"Cтилистика"Авторлық бағдарлама 10 сыныпқа арналған

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Cтилистика"Авторлық бағдарлама 10 сыныпқа арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұлғаны қоғам мен ортаға бейімдеу, әдеби тіл нормаларын, қалыптасқан норма талаптарын берік сақтап, тілдік амал- тәсілдерді сауатты меңгеруіне ықпал жасау,стиль түрлерінің ерекшеліктерін салыстыра отырып, меңгерту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсінік хат


Қазақ тілін оқыту бағдарламасының мазмұны бүгінгі таңда бұрынғыдан әлдеқайда өзгеше. Мұның басты себебі қазақ тілінің қазіргі қоғамдық мәнімен байланысты. Қай қоғамда да проблемасы болатыны белгілі шындық десек, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне иеленуіне орай, шешімін табуға тиісті күрделі мәселелер әлі баршылық.

Дұрыс сөйлеп, сауатты жазу үшін, ең алдымен, қазақ тілінің заңдылықтарын үйреніп, айтылмақ ойды жазбаша дәл, әрі айқын етіп жеткізіп беру керек. Көркем әдебиет туындыларын мәнерлеп оқуды, іс қағаздарын мемлекеттік тілде толтыруды, ғылыми-зерттеу тілін, күнделікті ақпарат құралдарының зор мүмкіндіктерін меңгеру қажет.

Осыған орай бағдарламада стилистика және тіл мәдениеті мәселелері қамтылған.

Тіл стилдерін үйретуде жазба жұмыстарының маңызы зор. Шығарма, мазмұндама, диктант жұмыстарыорфография мен пунктуация дағдыларын жетілдіру үшін жазылса да, тәжірибе де шығарманың мазмұны мен баяндаудағы ерекшелігі тілдің құрылымының дұрыстығына көңіл бөлу қажеттілігінен туындайды.

Қазақ тіліндегі тілдік фактілерді, жеке сөздерді, грамматикалық формаларды, синтаксистік көрсеткіштерді көркем әдебиет, ғылыми мақалалар, ресми қағаздар мен баспасөзден тапқызу, оған талдау жасау арқылы табиғи байланыстылықты іске асырамыз. Стильдерді өткенде оқушылардың оқу әрекетін қалыптастыруда білімді тексерудің орны зор. Мысалы, мәтіндерге конспект, тезис жаздыру, стилистиканы қарастыратын мәселесін анықтай білу, оның басқа грамматикалық материалдармен байланыстылығын ажырата алу мүмкіндігін анықтаумен қатар, катесі бар сөйлемдерді түзету, түрлі стилдік сипатта шығарма жаздыру, ауызша тіл дамыту жұмысы, негізінен оны қолдануға лайықталған сан түрлі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

Пәнді оқыту жүктемесінің көлемі: аптасына-1сағат, оқу жылына















Бағдарлама мақсаты:


Тұлғаны қоғам мен ортаға бейімдеу, әдеби тіл нормаларын, қалыптасқан норма талаптарын берік сақтап, тілдік амал- тәсілдерді сауатты меңгеруіне ықпал жасау,стиль түрлерінің ерекшеліктерін салыстыра отырып, меңгерту


Бағдарлама міндеттері:


-әдеби тілдің нормасын ғылыми негізде меңгерту

-тіл стильдерін рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту

- оқушының ішкі еркіндігі мен әлеуметтік қатынастарға ыңғайлылығын қатар дамыту.

-ойлай білу және өзіндік пікір айту қабілетін шыңдау

-шығармашылық мүмкіндіктерін ашу

-сөйлеу мен қарым-қатынас мәдениетін үйрету

-өзін-өзі тани білуіне көмектесу

-сыни ойлау арқылы сабаққа қызығушылығын ояту

-тілдің мемлекеттік мәртебесін көтеру




























Оқу пәнінің тақырыптық мазмұны:

Кіріспе.Қазақ тілі-қазақ халқының ұлттық тілі-1 сағат

Қазақ тілі түркі тілдер отбасының батыс ғұн бұтағына жататыны, оның ішінде қыпшақ тобына енетіні туралы түсінік.

Мәтін және стиль-2 сағат

Мәтін және оның көрінісі, мәтіннің ойлау жүйесін дамытудағы рөлі туралы.Мәтінді жоспарлаудың жолдарын меңгерту

Тіл мәдениеті тармақтары-4 сағат

Сөйлеу тілі және оның айырым белгілері туралы,сөйлеу тілінің қолданылатын орындары , сөйлеу тілінің фонетикалық-морфолдогиялық және синтаксистік ерекшеліктерін ажырату.

Сөйлеу тілнің лексикасы,оның түрлері туралы білім.

Қазақ әдеби тілдінің стильдері-16 сағат

Стиль ұғымының сөйлеу және оның формаларымен байланысты қаралатындығы,стильдердің негізгі арқауы -сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары екендігі.

Сөйлеу стилі, ауызекі сөйлеу стилінің тікелей қатынас жасаудағы көрінетіндігі.Оның ауызша және жазбаша түрлері.ауызекі сөйлеу стилінің қолданылатын формалары: жарыссөз, лекция, консультация,әңгімелесу.

Көркем әдебиет стилі сөз арқылы өрнектелетіні,мұнда сөздердің ,сөз тіркестерінің,сөйлемнің бейнелі қолданылатындығы, мақыл-мәтелдердің, фразеологизмдердің кеінен қолданылатындығы .

Ресми іс-қағаздар стилі туралы.Өтініш, сенімхатмінездеме,қатынас қағазхабарландыру бейнелік сипаттардың тән болатындығы.

Публицистикалық стильде қоғамдық саяси мәселелердің көрінетіндігі.Қоғамдық саяси мәселелердің бұл стильде ауызша және жазбаша түрде қалыптастырылатындығы.Жұмсалу формалары: газет-журнал, радио-теледидар.

Ғылыми стильге әр салада жазылған ғылыми мәтіндер жататындығы.Оған мазмұн, сипаттама,анықтама,баяндама немесе талқылама түрінде берілетіндігі.Ғылыми стильдің ерекшелігі сөздердің негізгі мағынасында жұмсалатындығы,терминсөздердің молдығы ,ойдың күрделілігі қамтылады.

Тілдік норма –әдеби тілдің ең маңызды элементі- 4 сағат

Әдеби тілдің заңдастырылған нормасытуры, тілдік жүйенің өзара байланысы, тілдік жүйе мен тілдік дағдының өзара үйлесімі ,обьективті нормаға тән қасиеттерін ажырату.

Тіл мәдениеті және пунктуация- 2 сағат

Пунктуацияның тіл мәдениетіне қатысы.Тыныс белгілердің стиль

түрлерінде атқаратын рөлі. Тыныс белгілердің сөйлем ішінде келетіні,

қолданылатын орындары, Қос нүктенің нүктелі үтірдің, сұрау және леп

белгілерінің,көп нүктенің қолданылатын орындары оқыту.

Практикалық сабақ-4 сағат






Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар:



-әдеби тілдің нормаларын меңгеруі.


-стиль түрлері мен түрлі мәтіндерді өз бетімен оқи,түсіне, баяндай білуі.


-сөйлеу мәтіні мен шешендікке қойылатын талаптарды меңгеруі.


-ұжымдық қатынаста және мәтін түзуде сөз тыңдай алуы.


-ауызша және жазбаша қарым-қатынастарда дұрыс сөйлеп.дұрыс жаза

білудің шарттарын білуі.


-ұсынылған тапсырмаларды жіктеп, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету.


-қойылған міндеттерді шешу үшін іріктелген ақпараттардан қорытынды жасауы.


-көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын анықтайды, өз ойын мазмұнды әрі әсерлі жеткізе алу.


-сыни ойлау арқылы ой қорыта білуі.






















Нормативтік бөлім

« Стилистика» курсының тақырыптық күнтізбелік жоспары

10-сынып ,аптасына 1сағат,оқу жылына 34 сағат


Тақырыбы


Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе. Қазақ тілі-қазақ халқының ұлт

тық тілі

1


2

Мәтіннің ойлау жүйесін дамытудағы рөлі

1


3

Мәтінді жоспарлаудың жолдары

1


4

Сөйлеу тілі ,оның айырым белгілері

1


5

Сөйлеу тілінің фонетикалық-морфологиялық ерекшеліктері

1


6

Оқушы шығармашылығы

Практикалық сабақ


1


7

Сөйлеу тілінің қолданылатын орындары

1


8

Фразеологизмнің қолданылу мүмкіндіктері

1


9

Стильдің сөйлеу формаларымен байланысы

1


10

Ауызекі сөйлеу стилінің қатынасы

1


11

Сөйлеу стилінің қолданылатын формалары

1


12

Диалог, монолог оқу

1


13

Көркем әдебиет стилінің стильдік қолтаңбасы

1


14

Көркем шығарма жанрларының тілдік ерекшеліктері

1


15

Оқушы шығармашылығы

Практикалық сабақ

1


16

Ресми іс-қағаздардың қоғамдағы орны

1


17

Іс-қағаздардағы тыныс белгілердің маңыздылығы

1


18

Хаттама, өтініш,сенімхат,

хабарландыру

1


19

Публицистикалық шығармалардың тілдік белгілері

1


20

Публицстикалық стильдің жұмсалу формалары

1


21


Ғылыми стилдің қолданылу , қарым-қатынас мақсаты

1


22

Ғылыми стильдің тілдік амал тәсілдер

1


23

Мақала шырайы -шындық

1


24

Тілдік норма-әдебитілдің

Заңдастырылған түрі

1


25

Тілдік норманың тілдік жүйемен байланысы

1


26

Сөз сапасына кері әсер ететін қолданыстар

1


27

Сөз оралымдығының бір шарты- сөз байлығы


1


28

Пунктуацияның тіл мәдениетіне қатысы

1


29

Сөйлем ішіндегі тыныс белгілер


1


30

Қос нүкте, нүктелі үтірдің қолданылатын орындары

1


31

Оқушы шығармашылығы

Практикалық сабақ

1


32

Жақша ,тырнақшаның қолданылатын орны

1


33

Қаратпа, қыстырма,одағай сөздердегі тыныс белгілер

1


34

Оқушы шығармашылығы

Практикалық сабақ

1











Пайдаланылған қосымша әдебиеттер:



  1. Қазақ энциклопедиясы, Алматы,1996жыл, 114 бет

  2. «Тіл білімі негіздері» А.Қордабаев,Алматы, 1994 жыл

  3. «М.Жұмабаевтың педагогикалық еңбектері» М.Әуезов,Алматы, 2000 жыл

  4. «Көркем әдебиет тілі және оны мектепте оқыту» Б.Шалбаев, Алматы, 1982 жыл

  5. «Ақын жыраулар поэзиясының бейнелілігі», С.Нагимов,Алматы, 1982 жыл

  6. «Сөз мәдениеті» А.Қабылова, Алматы, 2005 жыл

  7. «Тарихи тұлғалар» Б.Тоғысбаев, А.Сужикова, Алматы, 2006 жыл

  8. «Сөз өнері» З.Қабдолова, Алматы, 1976 жыл

  9. «Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журнал , Алматы , 2010 жыл

  10. Р.Сыздықова « Сөз құдіреті», Алматы, 1994 жыл

  11. А.Қордабаев «Қазақ тіл білімінің қалыптасу,даму жолдары» Алматы, 1995 жыл

12.«Қазақ тілі мен әдебиеті» ғылыми-әдістемелік журнал,1998 жыл




























Пайдаланылған негізгі әдебиеттер:



  1. М.Балақаев, М.Жанпейісова, М.Томанов «Қазақ тілінің стилистикасы» А,,. «Дәуір» 1996 ж.

  2. Ф.Оразбаева. Тілдік қатынас. Алматы, 2005 ж.

  3. Б.Шалбаев. «Көркем әдебиет тілі және оны мектепте оқыту» А., Мектеп. 1982

  4. Р.Сыздықова. «Сөз құдіреті» А,. 1994ж. 2005 ж

  5. М.Атабаев, Ш.Есмағамбетова «Қазқ тілі» әдістемелік оқулық

  6. С.Нагимов «Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелігі» А. 1982ж

  7. М.Балақаев «Қазақ тілі әдебиетінің мәселелері» а,. 1996

  8. Қ.Жұмалиев. . « Сөз өнері»1976

  9. Әдебиет теориясының негіздері. Мектеп 1970ж

  10. «Тіл білімі негіздері» А.Қордабаев,Алматы, 1994 жыл

  11. «Қазақ тілі мен әдебиеті» ғылыми-әдістемелік журнал

  12. М.Ә.Қараев. Фонетика, морфология, синтаксис

13.К.Аханаов. «Тіл білімінің негіздері»Алматы 1973жыл












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
1237
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі