Тақырып бойынша 11 материал табылды

Cүйекті балықтар класы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:

Сүйекті балықтар класы. Жалпы сипаттама

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар сүйекті балықтардың ішкі және сыртқы құрылысын,олардың таралу аймағымен танысады.Сүйекті балықтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік алады.

Сабақтың түрі:Ойын сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ойын, сұрақ - жауап, үлестірме материалдармен жұмыс, кесте, тірек – сызбалармен жұмыс

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, кестелер, үлестірме қағаздар, бейне слайдтар, балық суреттері.

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып,түгендеймін.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушыларды қатар бойынша 3 топқа бөлемін.Әр дұрыс жауапқа топқа жұлдызша беріледі.

Балық аулау ойыны.

1.Балықтарды зерттейтін ғылым?

Ихтиология

2.Балықтардың дене бөлімдерін ата.

Бас,тұлға,құйрық.

3.Балықтар қандай классқа бөлінеді?

Шеміршекті,сүйекті

4.Балықтардың дене жабыны қандай?

Плакоидты

5.Бүйір сызық қызметі.

Су ағыс күшін,тербелісін,бағытын,су астындағы кедергілерді сезеді.

6.Шеміршекті балықтың тыныс алу мүшесі.

Желбезек

7.Балықтың жүрегі қандай?

2қуысты:1қарынша,1құлақша.

8.Акуланың ми бөлімдерін ата.

Алдыңғы,аралық,ортаңғы,мишық,сопақша ми.

9.Балықтар қалай ұрықтанады?

Іштей

10.Акуланың қандай мүшесі жақсы дамыған?

Иіс сезу.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сүйекті (костные) балықтардың қазіргі кезде 20 000 - нан астам түрлері бар. Дене пішіндері де түрліше. Денесі бас тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Сүйекті балықтардың терісі жалпақ ірі қабыршықтармен қапталған. Қабыршықтарында ағаш дініндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратуға болады. Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп. Сүйекті балықтарда торсылдақ болады. Іші ауаға толы торсылдақ ұрықтың даму кезеңінде ішектен бөлінеді. Ол балықтың дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды. Торсылдақ кейбір балықтарда тыныс алуға, дыбыс шығаруға қатысады. Сүйекті балықтарда да екі бүйрек, екі несепағар өзегі бар. Сүйекті балықтарда алғаш рет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік те сыртқа жеке ашылады. Сүйекті балықтар миының құрылысы шеміршекті балықтардың миымен салыстырғанда қарапайым әрі кіші. Алдыңғы миы шағын, екі миы сыңарына бөлінбеген. Ортаңғы ми мен мишығының көлемі үлкендеу.

IV. Бекіту.

1-тапсырма

Әріптері адасқан сөздерден балықтардың аттарын құра

Хабхат,Батан,Кеңөм,Азанс,Ісбрек,Нартош

2-тапсырма

Ұяшықты таңдап,жасырулы тұрған сұраққа жауап беру.

1.Сүйекті балықтарда ерекше мүше не болады?(торсылдақ)

2.Сүйекті балықтардың класс тармағын ата.(сәулеқанатты,қалаққанатты)

3.Шоғал дегеніміз не?(аталық безден бөлінген сұйықтық)

4.Латимерия қай жылы,қайда ауға түсті?(1938ж,Үнді мұхитының Африка жағалауында)

5.Сүйекті балықтардың қанша түрі бар?(20000)

6.Патша балығы деп қай балықты атайды?(бахтах)

7.Зәрдің уақытша сақталатын мүшесі.(қуық)

8.Алабұға,шортан қандай балықтар?(жыртқыш)

9.Қай балықта Д витамині мол?(сетінек)

V. Қорытынды.

Сүйекті балықтар денесі қабыршақпен қапталған, қабыршақтары және қаңқасы сүйектен түзілген, желбезек қақпалары бар омыртқа жоталы жануарлар. Сүйекті балықтар алғаш суда өмір сүрген омыртқа жоталы жануарлар.

V.Бағалау.

Топтар арасындағы жұлдызшаларды санап,белсенді қатысқандарды бағалаймын.

VI.Үй тапсырмасын беру.

§41 оқып,кез келген сүйекті балық туралы реферат әкелу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
1123
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12