400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Communicative Approach: Оқушылардың тілдік қарым-қатынас дағдыларын дамыту» әдістемелік құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
Түсіндірме жазба Ағылшын тілін үйренудің қиындығы ағылшын тілінде сөйлейтін коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру үшін жағдай жасау қажет екендігінде, ішкі дайындық және ауызша қарым-қатынасты жүзеге асыра білуінде болып тұр. Сондықтан оқушыларға тек тіл саласында білім беріп қана қоймай, жаңа білімді алу мен оны пайдаланудағы еркіндігін, сын тұрғысынан ойлауды дамытудың ерекшеліктерін жетілдіруін қажет етеді. Оқушылар салыстыруды, талдауды, жалпылауды, дерексіздеуді, нақтылауды білу керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

1

Джуманова Г.К.












«Communicative Approach: Оқушылардың
тілдік қарым-қатынас дағдыларын дамыту»
әдістемелік құрал

7-сынып











2026


Page 2

2









ӘӨЖ 602.526.325 (074.6)
Д 93





Рецензент: «Шәкәрім Университеті» КеАҚ
PhD Шет тілдері кафедрасы И.М.Дюсекенева











Джуманова Жулдызай Султанбековна
«Communicative Approach: Оқушылардың тілдік қарым-қатынас дағдыларын
дамыту» әдістемелік құрал, Түркістан 2026 ж., 66 бет.









©Джуманова Ж.С.




Page 3

3

Түсіндірме жазба

Ағылшын тілін үйренудің қиындығы ағылшын тілінде сөйлейтін
коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру үшін жағдай жасау қажет
екендігінде, ішкі дайындық және ауызша қарым-қатынасты жүзеге асыра
білуінде болып тұр. Сондықтан оқушыларға тек тіл саласында білім беріп
қана қоймай, жаңа білімді алу мен оны пайдаланудағы еркіндігін, сын
тұрғысынан ойлауды дамытудың ерекшеліктерін жетілдіруін қажет етеді.
Оқушылар салыстыруды, талдауды, жалпылауды, дерексіздеуді, нақтылауды
білу керек.
Ұсынылған әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептердегі
ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған.
Өзектілігі: қазіргі заманда білім берудің басты мақсаты – тұлғаның
жан-жақты дамуын қамтамасыз ету және оны қоғамда белсенді өмір сүруге
дайындау. Бұл тұрғыда функционалдық сауаттылық – XXI ғасырдың ең
маңызды құзыреттерінің бірі. Ағылшын тілі – халықаралық қатынастың,
ғылым мен технологияның тілі ретінде оқушыларға әлемдік ақпараттық
кеңістікке шығуға жол ашады. Сондықтан ағылшын тілі сабақтарында тілдік
қарым-қатынас дағдылары арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту –
білім беру сапасын арттырудың тиімді тетігі болып табылады. Осы құралдың
өзектілігі – ағылшын тілі пәні арқылы оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамытуға арналған тәжірибелік стратегиялар мен нақты
тапсырмалар кешенін ұсынуында.
Мақсаты: ағылшын тілі сабақтарында қарым-қатынас дағдылары
арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған
тиімді әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар жүйесін әзірлеу, мұғалімдерге
әдістемелік қолдау көрсету.
Міндеттері:
1. Функционалдық сауаттылықтың теориялық негіздерін талдау және
ағылшын тілі пәнімен байланысын көрсету.
2. Ағылшын тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты
дамытудың заманауи стратегияларын жүйелеу.
3. Мұғалімдерге арналған тәжірибелік тапсырмалар мен жаттығулар
топтамасын ұсыну.
4. Оқушылардың тілдік, коммуникативтік және мәдениетаралық
құзыреттерін қалыптастыруға ықпал ету.
5. Сыни тұрғыдан ойлау, шығармашылық қабілет, проблемаларды
шешу және топпен жұмыс істеу дағдыларын






Page 4

4

Ағылшын тілінен қарым-қатынас дағдыларды дамыту:
тәжірибелік стратегиялар мен тапсырмалар


Қарым-қатынас дағдылары – бұл тек күнделікті өмірде ғана емес,
сонымен қатар кәсіби тұрғыда да маңызды болып табылатын дағдылардың
бірі. Ағылшын тілінде тілдік қарым-қатынас дағдыларын дамыту мектеп
бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, себебі бұл тіл
оқушыға өз ойын еркін әрі түсінікті жеткізуге мүмкіндік береді. Қарым-
қатынас дағдыларын дамыту оқушылардың тек ағылшын тілін меңгеру
деңгейін арттырып қана қоймай, олардың жеке тұлғалық дамуына да ықпал
етеді.
Тілдік қарым-қатынас дағдыларының бірнеше түрі бар, олар
оқушылардың ағылшын тіліндегі қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Бұл дағдылардың әрқайсысы қарым-қатынасқа қажетті түрлі қабілеттерді
қамтиды:
- Сөйлеу дағдылары: Оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту арқылы олар
өз ойын түсінікті әрі анық жеткізе алады. Бұл дағды күнделікті әңгіме
барысында да, қоғамдық немесе академиялық ортада да маңызды.
- Тыңдау дағдылары: Тыңдай білу – бұл дұрыс түсіну мен дұрыс жауап беру
қабілеті. Ағылшын тілінде тыңдау дағдыларын дамыту арқылы оқушылар
тілдің құрылымын және лексикасын терең меңгереді.
- Жазу дағдылары: Жазу дағдылары оқушыларға жазбаша түрде өз ойларын
жүйелі жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе академиялық жазбалар мен
ресми хаттар үшін маңызды.
- Оқу дағдылары: Оқушылардың мәтіндерді дұрыс оқи білуі, түсінуі және
анализдеуі ағылшын тілінде тілдік қарым-қатынас дағдыларының негізін
құрайды.
Ағылшын тілін оқыту барысында қарым-қатынас дағдыларын дамыту
үшін бірнеше тиімді әдістерді қолдануға болады:
- Коммуникативті әдіс: Оқушылардың тілде сөйлесу қабілеттерін дамыту
үшін жиі қолданылатын әдіс. Мұнда тілдік тапсырмалар, сұхбаттар және
пікірталастар қарастырылады.
- Тәжірибелік оқыту әдістері: Оқушыларға нақты жағдайлар мен
тапсырмалар беріп, оларды тілде еркін қолдануға мүмкіндік беру.
- Интерактивті тәсілдер: Бұл әдіс бойынша оқушылар топта немесе жұпта
жұмыс істейді, бір-бірімен диалог жүргізеді, сөздерді қолданады және нақты
тапсырмалар орындайды.
- Рольдік ойындар мен сценарийлер: Оқушылар түрлі рөлдерде ойнап,
олардың тілдік дағдыларын арттыру үшін шығармашылық тапсырмалар
орындайды.
- Дебаттар мен пікірсайыстар: Бұл әдіс оқушылардың сыни ойлау
дағдыларын дамыта отырып, олардың пікірталас жасау және өз ойын қорғау
қабілеттерін нығайтады.


Page 5

5

Қазіргі таңда технологиялардың қарым -қатынас дағдыларын
дамытудағы рөлі зор. Онлайн ресурстар мен бағдарламалар арқылы
оқушылардың тіл үйрену процесі жеңілдетіледі:
- Онлайн ресурстар мен бағдарламалар: Интернеттегі түрлі платформалар
мен сайттар (мысалы, Duolingo, Memrise, Quizlet) оқушыларға интерактивті
тәсілдермен ағылшын тілін үйренуге мүмкіндік береді.
- Чатботтар мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктері: Чатботтар мен АІ
жүйелері оқушылардың ағылшын тілінде сөйлесу дағдыларын дамытуға
көмектеседі, себебі олар нақты уақытта сұрақтар қойып, жауаптар алады.
- Виртуалды және қосымша шындық арқылы оқыту: Виртуалды шындық
(VR) және қосымша шындық (AR) оқушыларға тілдік дағдыларды күнделікті
өмір жағдайларында тәжірибеден өткізуге мүмкіндік береді.
Мотивация оқушылардың тілдік қарым-қатынас дағдыларын дамытуда
маңызды рөл атқарады. Оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген
қызығушылығын арттыру үшін келесі тәсілдер қолданылады:
- Жеке тапсырмалар мен жобалар: Оқушыларға шығармашылық тапсырмалар
беру олардың тілдік дағдыларын дамытуға және ынталандыруға ықпал етеді.
- Қызығушылықты арттыру әдістері: Тілдік дағдыларды үйренуге қызықты
әрі ойындар арқылы қатысу оқушылардың белсенділігін арттырады.
- Ағылшын тілінде еркін сөйлесуге ынталандыру: Оқушыларды нақты өмір
жағдайларында ағылшын тілінде сөйлесуге баулу олардың сенімін
арттырады.
Сыныптағы тілдік дағдыларды дамытуға арналған түрлі іс-шаралар
оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз етеді:
- Сабақтарда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен стратегиялар: Оқушыларға
дұрыс тілдік дағдыларды дамыту үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады.
Әрбір сабақ интерактивті әрі қызықты болуы керек.
- Оқушыларды ағылшын тілінде сөйлесуге ынталандыратын тренингтер:
Тренингтер мен семинарлар оқушылардың ағылшын тіліндегі сөйлеу
дағдыларын жақсартуға көмектеседі.
- Ағылшын тіліндегі мультимедиялық материалдарды пайдалану: Видеолар,
фильмдер және аудио материалдар арқылы оқушылардың тыңдау
дағдыларын арттыруға болады.
Оқушылардың тілдік дағдыларын бағалау – бұл олардың жетістіктерін
бақылаудың маңызды әдісі:
- Бағалау критерийлері мен әдістемелері: Тілдік дағдыларды бағалау үшін
арнайы критерийлер қолданылады, оларды қолдану арқылы оқушылардың
прогресін бақылауға болады.
- Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырудағы оқушылардың жетістіктері:
Оқушылардың сөйлеу, тыңдау, жазу және оқу дағдыларының деңгейін
бағалау.
- Сыныптағы пікірлер мен бағалау түрлері: Оқушылардың өзара бағалауы
және кері байланыс алу олардың дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Ағылшын тілінде тиімді қарым-қатынас жасау үшін оқушылардың
әртүрлі тілдік дағдыларын дамыту қажет. Қарым-қатынас дағдыларын


Page 6

6

дамытудың тиімді әдістері мен заманауи технологиялардың көмегімен
оқушылар ағылшын тілінде өз ойын еркін жеткізе алады.
Функционалдық сауаттылық ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың екінші
жартысында ЮНЕСКО құжаттарында көрініс тапты. Бұл ұғымның мазмұны
уақыт өте келе кеңейді және қазіргі таңда оның құрамына келесі
компоненттер кіреді:
- Ақпараттық сауаттылық – ақпаратты іздеу, талдау және тиімді пайдалану.
- Коммуникативтік сауаттылық – тілдік құралдар арқылы өз ойын жеткізе
білу және өзгелерді түсіну.
- Математикалық сауаттылық – сандық ақпаратпен жұмыс істей білу,
логикалық ойлау.
- Мәдени сауаттылық – түрлі мәдениеттерді түсіну және құрметтеу.
- Әлеуметтік сауаттылық – қоғамда өз орнын таба білу, әлеуметтік
нормаларды сақтау.
Функционалдық сауаттылықтың дамуы білім беру жүйесінің
мазмұнына, оқыту әдістеріне және бағалау жүйесіне тікелей байланысты.
ХХІ ғасыр дағдылары деп аталатын сыни ойлау, креативтілік,
ынтымақтастық және цифрлық сауаттылық та осы ұғымның ажырамас
бөлігіне айналды.
Ағылшын тілі – функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді
алаңы. Себебі тіл үйрету үдерісі өздігінен-ақ ақпаратты түсіну, талдау және
жеткізу сияқты дағдыларды дамытады. Ағылшын тілі пәні мына бағыттарда
функционалдық сауаттылықпен тікелей байланысады:
1. Коммуникативтік құзыреттілік: Оқушылар ағылшын тілінде ауызша және
жазбаша қарым-қатынас жасай отырып, шынайы өмірдегі коммуникативтік
міндеттерді шешуге үйренеді.
2. Ақпараттық дағдылар: Ағылшын тілін үйрену барысында оқушылар
шетелдік ақпарат көздерін пайдаланады, бұл олардың ақпаратты іріктеу,
салыстыру, бағалау қабілетін арттырады.
3. Мәдениетаралық құзыреттілік: Ағылшын тілі өзге халықтардың
мәдениетін, салт-дәстүрін түсінуге жол ашады.
4. Сыни тұрғыдан ойлау: Мәтіндерді талдау, пікір білдіру, дәлел келтіру
арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілеті дамиды.
Функционалдық сауаттылықты дамыту үшін ағылшын тілі
сабақтарында дәстүрлі әдістерден гөрі интерактивті, коммуникативтік және
жобалық тәсілдер басым болуы тиіс. Мысалы:
- Communicative Approach – шынайы өмірдегі тілдік жағдаяттарды
модельдеу.
- Task-Based Learning – нақты тапсырмалар арқылы тілдік дағдыларды
дамыту.
- CLIL (Content and Language Integrated Learning) – пәндік мазмұн мен тілді
қатар меңгерту.
- Project-Based Learning – оқушылардың зерттеу және шығармашылық
қабілетін арттыру.


Page 7

7


Бұл әдістер оқушылардың тек тілдік емес, сонымен қатар, зерттеу,
ақпаратпен жұмыс істеу, топпен ынтымақтастықта болу, шешім қабылдау
дағдыларын жетілдіреді.
Функционалдық сауаттылық – қазіргі білім берудің басты көрсеткіші.
Ағылшын тілі пәні бұл сауаттылықты қалыптастырудың қуатты құралы
болып табылады. Тілді меңгеру арқылы оқушылар халықаралық ақпарат
кеңістігіне еркін еніп, мәдениетаралық байланыс орната алады. Сондықтан
әрбір ағылшын тілі сабағы тек грамматикалық құрылымдарды үйретумен
шектелмей, өмірлік дағдыларды дамытуға бағытталуы қажет. Бұл –
болашақта оқушылардың бәсекеге қабілетті, білімді әрі функционалды тұлға
болып қалыптасуының кепілі.

Ағылшын тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты
дамытудың заманауи стратегиялары

Communicative Approach
Оқушыларды шынайы қарым-қатынасқа бағыттайтын әдіс. Негізгі мақсаты –
тілдік ережелерді жаттау емес, тілде еркін сөйлесуге үйрету.
Сабақта қолдану: Сабақта рөлдік ойындар, сұхбаттар, пікірталастар
ұйымдастыру. Мысалы, дүкенде сөйлесу немесе қонақта әңгімелесу
диалогтарын жасау.
Task-Based Learning
Нақты тапсырмалар орындау арқылы тілді үйрету. Тапсырма оқу мақсатын
қамтиды және шынайы өмірмен байланысты.
Сабақта қолдану: Мысалы, оқушыларға саяхат жоспарлау, ас мәзірін жасау,
сұхбат алу тапсырмасын беру.


Page 8

8

CLIL (Content and Language Integrated Learning)
Пәндік мазмұн мен тілді қатар оқыту. Оқушылар тіл үйрене отырып, басқа
пән бойынша білім алады.
Сабақта қолдану: Мысалы, ағылшын тілінде география тақырыбын түсіндіру
немесе ғылым тәжірибесін өткізу.
Project-Based Learning
Ұзақ мерзімді жобалар арқылы тілді үйрету. Жоба барысында зерттеу,
жоспарлау, презентация жасау жүзеге асады.
Сабақта қолдану: Мысалы, оқушыларға «Менің қалам» атты жоба жасап,
ағылшын тілінде таныстыру.
Role Play
Оқушылардың белгілі бір рөлді сомдау арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту
әдісі.
Сабақта қолдану: Мысалы, әуежайда билет алу немесе қонақүйде бөлме
брондау көрінісін ойнау.
Flipped Classroom
Сабаққа дайындық үйде жүреді, ал сыныпта білімді бекіту, тапсырма
орындау жүзеге асады.
Сабақта қолдану: Мысалы, оқушыларға үйде жаңа тақырып бойынша
бейнежазба көру, сыныпта талқылау.
Problem-Based Learning
Оқушыларға нақты проблемалық жағдайды шешу арқылы білім беру.
Сабақта қолдану: Мысалы, экологиялық мәселені талқылап, шешу жолдарын
ағылшын тілінде ұсыну.
Game-Based Learning
Ойын элементтері арқылы оқыту. Мақсаты – қызығушылықты арттыру.
Сабақта қолдану: Мысалы, Kahoot, Quizlet арқылы викториналар өткізу.
Storytelling Technique
Әңгімелеу арқылы тіл үйрету. Бұл әдіс сөздік қорды және байланыстырып
сөйлеуді дамытады.
Сабақта қолдану: Мысалы, суретке қарап оқиға құрастыру.
Debate Method
Пікірталас жүргізу арқылы тілдік дағдыларды дамыту.
Сабақта қолдану: Мысалы, «Интернет пайдалы ма?» тақырыбында екі топ
пікірталас жүргізеді.
Think-Pair-Share
Алдымен ойлану, кейін жұппен талқылау, соңында топқа ұсыну әдісі.
Сабақта қолдану: Мысалы, сұраққа жеке жауап жазып, жұппен талқылап,
сыныпта бөлісу.
Jigsaw Reading
Мәтінді бөліктерге бөліп, әр топ өз бөлігін оқып, кейін толық мәтінді
біріктіру.
Сабақта қолдану: Мысалы, мақала бөліктерін таратып, оқып болған соң
мазмұнын ортаға салу.


Page 9

9


Case Study Method
Нақты жағдайды талдап, шешім қабылдау арқылы оқыту.
Сабақта қолдану: Мысалы, белгілі бір компаниядағы мәселені талқылау.
Digital Tools Integration
Цифрлық құралдарды сабақта қолдану.
Сабақта қолдану: Мысалы, Padlet, Mentimeter қолдану.
Collaborative Writing
Бірге мәтін жазу арқылы тілдік дағдыларды дамыту.
Сабақта қолдану: Мысалы, топ болып оқиға құрастырып, ортақ мәтін жазу.
Ойлауды дамыту технологиясының ішінде 3 технологиялық кезең
бар: қызығушылықты ояту кезеңі, мағынаны ашу кезеңі және ой толғаныс
(рефлексия) кезеңі. Оларды егжей-тегжейлі қарастырайық.
1. Қызығушылықты ояту кезеңі. Көбінесе оқытудың нәтижесінің
болмауын мұғалімнің оқу үдерісін өзі қойған мақсаттарға сүйене отырып
құрастыруы түсіндіреді, бұл мақсат оқушылардың бастапқыда өздерінің жеке
мақсаттары ретінде қабылданғанын білдіреді.
Шынында да, мұғалімнің алдына мақсат қою алдын ала жүзеге асады,
бұл оған оқу-тәрбие процесінің кезеңдерін нақтырақ жобалауға мүмкіндік
береді. Сонымен бірге дидактикада оқытудың конструктивистік көзқарасы
туралы идеялар әзірленуде, бұл оқушының қажетті ішкі мотивін тудыратын
мақсаттарды қою мүмкіндігін болжайды. Сонда ғана мұғалім осы
мақсаттарға жетудің тиімді әдістерін таңдай алады. Екінші тапсырма –
оқушылардың белсенділігін арттыру.
Әркім өз тәжірибесін жаңартуға бағытталған жұмысқа қатыса алуы
маңызды. Қызығушылықты ояту кезеңін жүзеге асыруда маңызды аспект –
оқушылардың еркін мәлімдемесі нәтижесінде пайда болған барлық
ақпаратты жүйелеу. Бұл олардың бір жағынан жиналған ақпаратты
«үлкейтілген» категориялық түрде көруі үшін қажет. Айтылған пікірлерді
құрылымдау сізге жаңа ақпаратты зерттеу барысында одан әрі іздеудің
бағыттарын анықтайтын қарама-қайшылықтарды, түсініксіз жерлерді көруге
мүмкіндік береді. Оның үстіне әр оқушы үшін бұл бағыттар жеке болуы
мүмкін.
Әрине, біз 7-сынып оқушысы ағылшын сабағында сөйлеуді әрқашан өз
бетінше құра алмайтынын түсінеміз, сондықтан мұғалім тапсырмаларды
әзірлеу кезінде оқушылардың тілді меңгеру деңгейін ескеруі керек.
2. Мағынаны ашу кезеңі. Жаңа материалды меңгеретін көптеген
сабақтарда бұл кезең ең ұзаққа созылады. Көбінесе жаңа ақпаратпен танысу
мұғалімнің ұсыну үрдісінде болады, өйткені ақпараттың көп бөлігі
қолданылған оқу материалдарына енгізілген, сирек материалдарды бейне
немесе компьютер арқылы оқу немесе қарау үрдісінде енгізілген болатын.
Логикалық ойлауды дамытудың шарттарының бірі – зерттелетін


Page 10

10

материалмен жұмыс жасау кезінде түсінігіңізді бақылау. Дәл осы тапсырма
іске асыру кезеңінде оқу процесінде негізгі болып табылады.
Бұл кезеңдегі жұмысты ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін. Осы
кезеңді жүзеге асыру үрдісінде негізгі міндет – оқушылардың белсенділігін,
олардың қызығушылығы мен осы кезеңде құрылған қозғалыс инерциясын
сақтау болып табылады.
Сондай-ақ, мағынаны ашу кезеңінде оқушылар өздерінің оқу
мақсаттарын дербес құруды жалғастырады. Жаңа ақпарат пен танысу
барысында мақсат қою, ол бұрыннан бар білімдерге қосылған кезде жүзеге
асады [10]. Оқушылар бұрын қойылған сұрақтарға жауап таба алады,
жұмыстың бастапқы кезеңінде кездесетін қиындықтарды шеше алады.
Мұғалімнің оқушыларды жаңа сұрақтар қоюға ынталандыруы, олармен
жұмыс жасайтын ақпараттың мазмұны арқылы жауап іздеуі маңызды.
Семантикалық кезеңді жүзеге асыру үшін жеткілікті уақыт бөлу қажет. Егер
студенттер мәтінмен жұмыс жасаса, екінші оқылымға уақыт бөлген жөн,
кейбір мәселелерді түсіндіру үшін мәтіндік ақпаратты басқа контекстте көру
қажет.
3. Ой толғаныс (рефлексия) кезеңі. Мына кезеңде жаңа ақпарат
игеріледі, өзіндік білімге айналады. Рефлексивті талдау мен бағалау
жұмыстың барлық кезеңдеріне енеді, бірақ үшінші кезеңде рефлексия
мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің негізгі мақсатына айналады.
Рефлексивті талдау жаңа материалдың мағынасын ашуға, әрі қарай оқу
маршрутын құруға бағытталған. Бірақ бұл талдаудың ауызша немесе
жазбаша түріне аударылмаса, оның пайдасы шамалы, оны ағылшын тілінде
үйрету қажет. Дәл вербалдау процесінде өздігінен түсіну процесінде санада
болған ойлардың хаосы жаңа білімге айналады. Сұрақтар мен күмәндарды
шешуге болады. Қалай болғанда да, рефлексия кезеңі ойлау қабілетін
дамытуға белсенді түрде ықпал етеді [11].
Осылайша, рефлексия кезеңінде оқушылар жаңа ақпаратты бұрыннан
бар идеяларға қатысты, сонымен қатар білім категорияларына сәйкес
жүйелендіреді. Сонымен бірге бұл кезеңде жеке және топтық жұмыстардың
үйлесуі ең қолайлы болып табылады.
Олар сонымен қатар жаңа сөздер мен жаңа идеялармен ақпаратты
білдіреді, себеп-салдарлық қатынастарды дербес құрады. Жазбаша
формалармен қатар, ауызша рефлексия да маңызды. Рефлексия кезеңінде
диалогты шеше отырып, мұғалім бір мәселе бойынша пікірлердің әр түрлі
нұсқаларын көруге және қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл – оқу үдерісінің
қайта қаралатын және өзгеретін кезеңі. Бұл кезде жаңа ақпаратты енгізудің әр
түрлі әдістерімен танысу болашақта неғұрлым тиімді және мақсатты түрде
қолдануға болатын икемді нәтижеге әкеледі [12].
Төменде көрсетілген 1-кестеден әр кезеңдерде қолданылатын нақты
әдістемелер мен стратегияларды көре аласыз.


Файлдың толық нұсқасын материалды жүктеу арқылы көруге болады
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
23
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі