жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Cыни тұрғыдан ойлай алатын тұлғаны қалыптастыру
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы «Ынтымақ» жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Шаханова Зулфия Арысбайқызы
Білім беруде сындарлы ойлай алатын тұлғаны қалыптастыру
Кембридж тәсілінің білім берудегі теориялық негіздері бойынша қашықтықтан оқыту кезеңінде өз іс-тәжірибемдегі бағдарламаның жеті модулі мен оның қағидаттарын іске асыра отырып,мен өз сабақтарымда толықтай өзгерістер енгіздім.
Мектептегі іс-тәжірибемнің алғашқы сабағында оқушылардың білім беру ортасын құру, оқу икемділігін дамытуға назар аудару, оқушылардың бір-бірін сыйлауын ,бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту мақсатында сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым.Сыныпта бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын ашумен ғана шектеліп қоймай, сонымен бірге мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне ықпал етеді. Табысты оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін қоршаған ортада еркін және қауіпсіз сезінуіне жағдай жасаудан тұрады. Мен оқушыларымды, өз пәнімді, оқу үдерісіндегі қажеттіліктерінен басқа қаншалықты жақсы білемін? Менің сабақ беретін сыныбымда тәртіп ережелері қаншалықты дәрежеде сақталған? Оқушылар сабақта бір-бірімен жұмыс жасағанда өздерін қаншалықты еркін сезіне алады? Оқушылар арасында жоспарланған мәселеден қызығушылық тудырған мәселеге ауысу қажет болған жағдайда қаншалықты өзімді жайлы сезінемін? Мектептегі тәжірибе кезеңінде оқушылардың зейінін байқауда не жасап жатқанымыз туралы ой толғаймыз.Біз өзімізге, балаларға және бізді қоршаған әлемге зейін қойып қараймыз. Топтық ережені құруда оқушылардың ойларымен санасып, олардың айтқан пікірлерін тыңдап, тақтаға жазып қойдым. Бұл жұмыста өзін-өзі реттеу, ынтымақтастық атмосферасы құрылды. Топ ережесі тақтаға жазылып, оларға барлығымыз бірдей тоқталып талдау жасадық. Сол сәтте оқушылардың белсенділік деңгейін топтық ережені құрудан, өз ойларын еркін айтуынан, сыныптастарын қуантқанынан , жаңа идея табуға талпынғанынан, сабаққа деген қызығушылығы артқанынан байқадым. Сабақта бір-біріне қарама -қарсы тұрып, бір-бірлері туралы білгісі келіп жүрген мәселені диалог арқылы қарастыра білді.Әркім өзінің қасында тұрған құрбысына шын жүректен шыққан тілектерін айттып берді. Бұл оқушыларға өте қатты ұнағанын байқадым. Айтылған тілектердің әрқилылығы сонша, олар тілекті айтқанда сондай көңілді болды. Оқушылар бір-біріне көмек, қолдау көрсете отырып, әрбір оқушының бағалануын , олардың өзге сыныптастарына өнеге көрсете алатынын, топқа араласа алатынын көріп қуандым. Мен сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру арқылы оқушылардың мен білмейтін қырлары бар екенін байқап, сыныбымдағы оқушылар туралы көп мәліметтер жинадым. Ынтымақтастық атмосферасын құрудың нәтижесінде, олар бір-біріне жылы лебізін білдірді.
Өтілген сабақтардан алған әсерлері туралы пікірлерін , олардың топтық ережені құруынан, өз ойларын еркін әрі ашық айтуынан, өзін-өзі реттеуінен ,сенімділік таныта білгенінен ,бір-біріне қолдау көрсетіп ,уақытпен жұмыс жасағандарын, бір-бірлерін сыйлай бастағандарын байқадым. Сыныптағы оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда диалог аса маңызды рөл атқарды. Оқушылар бір-бірімен ,мұғалімдермен және басқа адамдармен қарым-қатынаста диалог орнату арқылы сөйлеу және ойлау қабілеттерін дамытты.Мен өтілген сабақтар бойынша оқушыларға сұрақ қойып, олардың есте сақтау қабілеттерін тексердім. Зерттеу нәтижесінде есте сақтау қабілеттері төмен оқушыларға материалды есте сақтап қалуы үшін , сұрақты нақты қою қажеттілігін байқадым. Оларға материалды есте сақтауы үшін мнемоника және "нақтылайтын" өңдеу әдістерін қолдануды ұйғардым. Нәтижесінде байқағаным , келесі сабақтарда сұрақ қойған кезімде, олардың материалды жақсы есте сақтап қалғандарын білдім.
Мен оқушылармен өтілген сабақты еске түсіре отырып , танымдық қабілеті , өз ойларын зерделеуге тиімділігін ескердім.Менің оқушыларым топтық жұмыста өз білгендерін бір-біріне айтып, ойларын дәлелдеп, түсіндіріп бір-бірін қолдап жатқандарын көргім келді. Топтық жұмыста осы мақсатта диалогтік әдістің қызметін байқадым. Оқушылар топта диалог арқылы бір-бірімен тығыз байланыста болып ,бір-біріне білгендерін үйретті.
Нәтижесінде, топтық жұмыста оқушылар сыныптастарымен өзін салыстыра отырып, ынталанып, белсенділік танытып ,білімге деген қызығушылықтарының басымдылық танытқанын байқадым. Сабақ барысында білім берудегі жаңа әдістер бойынша топпен жұмыс, жұппен жұмыс, өзіндік жұмыс оқушыларға өте қатты ұнады. Балалар өз ойларын еркін, ашық жеткізіп, белсенділік танытып, сабақта материалды қызыға тыңдауға, сыныптастарынан қалып кетпеуге тырысты. Үлестірме кеспе ретінде берілген тапсырмаларды орындауда, тапсырманы мұқият орындауға , өз беттерінше жұмыс атқаруға тырысып, нәтижеге қол жеткізе алды. Мен бұл жерде сыни тұрғыдан ойлау модулін енгіздім. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде жұптарымен ой алмасып,тапсырманың шешуін ойлап тауып жатты.Сонда байқағаным, дәстүрлі сабақтарда тапсырманы тек баланың өзі орындайды, бірақ кіммен салыстыруды білмейді, тапсырманы орындалған сол күйінше , сыныптастар арасында тексерусіз қалдырады екен.
Диалогтік оқытуда оқушының сыни тұрғыдан ойлануы өздеріне деген сенімділік қалыптастырды. Оқушылар диалогта сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз ойларын тапсырма орындауда толықтырып, ойларын дәлелдеп, ақпаратты нақтылап ұзақ мерзімді жадыға жіберіп сақтайды. Ұзақ мерзімді жадыда сақталған ақпараттарды өмірде кез келген уақытта тиімді қолдана алады. Баладағы ұзақ мерзімде сақталған ақпарат еш уақытта жойылып кетпей сақталып қалады. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы шешілген тапсырмалар ұзақ мерзімде баланың есінде қалады.
Мен сабақтарда тапсырмаларды шешу кезеңінде, орындалғаннан кейін міндетті түрде формативті бағалауды жүргізіп отырдым. Бірнеше бағалау түрлерін қолдана отырып, байқағаным мен дәстүрлі сабақтарды өтіп жүрген уақытымда бағалауды дұрыс жасамайды екенмін, өйткені біз формативті бағаларды көп қолданбайды екенбіз. Қолданған жағдайда біз оны есепке алмайтын едік. Осы бағдарлама бойынша оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалауды дұрыс қолдануды дұрыс меңгердім деп айтуыма болады. Мен дәстүрлі сабақтар беріп жүрген кезімде баға жөнінде келіспеушіліктер көп туындаушы еді, керісінше бағдарлама бойынша өтілген сабақтарымда баға жөнінде оқушылар арасында келіспеушілік болмады. Себебі оқушылар өздеріне қойылып жатқан бағаны дер кезінде біліп отырды.Өздерін қойылып жатқан бағалармен салыстырып, бұл алып жатқан бағаларынан да жақсы баға алуға дер кезінде әрекет жасады. Дәстүрлі сабақтарда оқушылар өздеріне қойылып жатқан бағалардан хабарсыз болып, тек сабақ соңында ғана баға қойылған кезде біліп, оларда жақсы көрсеткіш көрсетуге мүмкіндік бола бермейтін. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша оқушының бағасы нақты дәлелдемеге суйене отырып бағаланып, оқушылар алған бағаларымен сол сәтте хабардар болып отырады. Бұл оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулінің ұнағаны, оқушылар топ арасында бірін-бірі бағалап, сонымен қатар өздерін бағалап, мүғалімнің өздерінің ойымен санасқанын біліп, оқушыларда жауапкершілік сезімі арта түскенін байқадым. Мен сабағымда оқыту үшін бағалауды ауызша бағалап,стикерлер қолдандым. Оқушыларды топ арасында бағалау парағы бағалау критерилерін көрсетіп таныстырдым. Екінші және үшінші сабақтарымда оқушылар өзін-өзі бағалау парағын топта қолдана білді. Топ арасында оқушылар бағалау жүргізгенде , оларда жауапкершілік сезімдерінің артқанын, өз ойын еркін жеткізе алатындығы, оны басқа сыныптастарына тыңдата білгені маған өте ұнады. Маған көптен бері ойымда жүрген қиындықтардан шығу жолдарын оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі көрсетті.
Оқушылар жиынтық бағалауларды сабақтың соңында қадағалап отырды. Бұл жерде сабақтың соңындағы оқушылардың рефлексивті есеп жазғаны көп нәтижеге қол жеткізудің бірден-бір жолы, өйткені балалар сабақ барысында өздерінің нені білгендерін, оларға ненің түсініксіз болғанына көз жеткізуі болды Бұл бағдарлама барысында менің олардың ойымен санасқаным балалардың бойында өзіне деген сенімділікті арттырды. Оқуға деген ынтасын арттырып, білімге қызығушылығы арта түсті.
Мен келесі сабақты жоспарлағанымда, оқушылардың жазған рефлексивті есептері сабақта кеткен қателіктерді қайталамау үшін көп көмегін тигізді.. АКТ-ның пайдасы ақпараттың әртүрлілігі, мұғалімнің балаларға беретін мәліметтің кең көлемде, баланың түсіну қабілетін дамыту болып табылады. АКТ-ны пайдалану және бағдарламаның модулдерін кірістіру нәтижесінде сабақтарда мақсатқа айқын жетуге болатынын аңғардым.
Сыныпта бірлескен топтық жұмыстарда талантты және дарынды оқушылардың іс-әрекеттерін бақылау үшін тапсырманы біршама күрделендірдім. Тапсырманы орындаудағы байқағаным талантты мен дарынды оқушылардың сурет салуда ептілігі мен білімдерін, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін таныта білді. Топта қабілеттіліктің белгілі бір деңгейіне сәйкес келетін тапсырмаларды орындау кезінде балалардың оқуын, білімдерін қадағалауды пайдалана алатынымды аңғардым. Себебі, сабақта талантты мен дарынды оқушыларды анықтау үшін жоспар жасалуы қажет. Жоспар жүйелі түрде жасалуды қажет етеді. Нақтылы бөлімнен және бірнеше тапсырмалардан тұратын жоспар жүйелі жоспар болып табылады. Мен сабағымда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу модулін де кірістірдім. Мұнда тапсырмалар нәтиже көрсететіндей болу қажеттілігін басты мақсатта ұстандым. Олардың жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмаларды, сұрақтарды ұғынатындай және шеше алатындай етіп қойдым. Жас ерекшеліктеріне сәйкес жадыға байланысты күнде бірнеше сұрақтарды қайталатып отырдым. Сондағы бір байқағаным бірнеше рет қайталап отырған материал жадыда жақсы сақталып қалады екен. Балаға қойылған сұрақты түсінікті және жас ерекшелігіне байланысты үнемі тапсырмаларды жандандырып, түрлендіріп отыру қажеттілігін ескердім. Оқушыларда жас ерекшелігіне байланысты күрделі тапсырмаларды орындауда уақытқа байланысты кедергілер болып тұрды. Алдағы уақытта сабақ барысында уақытпен санасып жұмыс жасауға үйретуіміз керек.
Оқытуды басқару мен көшбасшылық модулін қолдану барысында түйгенім, дәстүрлі сабақтарда үнемі өзім көшбасшы болатынмын. Бағдарламаны қолдана кезеңінде әр топтың арасынан жұмысты қорғауға көшбасшылар шығып отырды. Алдыңғы сабақтарда үнемі үндемей отыратын оқушының, топтың жұмысын қорғауға шыққаны мені таң қалдырды. Менің бір байқағаным, оқушылар арасынан жақсы оқитын оқушы да, үлгерімі төмен оқушы да топтың көшбасшысы болуға ынталанады екен. Бұрынғы дәстүрлі сабағымда көшбасшы мен болатынмын, бағдарламаның жеті модулін кірістіріп өткенімде әр топтан көшбасшы сайланды.
Бірінші "Бетпе-бет" кезеңінде талданған бағдарламаның жеті модулдің қолданылуын пайымдадым. СТО, талантты мен дарынды оқушылармен жұмыс, АКТ, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру, білім берудегі жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытуды басқару мен көшбасшылық - бағдарламаның жеті модулін сабақтарыма кірістіре отырып, жаңаша сабақ өтуді меңгердім. Мен сабақтарымды жақсарту үшін кемшіліктермен жұмыс жүргізуім керек, білім беру тактикама өзгеріс енгізу арқылы, заман талабына сай құзырлы мұғалім болып қалыптасуым керек деп шештім.. Әдебиеттік оқу пәнін оқытуда жаңа тәсілдерді тиімді пайдалану, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, АКТ -ны қолдану, топпен жұмыс жасау, бір сабақ көлемінде және оқуда көшбасшыны шығару, диалогты қолдану, талантты және дарынды балалармен жұмыс жасау барысында іске асады. Оқушы үнін тыңдай отырып күнделікті формативті және суммативті бағалар қолдануым керек. Бағдарламаның жеті модулін кірістіріп өткен сабақтарымның сапалы болуына ,өзімнің де сабақтардағы қиындықтарды жеңіп, жетістікке жетіп, биіктерден көрінуіме кәміл сенемін. Бағдарламаны толық меңгеру үшін, мен әлі де болса үнемі ізденіс үстінде жұмыс атқаруым қажет деп білемін.


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген