ШҚО Көкпекті ауданы
Шұғылбай ауылы
«І.Жансүгіров атындағы орта
мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі:
Жаныбекова Айгерим Талгатовна
Сынып
сағаты
Сынып
сағаты: «Адам және
заң»
Сабақтың
мақсаты:
1) адамзаттың басты
құндылықтарын айыра білу;
2) дұрыс сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру, заң, құқық, міндет, борыш сияқты сөздердің мағынасын
ашу;
3) оқушыларды жауапкершілікке,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың
барысы:
1.
Кіріспе.
Қысқаша шолу. «Бүгін
сабақта»
Қазақстан – тәуелсіз
мемлекет.
ҚР
Конституциясы.
Өмір, денсаулық,
бостандық.
2 . «Қызықты сұрақтар» ойыны (сұрақтарға
жауап береді)
3. «Бәріміз
бірге!» ойыны ( қойылған сұрақтарға барлық оқушы
хормен жауап береді)
а)
Біздің мемлекет – ҚР.
ә)
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
б)
Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту,
елтаңба.
в)
Елорда – Астана.
г)
ҚР кім басқарады? – Президент.
Мұғалім: – Сен сияқты қаншама адам дүниеге
келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция
деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы –
Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес,
міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін
мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға
құқыған бар.Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта
білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі
бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өз Отаныңа
қызмет етуің үшін жасалған.
4.
Пікірталас.
-
Адамға не қымбат? – Өмір
15
бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
16
бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы
бар.
29
бап. 1.ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы
бар.
1. Азаматтар заңмен белгіленген
кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға
құқылы.
-
Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға
міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей
декларациясы».Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар
конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге
құқығыныз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға
көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап,
қорғауға міндетті».
Олай болса, біздің Отанымыз – Қазақстан
Республикасы.
Оқушы: Отан дейміз от жаққан
жерімізді
Отан дейміз өсірген
елімізді.
Отан дейміз туған жер,
атамекен
Биік тау, орман-тоғай
елімізді.
Сабақты
қорыту.
-Сендердің қазіргі міндеттерің? -Адамзаттың
басты құндылықтарын ата.
