысында біле отырып, өз тілінде сол дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.Бұл оқушыларға шет тілін оқытумен салыстырғанда көптеген жаңа бағыттар береді, себебі, мұнда оқушы тілмен қатар пәнді қоса меңгереді. Мұнда оқу мен ойлау дағдылары біріктірілген.
CLIL сонымен қатар оқытушыға да жаңа талаптар қояды.CLIL әдістемесін жүзеге асыратын мұғалім: пән мұғалімі; тіл мұғалімі; сыныптағы негізгі мұғалім; сынып көмекшісі рөлінде бола білуі керек. Мұғалімнің алдынан кездесетін қиындық ол өз пәнін жетік білумен қатар, оқушыларына қажетті тілді де жоғары деңгейде білуі. Бұл жерде пәнаралық байланысты пайдаланған өте тиімді, мысалы, шет тілі пәні мұғалімдерімен біріге отырып жұмыс жүргізу.CLIL әдістемесін әртүрлі жастағы оқушыларға олардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдау арқылы қолдануды жүргізуге болады.
CLIL дегеніміз Content and Language Integrated Learning білдіреді–бұл
шет тілдің басқа оқу пәндерімен кіріктіріліп оқытылуын көздейді.
CLIL - екі мақсатты көздейтін оқыту әдістемесі: 1. Екінші немесе үшінші тіл арқылы пәнді оқыту 2. Пән арқылы тілді оқыту.CLIL әдісін қолданатын мұғалім тек пән мұғалімі немесе тек тіл мұғалімі болмауы тиіс, керісінше, пән мен тілді қатар оқытуы керек. Бұл әдіспен оқытудың ерекшелігі, мұнда түрлі оқыту жағдайларда сабақ және оқу мақсаттарының берілген кезеңіне тиісті тілді пайдаланып, сабақты өткізу екі тілде жүзеге асырылады.
CLIL - тіл мен пәнді кіріктіру әдісі. Оқытудың бұл түрі екінші немесе үшінші тіл арқылы белгілі бір ғылымды үйрену, пән арқылы тілді меңгеру, яғни бұл әдіс арқылы пәндік және тілдік мақсаттарға қол жеткізу.
CLIL әдісі 4 бағытта жүзеге асады. Олар: Content (мазмұн) пәннің мазмұны түсіндіріледі, Commuication (қарым-қатынас) тілдік қарым-қатынас жүзеге асырылады, Cognition (ойлау қабілеттері) пәнді игеруде тілді қолдану, Culture (мәдениеттанымдық) сөйлеу, өз іс-әрекетіне баға беру, игеріліп отырған тіл тарихы және оны қолданатын ұлттың мәдениетімен танысу. CLIL әдісі арқылы білім сапасын көтерумен қатар екінші немесе үшінші тілді уақытты үнемдеу арқылы үйреніп, білім сапасын көтеруге мүмкін болады.
CLIL әдісі арқылы оқытуда күтілетін нәтижелер:
- полимәдени тұлға тәрбиеленеді;
- тілдік құзыреттілік дамиды;
- білім сапасын арттыруға ықпал жасалады;
- функционалдық сауаттылық дамиды;
- пәнаралық қоғамдастық қалыптасады.
CLIL әдісінін артықышылықтары
Дәстүрлі емес сабақ
Жоғары қызығушылық
Ойлау белсенділігін ынталандырады
Оқушылар, талдау, салыстыру арқылы пәндер арасындағы байланыстарды іздейді
Тілдік ортаға енеді
Сөздік қорын жаңа лексикамен, тілдік құрылымдармен, пәндік терминдермен толықтырады
Қолдануға жаңа білім мен дағдыларды дайындайды
Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін арттырады.
CLIL әдісін қолдану мұғалімнен нені талап етеді:
Пәндік білімін жетілдіруді;
ресурстарды кеңінен қолдануды;
сабағын тиянақты жоспарлауды;
кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыруды талап етеді.
CLIL әдісін қолдану барысында:
әр сабақтың пәндік және тілдік мақсаттары болуы керек;
мұғалім оқушылардың сол мақсаттарға жетуін қадағалауы қажет;
сабақта тірек сөздермен жұмыс жасалуы қажет;
айтылым, жазылым, тыңдалым және оқылым дағдылары дамытылуы қажет;
белсенді оқу әдістерін қолдану қажет.
CLIL әдісін қолдану барысында тапсырмалар:
мақсатқа бағытталған;
оқушылардың тіл деңгейлеріне сай;
орындауға қызықты;
Ынталандыратын;
бір-бірімен логикалық түрде байланысқан болуы қажет.
Өз сабақтарымды CLIL технологиясын басшылыққа ала отырып өткіземін.CLIL технологиясы арқылы өткізілген сабақтарда оқушылардың ағылшын тілінде оқу, сөйлеу дағдысын жетілдіру үшін үй тапсырмасы үш тілде ZipGrade QuestionV2, PlickersCards_2up, PRINTABLE WORKSHEETS, CLOZE/ FILL IN THE GAPS, MATCH-UP WORKSHEET MAKER, iSpring Suite бағдарламасы арқылы жасалған түрлі тапсырмалар арқылы және «Өзеңге апаратын тастар» әдісі арқылы тексеріледі. Сабақ үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сұрақтар қойылатын «Ғажайып үштік» және Tarsia бағдарламасы арқылы жасалған қима қағаздарды алып белгілі бір фигура құрастыру ойындарымен бекітіледі. Білімді толық игеру үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуіне, өз ойын ашық және толық айтуға үйрету, ой-өрісін кеңейту – оқытудың ең басты мақсаты. Әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай білім, дағды алатындай етіп оқытуымыз керек.
Менің ойымша, жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту жаңа мағлұматтарға жол ашады. Жастар заман көшінен қалмай бірге жүре алады деп санаймын. Бүгінгідей ақпараттық технология өркендеп тұрған заманда оған толық мүмкіндік бар. Осы бір жаңашыл қадам кейін шәкірттеріміз бізге алғыс айтатындай бағдарлама болады деп ойлаймын.
Қорыта айтқанда: Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев: «Білім беру ісі – біздің мемлекетімізде басты басымдық, дамуымыздың шешуші факторы», дей келе, еліміздің ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеп отырғандығы белгілі. Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда тілдік білім беру жүйесін енгізу жағдайында еліміздің барша педагог қауымына сәттілік тілеймін. Жауапты міндетті сапалы атқару –сіз бен біздің еншімізде!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген