жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«CSS ТІЛІНЕ АРНАЛҒАН САЙТ ЖАСАУ»
«CSS ТІЛІНЕ АРНАЛҒАН САЙТ ЖАСАУ»
Б.К. Турлыбекова1, техн. ғыл. бакалавры,
З. Тоқан1, студент
Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі, Шымкент қ.
Байланыс тел: 8-747-41034-86
Берілген мақалада қшықтықтан оқыту үшін ыңғайлы электронды оқулық жасалу жолы көрсетілген және CSS тіліне арналған ақпараттар тарау бойынша жалпы қойылымы келтірілген.
Түйін сөздер: қашықтықтан оқыту, электронды оқулық, CSS тілінің мүмкіндігі, HTML тілінің мүмкіндігі, Java Script тілін қолдану.
Компьютерлік оқыту жүйелері өздерін оқу құралы ретінде 70 –ші жылдардың басында персоналды компьютерлер шыққан кезде жария еткен, бірақ әлгі күнге дейін занды атын ала алмай келеді.Көбінесе программалық методологиялық жиын, оқыту программасын бақылайтын оқытуға арналған программалық құрал деген жіктемелер кездеседі.Ал біз қашықтан оқуға бағытталған оқытуға арналған программалық құрал деген атты ұстануымыз керек [1].
Оқытуға арналған программалық құрал деп бір оқу саласы бейнеленетін, оны үйрену технологиясы көрсетілетін құралды айтамыз.Мұндай программалық құралдар салтты оқу үрдісінде, дайындау және кадрлардың квалификациясын көтеруге қолдануға арналған.
Ақпараттық технологиялардың дамуы – сабақты берудің жаңа, бірден – бір мүмкіндігін берді, ол – қашықтан оқыту түрін құру болып табылады. Ол, біріншіден, оқушының өзіне білім алудың уақыты мен жерін таңдауға мүмкіндік береді, екіншіден, әдеттегі білім алу мүмкіндігін белгелі бір себептермен, ала алмайтын тұлғаларға, осы әдіспен білім алу мүкіндігін тудырады, үшіншіден, білім алуда жаңа технологияларды пайдалануға, төртіншіден, білім алудың шығындарын біршама төмендетуге септігін тигізеді. Бір жағынан, қашықтан оқыту әдісі білім алудың жеке бас әрекетінің мүмкіндігін күшейтеді.
Қазіргі WWW-сайттарын безендіруді стильдердің сатылы кестелерінсіз көзге елестету қиын. Стильдердің сатылы кестелері мынадай мүмкіндіктер береді:
WWW-парағын безендіруді оның мазмұнынан бөліп тәуелсіз орындау
Стандартты HTML тілі мүмкіндіктерін түбегейлі түрде кеңейту
CSS технологиясы, мысалы, объектілерді абсолюттік орналастыру ісін орындай алады, яғни объектілерді экранға нақты координа-талар арқылы қажетті орынға шығаруға болады. Мұндағы объектілік модельдің координатасын программада өзгерту экран-дағы сол элементтің орнын ауыстыра алады.
Олардың ара қашықтықтарын өзімізге ыңғайлы болып табылатын өлшемдердің бірі - мм, см немесе дюйм, пункт арқылы беруге де болады.
CSS – Cascading Style Sheets (Стильдер-дің сатылы кестелері) —гипермәтіндік мәліметтер мазмұнын олардың экрандағы бейнелену формасынан бөліп орындауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады.
CSS сценарийлермен қосыла отырып, гипермәтіндік парақтарды кәсіби програм-маларда жасалған мультимедиялық өнім-дерден айнымайтын динамикалық әрі ин-терактивті деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді. CSS арқылы HTML-тілінің экрандағы элемент-терді бейнелеудің көптеген тәсілдеріне жауапты тәгтер мен олардың атрибуттарын алып тастау жолымен файлдың жалпы көлемін кішірейте аламыз (мысалы, мынадай тәгтер: <font>, <center>, <в>, <i>, <s>, <U> т. б. ; атрибуттар: align, color, bgcolor, size, width, height, т. с. с.);
HTML тілінің тәгтері мен атрибуттарына қараған-да, CSS кестелері сайттың сыртқы түрін басқарудың жеңіл тәсілдерін береді;
бір файлдағы стиль сипаттамаларын өзгерту арқы-лы жүздеген гипермәтіндік парақтардың сыртқы түр-лерін бірден өзгерте аламыз.
Стильді бір тәгтің параметрлері ішіне жазуға болады. Ол үшін BODY ішіндегі кез келген тәгке (BODY тәгіне де) STYLE атрибуты қолданылады. Бұларды "инлайндық" стиль кестелері деп атайды.
STYLE атрибуты арқылы мыналар атқарылады:
- Жеке тәг стилі
- Жеке HTML-файлы стилі
- Бірнеше HTML-файлдарына арналған стиль
- Аралас стильдерді пайдалану
Жеке бір тәг үшін жазылған стиль
Мысалы, <P> тәгі арқылы нақты бір абзац қалай бейнеленетінін былай көрсете аламыз:
<Р style="font-size:1.5cm; color:green">
Бұл абзацқа стильдік анықтау тәсілі қолданылып отыр.
Стиль style атрибутымен берілген. Мұнда браузерге абзацты көлемі 1.5 сантиметр болатын жасыл әріптермен жазуға нұсқау берілген.
Стильді анықтау мынадай түрде жазылады:
сипаттама:мәні;
font-size:1.5cm;
color:green;
Жеке HTML-файлына арналған стиль
Стильді тек бір тәг үшін немесе бірнеше тәгтер үшін бір рет жазылған анықтаулар HTML-құжатының басынан соңына дейін әсер ететіндей етуге болады.
Мысалы, барлық тәгтер атауларын тізіп, стильдік анықтауларды құжаттың тақырып бөлігіне орналастыру қажет.
Стильдік анықтаулар немесе селекторлар мынадай блок ішіне жазылады
<style>. . . </style>
және HTML-комментарий ретінде жазылады.
Бірнеше HTML-файлдарға арналған стиль
Әдетте бірнеше файлдарға арналған стильдер басқа бір жеке файлға бөлек жазылады. Мұндай файл типі (кеңейтілуі) css болып жазылады. Мысалы, style.css файлына мынадай стильдерді жазайық:
BODY {margin-left: 40рх;}
Hl,H2,H3,H4,H5,H6
{
text-align: right;
color: red;
font-family: "Arial Cyr", Geneva, sans-serif;
}
Осы стильдерді іске қосу үшін HTML-файлдың тақырып <head>...</head> бөлігіне мынадай сілтеме орналастыру керек:
<LINK rel=stylesheet type="text/css“ href=style.css>
Осы стильдік файлға бірнеше HTML-құжаттар сілтеме жасай алады. Осы файлға бір өзгеріс енгізу ішкі сілтемелері бар ондаған парақтарға әсер етеді.
Мынадай стильдік анықтау
body {margin-left: 40рх;}
барлық жолдар үшін сол жақ шеттен 40 пиксель шегініс береді. Міне, HTML тіліндегідей кесте қолданбай, өріс көрсетпей, стиль арқылы ғана осындай мүмкіндіктер жасауға болады екен.
Бұл жұмыстардың қорытындысы - электрондық оқулық, ол екі нұсқада жасалған: интернет арқылы, ашық мүмкіндік алу және аудиториялық оқу барысында қолдануды қарастырады. Ол қазіргі заманға сай дизайнмен жасалған, компьютерліқ оқу құралдарының эргономикалық және кинесологиялық талаптарына сай. Бірінші, оларға оқыту программалары түріндегі, анимацияларды қолданатын, (сонымен қатар, мультимедиялық) ақпаратты жөнелту әдістері. Екінші, интерактивті бақылау құралдарын қосу мүмкіндігі, сонымен қатар, өзін -өзі тексеру. Үшінші, қазіргі замандағы оқулық тапшылығына байланысты, электронды нұсқаны дискетаға “көшіріп”, үйде дайындалу мүмкіндігінің болуы. Егер, бұл жағдайда, оқулықты серверге “жатқызса”, онда бұл оқулыққа шексіз мүмкіндік алуға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Андреев А.А. Направление и методика применения портативных персональных компьютеров в ДО.// Дистанционное образование № 4, 1997.
А.Абубаева , Электронды оқулықтарды пайдалану. Информатика негіздері, №4 - 2006ж
Рубенкинг Нейл Дж. Delphi 7.0 для «чайников». - Киев, Диалектика, 2002
Я. Таруи, "Основы технологии СБИС"; Москва, "Радио и связь", 1985 год.
Андреев А.А., Краюшенко Н.Г., Фокин В.Ю. Некоторые проблемы проектирования центра дистанционного обучения // Матер. VII Междунар. конф. “Применение новых технологий в образовании (29 июня - 2 июля) 1996 г. г.Троицк.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген