400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Cыныптан тыс жұмыс "Ойы жүйрік озады"

Материал туралы қысқаша түсінік
Cыныптан тыс жұмыс "Ойы жүйрік озады" тақырыбында 4 бөлімнен тұратын сайыс өткіздім. Бұл сайысқа оқушыларым белсене қатысты. Оқушыларым сайысты марапаттаумен аяқтады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жұмыс

Сыныбы: 3 « Д»

Тақырыбы: Ойы жүйрік озады.

Мақсаты: оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.

Ресурстар: Плакат,суреттер,шарлар

Барысы:

 Сәлем, достар, аман ба?

Мына бейбіт заманда.

Қуантамын бәріңді,

Білімдіден қалам ба?

Құрметті оқушылар, ұстаздар. Бүгін сіздер белсенді оқушылар арасында өтетін «Ойы жүйрік озады» атты сайыстың куәгері болғалы отырсыздар. Сайымызды бастамас бұрын білім сайысына құлшынып тұрған оқушыларымызды ортаға шақырайық. 12 сайыскер қатысады. (Қатысушылар ортаға шығады)

Өнер менен білімде

Әркімнің өз жолы бар.

Сайысарлық бүгінде

Өзіндік менің үнім бар- дегендей білімпаз топтар өздерін таныстырсын. (қатысушылар өздері туралы айтады)

1-топ Алғырлар

Ұраны: Білім шыңына жетеміз.

2-топ Ойшылдар

Ұраны: Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар

3-топ Тапқырлар

Ұраны: Білегіңе сенбе, біліміңе сен.

Шын жүйріктер сыналады жарыста

Әділқазы бағалайды сіздерді –деп қазылар алқасымен таныстырайық. (Қазылар алқасымен таныстыру)

Сайыс 5 бөлімнен тұрады.

I бөлім. «Жүйріктер»

 II бөлім "Жалғасын тап"

III бөлім "Ойнай жүріп, ойлаймыз"

IV бөлім « Білімді мыңды жығады" 

Vбөлім «Жеңімпаз»

Әр бөлімнен соң ұпайы ең төмен 2 оқушы ойыннан шығып отырады.

Ендеше, сайысымызды бастайық. Сайыскерлерге сәттілік тілейік.

Шақырамыз, келіңдер жарысуға,

Күш, өнер, біліммен алысуға.

Бар өнерді  салайық ортамызға,

Қанеки, кім озады бұл сайыста?!–деп I  «Жүйріктерді»  бөлімін бастаймыз.  Бұл бөлімде сұрақтар қойылады. Сұраққа қол көтеріп жауап беру керек. Қол көтеріп жауап бермесе жауап қабылданбайды. Әр бір дұрыс жауап 10 ұпайды білдіреді.

1Әліппенің атасы кім? Ахмет Байтұрсынов

2. Ғылым таппай мақтанба өлеңінің авторы кім? Абай

3. 1 дм-де неше см бар? 10

4.Табиғат нешеге бөлінеді? 2

5. .Еліміз қашан тәуелсіздік алды? 1991ж.16 желтоқсан

6.Үш биді атап бер. Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би

7. Тұңғыш Президент күні қашан? 1 желтоқсан

8. Еліміздің рәміздерін ата.  Елтаңба, Ту ,Әнұран

9. Жер көлемі бойынша Қазақстан әлемде нешінші орында 9-шы орында

10. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? 3-ке бөлінеді.

11. Бөлмеде  2 ит , 3 құс , 1 шыбын бар.Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?  (20)

12. Ы.Алтынсарин қандай өлең жазған? Кел,балалар оқылық.

13.Еліміздің астанасы қай қала? Астана

14. Қазақстан Республикасының Туының авторы кім? Шәкен Ниязбеков

15.20+30=50 қосындысындағы 30 саны қалай аталады? қосылғыш

16. Сынық сызықтың ұзындығын қалай табамыз? Ұзындықтың буындарын қосамыз.

17. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында ,

біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында. Барлығы неше 

үйрек ұшып барады? (3).

18. Тәуелсіздік күні қай күн? 16 желтоқсан

19. Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Олардың 

қаншасы қалды?  (1 торғай қалды, басқалары ұшып кетті)

20. Сөйлемнің түрлерін ата. Хабарлы, сұраулы, лепті

22. Ауаның қасиеттері. Түссіз,сығылады, серпіледі.

23.Мәтіннің қандай түрлері бар? 3

24. 16-ның жартысы қанша? 8

25. Екі қолда 10саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?  (50)

26. Желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата? Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова. 

(Қазылар алқасы ұпай санын есептейді. Ұпайы ең төмен 2 оқушы ойыннан шығады.)

Білім «аққан сел» дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең «Білім көп,

Ақыл-ойға кен» дейді –деп 2. "Жалғасын тап". Мен мақалды жартылай оқимын, ал сіздер жалғасын тауып айтасыңдар. Жалғасын білсеңдер, алдарыңдағы жалаушаны көтеріңдер. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.

1. Күш білімде,................. білім кітапта.

2. Білім басы - бейнет,..... соңы - зейнет

3. Қына – тасқа бітеді, ....... Білім – басқа бітеді.

4. Білімдіге дүние жарық............. Білімсіздің күні кәріп.

5. Жеті жұрттың тілін біл,............ Жеті түрлі білім біл.

6. Тіліңмен жүгірме, ..............біліммен жүгір.

7. Еңбек етсең ерінбей, ............ Тояды қарның тіленбей

8. Мектеп - кеме, ............. Білім-теңіз.

9. Бір тал кессең,............. он тал ек.

10. Білекті бірді жығар, ...........Білімді мыңды жығар

11. Оқусыз білім жоқ, ......... Білімсіз күнің жоқ.

12. Жер құтты болса, .............Мал сүтті болады.

13. Арпа, бидай ас екен,... Алтын, күміс тас екен.

14. Бақыт кілті........ еңбекте.

15. Көз қорқақ,....... қол батыр .

  Шапшаңдығын байқайық,

Кімнің ойы мықты екен?!

Кімнің күші аздау боп,

Кім озып алға шағар екен?!-деп 3."Ойнай жүріп, ойлаймыз" мозайка құрастырудан жарысады.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.-деп  IV бөлім. "Білімді мыңды жығады". Мәтіндегі бос орынға керекті суретті қойып, мәтінді толықтырады. Әр оқушы дайын болған мәтінін шығып оқиды.

Күн ыстық еді. Балалар 

Shape1 теруге тоғайға барды.

Дауыл қатты соғып, 

Shape2  сіркіреп жауа бастады.

Балалар 

Shape3  қайтты.

Көкек

Shape4 ұя салмайды.  Shape5 баспайды. Ол бір ғана туады. Жұмыртқасын торғайдың 

Picture 35

Shape6 тастап кетеді. Оны 

Shape7  басып шығарады.

Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз, жеңістерге бастаймыз.-де 

 5."Жеңімпаз" Әр топқа сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.

І топ

1.Тіл алғыш бала (елгезек)

2.Адамды тамақтандырады, бірақ өзі ештеңе жемейді.Ол не? (қасық)

3. Ұшатын көлік қалай аталады? (ұшақ, тікұшақ)

4. Үстел үстіндегі балықтардың үйі (аквариум)

5. Төрт тышқанның құлағы нешеу? (сегіз)

6. Жүрсең артыңнан ереді, бірақ орнында қалады.(із)

7. Қазақтың екі ішекті, көп пернелі саз аспабы (домбыра)

8. Кірпіге ұқсайтын өсімдік (кактус)

9. "Кел, балалар, оқылық" өлеңін кім жазды? (Ы.Алтынсарин)

10.Бос ыдыста неше құлпынай бар? (ыдыста ештеңе жоқ)

ІІ топ

1. Ата - анасының бірінші баласы (тұңғыш)

2. Циркте ең күлкілі әртіс кім? (сайқымазақ)

3. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш  қалады? (5)

4. Бағдаршамның көздері (үшеу)

5. Екі сабақтың арасындағы бос уақыт (үзіліс)

6. Қандай сұраққа "иә" деп жауап бере алмайсың? (қате)

7. Қалың ағаш өсетін жер қалай аталады? (орман)

8. Абылайдың шын есімі кім? (Әбілмансұр)

9.  Астана қаласының символы-Бәйтерек.

10. Есеп шығаруды үйрететін оқулықты ата (математика)

Болашақтың іргесін қалайтын ,Қазақстанның мерейін көтеретін азамат пен азаматшалар сендерсіңдер. Еліміз сендердің болашақтарыңнан зор үміт күтеді. Тек биіктен көрінулеріңе тілектеспіз.
Соңғы кезеңнің ұпай санын және жалпы қорытындыны хабарлау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі