№ 11 Орта
мектеп
Пәні: Сауат
ашу
Тақырыбы: Д дыбысы мен
әрпі
Тәрбиешісі: Тұрғанбаева
Тілек
Тобы: МАД
«А»
2017/2018 оқу
жыл
Сабақтың
тақырыбы: Д дыбысы мен
әрпі
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Д дыбысының айтылу
ерекшелігімен таныстыру. Сөйлем ішінен д әрпі бар сөздерді тауып
жазу, д дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіру, дыбыстық талдау
жасату.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын,
тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту, сауатты, көркем жазу
дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік
мәні: Оқушыларды ұқыптылыққа, дұрыс
оқуға, білімді, дарынды, озық ойлы болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың
әдісі: Сұрақ-жауап,
түсіндіру.
Сабақтың
түрі: Жаңа
сабақ
Сабақтың
көрнекілігі: Д әрпінің баспа және жазба
түрлері
Сабақтың
барысы:
I Ұйымдастыру
кезеңі
Үлкенге де
сіз
Кішіге де
сіз
Барша адамды
құрметтеп
Бас иеміз
біз.
II Өткенді
қайталау
С дыбысы мен
әрпі
-
Оқушылар өткен сабақта қандай
дыбыспен таныстық? С дыбысы
-
Балалар дыбыс нешеге бөлінеді?
Дауысты және Дауыссыз
-
С дыбысы қандай дыбыс?
Дауыссыз, қатаң дыбыс
Жарайсыңдар балалар ендеше
өткен тақырыбымызға байланысты сіздерге жұмбақ жасырамын. Балалар
жұмақты шешуге дайынбызба?
-
Жаздай інге
тығылып,
Жатқан қызыл
түлкіні.
Құйрығымен
суырып,
Әкелді әжем бір
күні. (Сәбіз)
Сәбіз-сөзін буынға бөлгізу, с
дыбысы қай буында тұрғанын тапқызу
Сергіту
сәті:
III Жаңа
сабақ
Балалар біз жаңа сабақты
бастамас бұрын біз алдымен жұмбақты шешіп
алайық.
-
Суға
салсаң-батпайды,
Ұрсаң-тыныш
тұрмайды. (ДОП)
-
Бір түймелі, екі
желілі,
Күйдің көрігі, әннің
көлігі (ДОМБЫРА)
Жарайсыңдар балалар ендеше біз
доп, домбыра, телефон сөздерін буынға бөліп
көрейік.
Жалғасын тап
ойыны:
Шарты: Балалар мен сіздерге сөздің
алғашқы буындарын айтамын, ал сіздер соңғы буынын тауып, қандай сөз
шыққанын айтасыңдар.
Мысалы: Дом-..., Дас-..., Дәс-...,
Ден-....
Жарайсыңдар балалар мен
жасырған буындарға толық жауап бердіңдер ендеше балалар
дәптерлерімізді алайық.
Балалар алдымен Д әрпін ауада
жазып көрсетіп, д әрпін біз қалай көрсетуге болады? Жақсы балалар
енді үлгі бойынша д дыбысының кіші және бас әрпін бастырып
жазайық.
Сергіту
сәті:
Орнымыздан
тұрамыз,
Алақанды
ұрамыз.
Бір отырып, бір
тұрып,
Біз тынығып
аламыз.
«Сөйлем
құра» тапсырмасы бойынша сөйлем
құрастырайық.
Мысалы: Маржан
домбыра үйірмесіне қатысады. Балалар
аулада доп ойнап
жүр.
Жарайсыңдар балалар! Келесі
біздің ойнайтын ойынымыз «Кім шапшаң»
ойыны.
Ойын шарты: Мен тақтаға
бірнеше сөздерді ілем, ал сіздер ілінген сөздерде неше әріп бар
екенін цифрмен көрсетулеріңіз қажет.
-
Домалақ-7, Дойбы-5, Дос-3,
Дорба-5
Жарайсыңдар
балалар!
Қорытынды: Балалар бүгін біз қандай
дыбыспен таныстық?
Ойын: Әріптердің ішінен Д әрпін
тауып бояу
Мадақтау