400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

cұрақ-жауап сайысы «Денсаулық өз қолында»

Материал туралы қысқаша түсінік
Денсаулық әдісін сақтауға,түрлі жағдайларда қауіпсіз ережелерін қолдауға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ДЕНСАУЛЫҒЫҢ ӨЗ ҚОЛЫҢДА»


cұрақ-жауап сайысы


Мақсаты: Денсаулық сақтау әдістерін білу, балаларды өзінің ден-саулығын қадағалауға; түрлі жағдайларда қауіпсіздік ережелерін қолдануға үйрету.


Қажетті құрал-жабдықтар: «Күлкі» және «Апельсин» топтары үшін эмблема; күн тәртібі бейнеленген карточкалар.


Пайдалы азық-түліктер (жемістер, көгөністер, сүт өнімдері, жарма, балық, жұмыртқа, кептірілген жемістер, жаңғақтар, кеспе, нан);


Зиянды азық-түліктер (кепкен нан, қуырылған картоп, кәмпит, балмұздақ, су-сындар, гамбургер);


Сабын, тарақ, тіс щеткасы, беторамал, орамал, жөке, киім щеткасы; Умаждалған газеттер, сыпыртқы, қалақ, шелек. Мақтау қағазы, медаль.

Ойынға қажетті атрибуттар: белгілері бар және сұрақтары мен кар-точкалар.


Ойын барысы


Көңілді әуен ырғағымен екі топ бір-біріне қарама-қарсы келіп тұрады. Жүргізуші (педагог-психолог): Бүгін біз «Денсаулығың өз қолыңда»


атты сайыс өткізгелі отырмыз. Сайысқа екі топ қатысады. Топ басшылары-на сөз беріледі.


«Қуаныш» тобының басшысы: Біздің топ...


Балалар: «Қуаныш!»


Басшы: Біздің ұран...


Балалар: Әрқашанда күлімдеп жүру – денсаулық үшін керемет!


«Апельсин» тобының басшысы: Біздің топ...


Балалар: «Апельсин!»


Басшы: Біздің ұран...


Балалар: Біз апельсиннің бөліктері сияқтымыз. Біз татумыз, бірлігіміз жарасқан!


Жүргізуші: «Апельсин» тобы «Қуаныш» тобының барлық қатысушыларымен амандасады! Сендер бір-бірлеріңмен амандасып қана қоймай, бір-біріңе денсаулық сыйладыңдар, өйткені сендер «Сәлеметсіңдер ме!» – деп бір-біріңе денсаулық тіледіңдер.


Балалар орындықтарына отырады.


Педагог «Денсаулығың өз қолыңда» атты сұрақ-жауап сайысын өткізуді ұсынады.


Жүргізуші әділқазы алқасымен, келген қонақтар және жанкүйерлермен таныстырады. Қонақтар ойынға қатысушыларды қошемет білдіріп қарсы алады.


Сайыс төрт кезеңнен тұрады, әр кезең соңында қорытынды шығарылады. І кезең – Бәйге


Ойынға барлық балалар қатысады, олар 2-3 топқа бөлінеді. Педагог балаларға сұрақтың жауабын білетін болса, белгі карточкасын көтеруді ұсынады. Әділқазы алқасы карточканы алғаш кім көтергенін анықтап, сол топқа жауап беруіне рұқсат етеді.


Қойылатын сұрақтар үлгісі:


  • Сымбат дегеніміз не? Сымбатты қалай сақтауға болады?


  • Бұлшық еттің дамуы үшін не жасау керек?


  • Тазалық дегеніміз не?


  • Құлақты күту ережелерін айт.


  • Көзді қалай сақтау керек?


  • Тері қандай қызмет атқарады? Теріні күту жолдарын айт.


  • Ауыз қуысын қалай күту керек?


  • Күн тәртібі дегеніміз не?


  • Ұйқы және адам үшін ұйқының маңызы.


  • Шынығу түрлерін ата.


Тапсырма – «Мейірімді көмекшілер»


  • Ненің көмегімен біз шөп сары, қызанақ қызыл екенін білеміз? (Көздің көмегімен )

  • Қандай дене мүшесі арқылы анамыз шақырып жатқанын білеміз? (Құлақтың көмегімен)

  • Қай дене мүшесі арқылы қант тәтті, лимон қышқыл екенін, шетен жидегінің ащы екенін, тұздың дәмін білеміз? (Тілдің көмегімен)


  • Қандай дене мүшесі арқылы тыныс аламыз, иісті сеземіз? (Мұрынның көмегімен)

Жүргізуші: Үстел үстінде нысан бейнеленген карточкалар жатыр. Ды-быс шығаратын нысанды дөңгелекпен белгіле. Шаршымен иісі бар нысанды, үшбұрышпен дәмі бар нысанды белгіле. (Тапсырма әр балаға жеке беріледі.)


ІІ кезең – Тамаша жетілік


Топ басшылары сұрақтары бар екі-үш карточканы суырып алады. Жүргізуші сұрақты оқуға көмектеседі. Топ басшылары топқа қайтып, сұрақтың жауабын талқылап, жауап беретін қатысушыны белгілейді. Жеті сұраққа жауап берілсе, барлық топ ұпайға ие болады.



Қойылатын сұрақтар үлгісі:


  • Тамақтану тәртібі не үшін қажет?


  • Неліктен жемістер мен көгөністерді көп жеу керек?


  • «С» дәрумені бар жемістер мен көгөністерді ата.


  • «А» дәрумені бар жемістер мен көгөністерді ата.


  • Қандай азық-түліктер денсаулыққа пайдалы?


  • Үстел басындағы өзін-өзі ұстау ережелерін ата.


  • Тамақтанар алдында қолды не үшін жуу керек?


«Пайдалы және зиянды азық-түліктер»


Жүргізуші: Егер сендерді аналарың дүкенге жіберсе, пайдалы азық-түліктерді таңдай алар ма едіңдер? Қане, ойын арқылы соны тексеріп көрейік.


Эстафета


Бірінші қатысушы қолында себетімен пайдалы және зиянды азық-түліктер бар үстелге жүгіріп барып, ондағы пайдалы азық-түлікті таңдап алып, себетіне сала-ды, келесі қатысушыға себетін ұсынады, әрі қарай ойын осылай жалғасады.


Жүргізуші ойынды қорытындылап, әділқазы алқасы ұпай санын есептейді.


ІІІ кезең – Тікелей сұрақтар


Сұрақты әділқазылар алқасы, ата-аналар, шақырылған қонақтар қояды.


Қойылатын сұрақтар үлгісі:


  • Төтенше жағдайлар қызметінің нөмірін ата.


  • Үйдегі қандай қауіпсіздік ережелерін білесің?


  • Жолда жүру ережелерін ата.


  • Бейтаныс адам өзімен бірге жүруді ұсынса, не істейсің?


  • Үйдің мекенжайын, ата-анаңның телефон нөмірін неліктен білу керек?


  • Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?


  • Өрт кезінде не істеу керек?


  • Далада кездескен жануарлар қандай қауіп төндіруі мүмкін?


  • Табиғатта қандай қауіп төнуі мүмкін?


  • Улы өсімдіктерді ата.


«Көмек тізбегі» ойыны


Педагог балаларға кез келген жағдай түрін хабарлайды:


  • Үйде өрт.


  • Адам суға батып бара жатыр.


  • Қыз бала адасып қалды.


  • Адам аяғы тайып құлап, жарақаттанып қалды және т.б.


Балалар бір-екі минут ішінде осы жағдайларда қандай әрекет жасайтын-дарын атап шығуы керек.


Осыдан кейін әр топ мүшелері қатармен тұрып көмек тізбегін жасап, қандай сөздер айтқандарын естеріне түсіреді.


Мысалы, өрт жағдайында:


– бірінші бала «өрт сөндіруші» сөзін атайды


– екінші бала «өрт сөндіру көлігі»,


– үшіншісі «өрт құбыршегі» сөзін және т.б.


Қай топтың тізбегі ұзын болса, сол топ жеңіске жетеді.


V кезең – Шешен (қорытынды)


Топ басшылары 1 минут көлемінде «Неліктен мен өз денсаулығымды сақтағым келеді?» атты тақырыпта ойымен бөліседі.


Көрермендермен ойын


Тақырыбы: Аурудың алдын алу


  • Тұмау ауруы


  • Жалпақтабандылық


  • Омыртқаның қисаюы


  • Фитотерапия (шөппен, дәрілік өсімдіктермен емделу) Жанкүйерлер өз командасына қосымша ұпай алып беруіне болады.


Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, мақтау қағазы, ме-


дальдармен марапаттайды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 мамыр
973
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі