400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Cурет салу. Тақырыбы: "Терек бұталары".

Материал туралы қысқаша түсінік
Терек бұталары жайлы түсінік беру, ағаштарды өзіндік ерекшеліктеріне байланысты бір-бірінен ажыратуға және терек бұталары суретін салуға үйрету, таза, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:________

«Бөбек» бөбекжай әдіскері:

Бекбаева Т.М Ұйымдастырылған оқу қызыметінің жоспары

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Cурет салу.

Тақырыбы: Терек бұталары.

Мақсаты: терек бұталары жайлы түсінік беру, ағаштарды өзіндік ерекшеліктеріне байланысты бір-бірінен ажыратуға және терек бұталары суретін салуға үйрету, таза, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,көрсету,түсіндіру, бейнелеу.

Қолданылатын құралдар: ақ қағаз, түрлі түсті қарындаштар, терек,бұталар.

Үш тілділік: терек-дерево-tree, бұта-ветки-branch


Оқу қызметінің кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті.


Cебепті қызығушылығын ояту кезеңі.


Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.


Тәрбиеші балаларға терек, үйеңкі, қайың жапырақтарын көрсетеді. –Балалар, не көріп отырсыңдар? Жапырақтар қайда өседі? Дұрыс, ағаштың бұталары болады, осы бұталарда жапырақтар өседі. –Балалар, бүгін біздің сабағымызға ақ лақтың қатысқысы келеді. Рұқсат етесіңдер ме? Ол жапырақтарды қалай салатынын сендерден үйренсем деп келіпті. Төрлет, ақ лақ.

Балалар шеңбер бойына тұрып, ашық аспанмен, күнмен, Жер- Анамен, бір-бірімен амандасады. Тәрбиеші балалардың жауаптарын бағалайды және олар өз ойларын толық айтуға талпынады.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.

-Балалар,қазір қағазға терек бұталарының суретін саламыз, теректің бұтақ шоғырының түрі пирамидаға, жапырағы жалпақ, сағақты, ромб пішініне ұқсайды. Терек жапырағы шыққанша гүлдейді. Терек ағашынан сіріңке, қағаз жасайды. (тәрбиеші терек бұтасы үлгісін қағаз бетіне түсіріп, балаларға салу жолын көрсетеді, түсіндіреді).

Терек бұталарын салу үшін қағаз бетіне, ең алдымен, үлкен бұтаны қалың сызықпен сызып салып аламыз, осы үлкен бұтадан тармақтап кішкентай бұталарды саламыз. Содан кейін терек бұтақтарына ретімен біртіндеп жапырақтар саламыз. Жапырақтарды қарындашпен әдемілеп, тегістеп бояймыз. (Тәрбиеші балалар салып болған суреттерді жинап алып, тақтаға іледі) -Балалар, ақ лақ түсінді ме екен? Сұрайық . Бәрін мұқият тыңдап алыпты, келесі сабақта әдемі жапырақтар салып әкелемін деп уәде беріп отыр. Онда келесі сабақта сенің суретіңді күтеміз.


Балалар тәрбиеші үйретуі бойынша қағаз бетіне үлкен бұтаны сала бастайды. Үлкен бұтадан тармақталып шығатын кішкентай бұталарды салады.

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі.










Балаларға алдын ала дайындалған терек жапырақтары таратылып беріледі, педагог тақтаға ілінген әр баланың суретін жеке-жеке көрсетеді, қалған балалар ұнаған суретті көрсеткенде алдарындағы жапырақты көтереді, ең әдемі терек бұталары солай анықталады.

Балалар ең әдемі суреттерді таңдап, қолдарындағы жапырақтарды көтереді.

Күтілетін нәтиже:


Біледі:терек түрлері және оның бұталарын қағаз бетінде түсіру ерекшеліктерін игереді.


Игереді: терек түрлері және оның бұталарын қағаз бетінде түсіру ерекшеліктерін игереді.


Меңгереді: қағаз бетіне қарындашпен терек бұталарын сала білу икемділігі мен дағдысы қалыптасады.


























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1598
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі