400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

COLLEGE SMARTNATION – КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтықтан оқыту кезіндегі ақпараттық платформаның қолданылу барысы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

COLLEGE SMARTNATION – КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ


Турешова Гүлмира Жангелдіқызы

БҚО, Орал қаласы, Батыс Қазақстан индустриалды колледжі, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары




Қазіргі білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан оқыту түрлерімен қатар қашықтан оқыту түсінігі пайда болды. Қашықтан оқыту, соңғы оншақты жылда, әсіресе жоғары білім беру саласында қарқынды даму үстінде. Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты біздің арнаулы оқу орнында да осы жүйе қолданысқа енді.

Қашықтан оқумен бірге оқу үдерісіне смарт технологияларды қолданудың қажеттілігі артып, сәйкесінше педагогтардың ақпараттық құзыреттіліктері де айтарлықтай жоғарылады. Шыны керек, бастапқы кезде интернетті артық басудан қорқасоқтаған оқытушалыр, қазіргі таңда керек ақпаратты іздеуп, тауып қана қоймай, өздерінің жұмыстарымен бөлісе алатындай, ақпараттық платформада еркін жұмыстана алатындай дәрежеге жетті. Өздерінің бейне сабақтарын жасап, сайттарын жасақтап, түрлі бағдарламалармен жұмыс жасай алатын болды. Таяқтың екі ұшы бар дегендей, әлемді жаулаған жаман аурумен келген қашықтан оқыту еліміздің білім саласын бір деңгейге жоғары көтерді десе де болады.

Бастапқы кезден бастап ақ колледж педагогтары Watsapp, Telegramm әлеуметтік желілерімен бірге, бірқатар интернет платформаларын оқу үдерісінде қолданды. Жекелей тоқталатын болсам:

Zoom – онлайн-мәжіліс өткізуге арналған платформасы. Бұл сервисте 40 минутқа дейін тегін жазба жұмысын жүргізуге болады. Видеолардың санына шектеу жоқ. Тіркелгеннен кейін өзге қатысушыларды бір топқа қосу үшін шақырту жіберу керек. Оқытушылар мен студенттер бұл платформаға тез үйренді десе де болады, қазіргі күні де онлайн сабақтар осы платформада өткізіліп жүр.

Microsoft Teams – сөйлесуге негізделген сервис. Платформада топтық электрон пошта, күнтізбе, құжаттар мен өзге де элементтерді өндеу мүмкіндігі бар. 

Google Classroom – дәріс өткізуге арналған танымал платфома. Бұл үшін тек Googlе сервисіне тіркелу қажет. Платформада қажет құжат, тапсырманы бөлісіп, дайын жұмыстарды жинап, оларды бақылауға болады. Міне, осы платформамен өткен оқу жылында жалпы негізгі оқу үдерісі жүргізілді. Барлық сабақтар кесте бойынша осы платформада салынып, студенттер тапсырмаларды орындап салып отырды. Телефон арқылы қосымшасын жүктеп алу мүмкіндігі болғандықтан студенттер үшін өте ыңғайлы платформа болды.

ClickMeeting – онлайн-мәжіліс пен вебинар өткізуге арналған сервис. Жеке парақша құрып, сол арқылы топтық жұмысқа қосылуға болады. Бір топқа тек 4 адам қосыла алады. Аудио, видеоқұжаттарды барлық қатысушы еш қиындықсыз жүктей алады. Бұл сервис арқылы да онлайн сабақтар, видеоконференциялар, жиналыс, кеңестер өткізіліп отырды.

Ал, биылғы оқу жылында осы платформалармен қатар, жалпы колледж қызметі түгелдей негізгі платформа ретінде College SmartNation ақпараттық платформасына ауысты.

College SmartNation - техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді алуға арналған бірыңғай портал*, колледждердің жалпыға қол жетімді тізілімі және колледжді басқару жүйесі [1].

College SmartNation платформасы оқытушыға жұмыс жасауға өте ыңғайлы, студентпен де кері байланыс жасау өте қолайлы. Бұл платформа арқылы оқытушы өз құжаттарын, сабақ жоспарларын, тапсырмаларын толықтай енгізіп, өз уақытында сабағын жүргізіп, студенттермен де дер кезінде тұрақты қарым-қатынас орната алады. (Сурет 1)

Платформа жалпы колледж қызметін қамтитын болғандықтан оқу үдерісі бойынша негізгі қызметтеріне тоқталып өтейін. Платформаға барлық студенттер мен колледж қызметкерлері алдын ала тіркеледі және ЖСН номердері арқылы базаға қосыла алатын болады.

Бас мәзірдегі «Білім беру үдерісі» бөлімінде топтар бойынша оқу жоспарлары, сабақ кестесі, ір топтардың оқу журналдары орнатылған. Студенттер сабақ кестесі арқылы сабақтарға қосылып, тапсырмаларды орындап жібере алады. (Сурет 2)

Бас мәзірдегі «Қашықтан оқыту» бөлімінде «Тапсырмалардың үлгілері», «Тағайындалған тапсырмалар» деген бөлімшелер бар. Тапсырмалардың үлгілері бөліміне оқытушылар пәндері бойынша тапсырмаларын адын – ала дайындап салып қояды. Сабақ кестесіне сәйкес қажетті тапсырмаларды «Тағайындалған тапсырмалар» бөліміне кіріп топтар бойынша тағайындап студенттерге жібереді. (Сурет 3, 3.1.)

Сонымен қатар «Кітапхана» бөлімінде қажетті оқулықтар мен оқу – әдістемелік кешендердің, оқу – әдістемелік құралдардың электротүнды нұсқалары жинақталған. Сабақ барысында оқытушылар бұл оқулықтарға сілтеме жасап, студенттерге қолдану үшін бағыт бағдар беріп отырады немесе студенттердің өздері де кітапханаға кіріп, қажетті оқулықтарын пайдалана алады. (Сурет 4)

«Емтихандар» бөлімінде алдын ала емтихан сұрақтары салынып, студенттердің дайындалуларына мүмкіндік беріледі. Емтихан уақыты келген кезде, кесте бойынша белгіленген уақытта студенттер платформада офлайн түрде емтихан тапсыра алады. Емтиханнан өте алмаған студенттердің 1 рет қана қайта тапсыру мүмкіндігі бар.

College SmartNation платформасының басты ерекшеліктерінің бірі оқу үдерісін ұйымдастыру мен қатар, басқарудың да мүмкіншіліктері бар. Бас мәзірдегі «Мониторинг» бөліміне кіру арқылы оқытушылар мен студенттердің жұмыс барысын қадағалап, талдау жасап отыруға болады. Әр топ бойынша студенттердің сабаққа қатысу көрсеткіші, тапсырмаларды орындау белсенділігі, онлайн сабақтарға қатысуы нақты уақытымен көрсетіліп тұрады. Сонымен қатар, педагогтардың да онлайн сабақты өткізген уақыттар, тапсырмаларын тағайындау уақыты, белсенділігін қарауға болады. Оқытушылардың салған оқу материалдарының мазмұнын қарап, өз сабағын қандай дәрежеде ұйымдастырғандығын бағалауға да болады.

Платформаның ішінде барлық бөлімдердегі қызмет түрлері бойынша қазақ, орыс тілдерінде мәтінді және бейне нұсқаулықтары бар.

Білім беру жүйесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны дамытудың тиімді құрылымы - білім порталдарының негізгі міндеті жоғары технологиялы оқу процесінің қолдауы арқылы бірыңғай білімді ақпараттандыру ортасының дамуына өз үлесін қосу болып табылады. Міне, осы міндетті қазіргі кезеңде College SmartNation ақпараттық платформасы жоғары деңгейде атқарып, студенттердің заман талабына сай қажетті білімдерін алуларына және педагогтардың білім беру мен қатар, өз білімдерін жетілдіріп, біліктіліктерін арттырып ақпараттық құзыреттіліктерін көтерулеріне және уақыттарын үнемді пайдалануларына зор мүмкіндік туғызып отыр.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. https://college.snation.kz/kz/zko




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
1062
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі