400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

CLIL – Қазақстанда үштілді оқытудың педагогикасы ретінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге CLIL әдісінің тиімділігі туралы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сарбасова Калдыкул Камбаровна

Кентау қаласы, 072 топ

17 қараша, 2017


CLIL – Қазақстанда үштілді оқытудың педагогикасы ретінде


XXI ғасырда маңызды бола алатын жалғыз

дағды – бұл жаңа дағдыларды меңгеру дағдысы.

Әр нәрсе уақыт өте ескіреді.

Питер Друкер

Білім беру бағдарламалары Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» құндылықтар жүйесінің негізінде құрылуда. Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді Мемлекет ретінде тануы керек. Бүгінгі әлемде білім беру ісіндегі жоспарлаудың маңыздылығын айта келіп, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев былай дейді: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білімінің көрсеткішімен белгіленеді». Білімдену жүйесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу әдістеріне тәуелді.

Мен Лаура Карабасованың «CLIL - Қазақстанда үштілді оқытудың педагогикасы ретінде» атты лекциясын тыңдай отырып, адам баласы көп тілді қоғамда өмір сүретіндіктен, көп тілді меңгеру - қоғамда өмір сүру құралы болып табылатындығын түсіндім.

«CLIL» терминін 1994 жылы ғылыми айналысқа Девид Марш оқыту жағдайларын белгілеу үшін пәндерді немесе жеке бөлімдерді «қосымша» тілде жүргізілуі үшін енгізген болатын. [1,2]. Яғни, CLIL(Content and Language Integrated Learning) – пәндердің кіріктіріліп оқытылу әдісі. CLIL технологиясы бойынша оқытудың мақсаттары:

  • Оқытылатын пән арқылы шет ел тілін зерделеу;

  • Пәнді шетел тілі арқылы зерделеу.

CLIL әдісі оқушылардың мәдени ынтымақтастығын, білімін, тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді, ал бұл қазіргі қоғамда жұмыс берушілердің ең қажет ететін дағыларының бірі болып табылады.

Кіріктірілген бағдарлама бірнеше құндылықтарды негізге алады. Олар:

  • құрмет;

  • әріптестік;

  • азаматтық жауапкершілік қалыптастыру;

  • ашықтық;

  • өмір бойы білім алу.

Лекциядан түйгенім, CLIL әдісінің артықшылығы оқушы ағылшын тілін меңгеруге талпынады. Яғни, оқушы екінші тілде оқи отырып, оның мәдениетін тереңірек білуіне мүмкіндік алады. Пәнді оқи отырып, оқылып жатқан тақырыптарға сай терминдерді қайталау барысында, оларды өз ой пайымдауларында қолдана отырып, оқушының белгілі пән бойынша сөздік қоры молаяды.

Біз мұғалімдер қауымы жаңа материалды игеру барысында үштілділікті енгізе отырып, оқушыларға түрлі органайзерлерді көрсетіп, оларды сипаттау арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыруымыз қажет, сонымен қатар оқушыларға органайзерлерді сипаттау арқылы орыс және ағылшын тілдерін жетілдіруге қолдау жасауымыз қажет. Мұндай жұмыстарды орындау оқушылардың қызығушылығын тудырады. Сонымен қатар сөйлеу дағдысын жетілдіре отырып оқушы тіл мен пәнді түсіну үшін ойлау қабілетін де жетілдіргені дұрыс. Осы орайда бейне материал көрсетіп, кейін тоқтатып, әр оқушыға бос орындары көрсетілген бейне материалға сәйкес мәтін беріп, оларды тиісінше орналастыру деген сияқты тапсырмалар оқушының есте сақтау дағдысын, пән бойынша ақпарат алуымен қатар сол тілді меңгеруге мүмкіндік береді.

Демек, CLIL әдісінің тиімділігі - оқушылар дағдылары мен көзқарастарын өзгертіп қоймай, сабақ беретін ұстаздардың да сабақ беру дағдыларын өзгертеді, жоғары деңгейде ойлануға бағыттайды.

Сондықтан, бүгінгі таңда технологияның дамыған заманында ұлттық ерекшелікті дамыта отырып  білім берудің жаңа сапасына көтерілу, жаңа әдісті(CLIL) енгізе отырып соған сәйкес жаңаша ойлайтын, оқытудың белсенді технологияларын күнделікті  жұмысында тиімді қолдана білетін ұстаздардың жұмысы ғана нәтижелі болмақ.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

[1]- http://edu-resource.net (Предметно-языковое интегрированное обучение).

[2] -https://infourok.ru (МЕТОДЫ И ПРИЕМЫ CLIL. Алметов Н.Ш., ЮКГУ им. М.Ауэзова, 2016)




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
740
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі