400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Cүйектердің байланысу типтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сүйектердің байланысу типтерінің түрлерін түсіндіру -Сүйектің байланысу типтерімен олардың атқаратын қызметі арасындағы байланысты анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлім/бөлімшесі: «Қозғалыс. Биофизика»

Күні:

Сынып: 8

Мектеп: Белес ЖОБМ балабақша кешенгі

Мұғалімнің аты-жөні: Бакытов Абдусамат Максотович

Қатысқандар:12

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Сүйектердің байланысу типтері


Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.6.3 - сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру

Сабақтың мақсаты

- Сүйектердің байланысу типтерінің түрлерін түсіндіру

-Сүйектің байланысу типтерімен олардың атқаратын қызметі арасындағы байланысты анықтау.

Бағалау критерийі

- Сүйектердің байланыс түрлерін анықтайды

- Сүйектің байланысу типтеріне сәйкес атқаратын қызметін сипаттайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар қолданады: Сүйектердің байланысу типтері

Пәнге қатысты терминдер мен негізгі сөз тіркестері: Қозғалмалы, қозғалмайтын, жартылай қозғалатын, сүйек жігі, еңбек, үлкен еңбек, буын, буын беті, ойпаң, буын қабы, буынішілік байлам, буын сұйықтығы, гиалинді, буын саңылауы, буынның шығуы

Талқылауға арналған тармақтар: Атқаратын қызметіне байланысты сүйектердің байланысуының .....түрлері бар.

Қозғалмайтын байланысу....

Қозғалмалы байланысу....

Жартылай қозғалмалы байланысу....

Буын мынандай элементтерден тұрады:..

Құндылықтарға баулу

Жеке жұмыста өзіне деген сенімділік, жауапкершілік, тиянақтылық дағдылары қалыптасады. Топтық жұмыста сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыста өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну, бірлесіп білім алу құндылықтары дамиды.

Пәнаралық байланыс

Физика – остік, оссіз байланыстар.

Химия – органикалық, бейорганикалық заттар.

Дене шынықтыру – сүйектің байланыс түрлеріне қарай жаттығуларды жасау.

Алдыңғы білім

Жаратылыстану пәнінен адам қаңқасының құрылысы мен денелер қозғалысының себебін анықтау; омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қозғалыс мүшелерін салыстыруды, адам қаңқасының құрылысы мен химиялық құрамын, тірек-қимыл жүйесінің маңызы мен қызметін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңі


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы






- Оқушыларды ұйымдастыру. Оқу мақсатымен таныстыру.

-«Адасқан әріптер» әдісі

Тапсырма: әріптерге қарап, сөздер құрастыр.

1. МЫОАРТҚ

2. УРЫАНЖЫ

3. ШНҚТАЫ

4. ШКШМЕІРЕ

5. ЗТІЕ

6. РҒААБЫҚ

8. ССАҚАУ

9. ТАНАБ

10. МЖБААС


1. ОМЫРТҚА

2. ЖАУЫРЫН

3. ШЫНТАҚ

4. ШЕМІРШЕК

5. ТІЗЕ

6. ҚАБЫРҒА

8. САУСАҚ

9. ТАБАН

10. ЖАМБАС

Дескриптор:

- Сөздерді оқиды.

- Тірек қимыл жүйесіне байланысты сөздер құрастырады.

Оқушыларда жағымды психологиялық ахуал қалыптастырып, нәтижесінде 3 топқа бөлу:

1. Қозғалмалы

2. Жартылай қозғалмалы

3. Қозғалмайтын


«412» әдісі үй тапсырмасын тексеру.

- Әр топ үй тапсырмасы бойынша 2 мин ішінде 4 оқушы 1 сөйлемнен айтып шығады.

Дескриптор:

-сүйектердің атауларын дұрыс атайды.

-сүйектерді дұрыс топтастырады.

ҚБ: «Отшашу» әдісімен бағалау.

С: қарым-қатынас, қолдау,бағалау.


Таныстырылым

Сабақтың ортасы






«Дана үкі» әдісі

- Сүйектің байланысу типтері туралы оқулық материалынан танысып, 4 критерийі бойынша (ауызша баяндау; иллюстрация; болашақта маңызды болатын бір мәлімет; талқылауға болатын бір мәселе) мәлімет жинақтау.

Дескриптор:

Сүйектің байланысу типтері бойынша:

- мәліметтерді ауызша баяндау

- визуалды айғақтарды пайдаланып иллюстрациялау

- болашақта маңызды болатын бір мәліметті келтіру

- талқылауға болатын бір мәселені ұсыну.

ҚБ: дескриптор арқылы топтардың өзара «+; -» таңбасымен бағалауы.

С: Жұмыс қарқыны, нәтиже.

«Коллаж әңгіме» әдісі

1. топ сүйектердің қозғалмайтын байланысы;

2. топ сүйектердің қозғалмалы байланысы;

3. топ сүйектердің аз қозғалатын байланысы.

Дескриптор:

1- топқа

- сүйектердің қозғалмайтын байланысын типтерін дұрыс атайды,

- байланысуға қатысатын сүйектерді анықтайды;

2- топқа

- сүйектердің қозғалмалы байланысын типтерін дұрыс атайды,

- байланысуға қатысатын сүйектерді анықтайды;

3- топқа

- сүйектердің аз қозғалатын байланысын типтерін дұрыс атайды,

- байланысуға қатысатын сүйектерді анықтайды;

ҚБ: "Екі жұлдыз бір тілек" әдісімен бағалау.

С: қарым-қатынас, жұмыс қарқыны, бағалау.


Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы (жеке)

Тапсырма: Сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.

Қозғалмалы байланыстар қаңқаның ... жерлерінде кездесседі.

Қозғалмайтын байланыстар қаңқаның ... жерлерінде кездесседі.

Аз қозғалатын байланыстар қаңқаның ... жерлерінде кездесседі.

Менің ойымша мынау ... қозғалмалы байланыс, себебі:...

Менің ойымша мынау ... қозғалмайтын байланыс, себебі:...

Менің ойымша мынау ... аз қозғалатын байланыс, себебі:...

Дескрипторлар:

-Сөйлемдерді оқиды.

-Қозғалмалы байланыстардың орналасқан жерін табады.

-Қозғалмайтын байланыстардың орналасқан жерін табады.

-Аз қозғалатын байланыстардың орналасқан жерін табады.

-Қозғалмалы байланыстардың себебін табады.

- Қозғалмайтын байланыстардың себебін табады.

- Аз қозғалатын байланыстардың себебін табады.

ҚБ: «Отшашу» әдісімен бағалау.

С: Оқушыға жеке қолдау көрсету, жұмыс қарқыны, нәтиже, бағалау.




А дам қаңқасы

Плакат, түрлі түсті маркерлер

Сабақтың соңы

Шындық/Жалған (True/False) әдісі

- Оқушылар берілген сөйлемдерден шындық пен жалған ақпаратты анықтайды. Шындық болса екі қолын жоғарыға көтереді, жалған болса екі қолы бел тұсында оң жаққа иіледі, білмейтін ақпарат болса басын шайқайды.

1. Атқаратын қызметіне байланысты сүйектердің байланысуы 3 түрге бөлінеді T

2. Бір сүйектің шеті басқа сүйекке бірігіп кетеді. Бұл - сүйек қабы F

3. Бас сүйектері мен жамбас сүйектері сүйек жігі арқылы байланысқан T

4. Жартылай қозғалатын байланысу – бұл шеміршек арқылы сүйектердің байланысуы T

5. 10 жұп жоғарғы қабырға төспен буын арқылы байланысады F

6. Нәрестенің бас сүйегінде 5еңбегі (родничок) болады. F

7. Маңдай және төбе сүйектері арасында үлкен еңбек орналасады. T

8. Аяқ-қол, бас сүйегі мен омыртқа жотасы, астыңғы жақ сүйек бастың басқа сүйектерімен қозғалмалы байланыс арқылы бірігеді. T

9.Буын қабы эпителий ұлпасынан түзілген. F

10. Буын байламы – сүйектерге бекитін тығыз талшықты ұлпа шоғыры T

ҚБ: "Қол шапалақтау"

С: Диалог, жұмыс қарқыны, қорытынды.



«Пирамида» әдісімен кері байланыс


1.Есте сақтайтын 1 мәлімет

2.Білгім келетін 2 мәлімет

3. Мен білетін 3 мәлімет

4. Мен білген 4 мәлімет


Үй тапсырмасын беру: Терминдерді қайталау, мәтінді оқу.


Саралау–Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және техника қауіпсіздігін сақтау

1.Топтық, жұптық жұмыс формасы арқылы оқушыларға өзарақолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2. Саралау жұмысы тапсырманың мазмұны бойынша «Дана үкі» әдісімен жүргізіліп, сүйектің байланысу типтері туралы оқулық материалынан танысып, 4 критерийі бойынша (ауызша баяндау; иллюстрация; болашақта маңызды болатын бір мәлімет; талқылауға болатын бір мәселе) мәлімет жинақтайды.





1. Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі.

2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара «Коллаж әңгіме»

әдісі беру бойынша жетістіктерін айқындау.

3. Қалыптастырушы бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»

4. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану

Шындық/Жалған (True/False) әдісі бойынша оқушылар берілген сөйлемдерден шындық пен жалған ақпаратты анықтайды. Шындық болса екі қолын жоғарыға көтереді, жалған болса екі қолы бел тұсында оң жаққа иіледі, білмейтін ақпарат болса басын шайқайды.


Сабақ бойынша рефлексия:

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болдыма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарыңыздан ауытқу болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау:


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқу мен оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістіктері – қиыншылықтары туралы нені анықтадам, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
665
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі