Материалдар / Cыныптан тыс іс-шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Cыныптан тыс іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге апталық күндері болған кезде қолдануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2019
459
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар»

атты интелектуалды ойын.

Мақсаты:

  1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдетумен бірге қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

  2. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, дүниетанымын кеңейту. Тапқырлыққа, алғырлыққа зейінді болуға тәрбиелеу.

  3. Өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Ойын түрі: интелектуалды ойын.

Ойын әдісі: сұрақ – жауап

Ойынның барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сіздермен бірлесе отырып «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар» атты интелектуалды ойынымызды бастауға рұксат етіңіздер.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе біздің ойынымыздың шартын түсіндіре кетсек. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

Оқушыларды іріктеу,жұмбақтар жасыру

  1. Көкке шаншып құйрығын,

Келеді шауып жүйрігім? Құлыншақ

  1. Жердің жүзін шарлайсың

Онсыз еш жерге бармайсың

Көлікпен де, жаяу да

Саралайсың, таңдайсың. Жол


  1. Көп болса алыстасың

Мезетпен қашықтайсың

Асықсан аз болады

Табасың мұны қайсысың? Уақыт

  1. Қабат-қабат қаптама.
    Ақылың болса аттама. Кітап


  1. Ұстарамен алынбас,

Ұйысып тұрған қалың шаш? Егін


  1. Асты тас,

Үсті тас,

Ортасында шандыр бас. Тасбақа


  1. Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес, бірақ ол.

Дәм мәзірін қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол. Аспаз

  1. Басы- тарақ, арты –орақ. Қораз


1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып тетікті көтерген оқушы жауап береді. Егер де ол жауап бере алмаса келесі тетікті көтерген оқушы жауап бере алады. Әр жауап балдан есептеледі. Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.

Ойын толық жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.

2 кезең «Жорға» алты оқушы сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын

3 кезең «Ғажайып алаң» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі.

Ойын толық, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

4 кезең «Полиглот»

5 кезең Пікір-талас

«Батылдық- балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі- ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларымызды қошеметтеп қояйық. Ойынға сегіз оқушы қатысады.

1 оқушы __________________

2 оқушы __________________

3 оқушы __________________

4 оқушы __________________

5 оқушы __________________

6 оқушы __________________

7 оқушы __________________

8оқушы __________________

Ендігі кезек әділқазылар алқасы.

Бақ пен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шындарға биік қоңғайсың демекпіз. Ал жас қырандар 1- тур. «Бәйге» турын бастаймыз.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

1 кезең БӘЙГЕ

  1. Әлемдегі ең үлкен көл? (Байкал)

  2. Қаныш Сәтпаев кім? (геолог)

  3. Бір метрде не сантиметр бар? A)100

  4. Диқаншылық туралы ғылым? B)Агроном

  5. Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар? C)киіз үй

  6. Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. B)қоян

  1. Ағайынды бес туыс,

Жамылатын тоны бар.

Бесеуінде бес қуыс,

Сырттан кірер жолы бар. C) қолғап

  1. Бағдаршамның қай түсі жанғанда жүруге болады? C)жасыл

  2. Орыс тілі алфавитіндегі 6-шы әріпі қандай? D)Е

  3. Аппақ дала қара дән,

Дәнін сепкен – түсінуге жараған. А) әріптер

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құрқарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Сок қолыңды білімді жас талантқа.

2 кезең «Жорға»


  1. Ғылым – теңіз, білім - ...........? қайық

  2. 2 жүздік, 5 ондық, 7 бірлік қандай сан?

  3. Білім басы – бейнет, соңы – .........? зейнет.

  4. Ана тілің ......... неше тілге татиды? алпыс

  5. Туған жердің .... несі таныс? тасы

  1. Ғылым таппай мақтанба” өлеңінің авторы кім?

  2. ?(Абай Құнанбаев)

  3. Отан оттан да ..... ? ( ыстық)

  4. Сақ, ғұн ненің атауы?(тайпалардың)

  5. «Білім керек бәріне» өлеңінің авторы кім?(Қ. Мырза Әли)

  6. Ине көзінен сынады, шешен ....сынады?( сөзінен)

  1. Адамның есту мүшесін ата?(құлақ)

  2. Компьютер қасына қойылатын өсімдік?(кактус)

  3. Орман дәрігері? (Тоқылдақ).

  4. Қанның ағзаны аралап қозғалуы дегеніміз не?(қан айналымы)

  5. Күндіз көрмейтін құс? (Жапалақ).

  1. Ағаш көркі жапырақ,

Адам көркі.......................( шөберек)

  1. Денені не қаптап тұрады?(тері)

  2. Адам, жанурларға, өсімдік өміріне не қажет?(қорек, су, ауа, жарық, жылу)

  3. Күшіңе сенбе,.................(өзіңе сен )

  4. Ұя салмайтын құс? (Көкек).

1. Тау бұлағымен сәнді,
Көл.........сәнді. ( құрағымен)

2. Адам тастай берік,
Гүлдей............( нәзік
)

3. Денсаулық – .............(зор байлық)

4. Гүл - жердің көркі,.............(Қыз - елдің көркі.)

5.Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті ..... өлтіреді. (намыс )

  1. Жері байдың...................(елі бай)

  2. Күш-білімде ,…………. (білім кітапта)

  1. Ойнап сөйлесеңде,..............(ойлап сөйле)

  2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша?(жалғау)

  3. Футбол ойынының бір топ құрамында неше адам болуы керек?6 адам

2- жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын

3 кезең ғажайып алаң

математика

20 - Ең үлкен екі таңбалы сан.

30 - Фигураның периметрін қалай табады?

40 - Ең кіші екі таңбалы сан.

қазақ тілі

20 – Зат есімнің жекеше түрі дегеніміз не?

30 – Мен, ана, доп, әдемі, құлады осы сөздердің ішінен етістікті атаңыз? (құлады).

40 – Жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды ата. (а, о, ұ, ы). (ә, ө, і, ү, е, и, ю, я, (у).

әдебиет

20 – Құлағы мен көзі жоқ,

Жоқ, тіпті, қол мен аяғы.

Бірақ ғажап өнерпаз,

Мәнерлеп ою ояды.(аяз)

30 – Ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім?

40 – Ақыл базарда .........(сатылмайды)

ӘР ТҮРЛІ

20 – Түйенің төлін қалай атайды?

30 – Құмырсқаның үйі

40 – 16 желтоқсан қандай мереке?

4 кезең «Полиглот»

  • Судың үш күйін ата. (сұйық, бу, мұз)

  • Жылқының төлі қалай аталады?(Құлын)

  • Қалтасы бар жануар, ол қай жерде мекендейді? (Кенгуру, Австралия).

  • Сиырдың төлі қалай аталады? (Бұзау)

  • Үш биді ата. (Төле би, Әйтеке би, Қазбек би)

  • Ең тұңғыш қазақ ғарышкері кім?(Тоқтар Әубәкіров)

5 кезең Пікір-талас

Достық дегеніміз не?


Қазылар алқасының да шешімі дайын болған шығар! Қанекей, қарсы алайық!

Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойынымыз аяқталды.

Келесі кездескенше сау болыңыздар!


































Жақсы №1 орта мектебі









Ашық сабақ


Тақырыбы: «100 көлеміндегі қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерін пысықтау»








Өткізген: Жанабергенова А.Е.






2016-2017 оқу жылы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!