жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Д дыбысы мен әрпі
тақырыбы: Д дыбысы мен әрпі |
||
ҰОқ-ның оқыту мақсаты |
Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау. Сұрақтарға жауап беріп берілген сурет бойынша əңгіме құрастыру. Берілген суреттерден мəліметті тауып, аттарын атау. Сөз, сөйлем сызбасын құру. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу. Сөйлемдердің түрін анықтайды. |
|
Күтілетін нәтиже |
Барлық тəрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады. Д дыбысы – дауыссыз дыбыс, д дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі д дыбысының орнын ажыратады. Д əрпінің баспа түрін таниды, жаза алады. |
|
тілдік мақсат |
Тəрбиеленушілер: Балалар шағын əңгіме құрстырады, берілген сұраққа толық жауап береді. Сөйлемдегі сөздердің санын анықтап, сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөйлем түрлерін анықтайды. ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары. Суретте не болып жатыр деп ойлайсың? Балалар қайда оқиды? Балалар немен ойнайды? Доптың пішіні қандай? Бассейнде Д əрпіне ұқсап отырған бала қайсысы? |
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
ресурстар |
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин. |
Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады. Достық туралы əңгімелеп, балалардың қолына гүл шоқтарын ұсынып, бір-бірлеріне жақсы тілек айтқызады.
Педагог балаларға «Екі дос» ертегісін дауыстап оқып береді. Екі достың ормандағы іс-əрекетін талқылайды. Балаларға ертегі бойынша сұрақ қояды. Балалар сұраққа жауап беріп, ертегіні мазмұндайды.
|
|
|
||
ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6 – 27мин |
Əліппе-дəптермен жұмыс.
1-тапсырма
Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?
Сурет бойынша балалар сұраққа жауап беріп, əңгіме құрайды.
Балалар қайда ойнады?
Сызба бойынша үш сөзден тұратын сөйлем құрайды.
Балалар немен ойнады?
Сызба бойынша үш сөзден сұратын сөйлем құрайды.
Доптың пішіні қандай? Сұраққа жауап беру кезінде Д дыбысы естілетін сөздерді ажыратады.
2-тапсырма. Суреттегі ойын құралдарын атайын айтады. Дартс, доп, домино.
Ойын құралдарының атауын түсіндіріп, ойынның қалай ойналатынын қысқаша көрсетеді. Ойын құралдарының атауын буынға бөледі
3-тапсырма. Д əрпін бейнелейміз.
Сергіту сəті Қолды жоғары көтеріп, Демалып бір алайық. Доп сияқты домалап, Секіріп, секіріп алайық.
Денемізді бос ұстап,
Шынығып бір алайық.
Балалар өлең жолдарын қимылмен айтады.
4-тапсырма. Педагог тапсырмада берілген сөздерді оқып береді. Балалар қимылды білдіретін сөздерді суретпен сəйкестендіріп, бірнеше сөйлем құрастырады. Мысалы: Айгүл келді. Сəкен жүзді. Асан мен Досан жарысты. Айман дірілдеді. Досжан секірді.
«Бассейнде Д əрпіне қай бала ұқсайды?» сұрағына жауап алады. Д əрпіне отырған бала ұқсайды.
«Демалыс күні» өлеңін оқып береді. Дір-дір етті сөзін қимылмен көрсетуге тапсырма береді.
Д əрпінің баспа түрін жазу жолдарына жазады.
|
Əліппе-дəптер.
Сөйлем сызбасы жазылған плакат.
Доптың суреті,
Сызба.
Əліппе-дəптер
Үнтаспадан музыка тыңдату
Əліппе-дəптер
|
IV. ҰОҚ-ның қорытындысы.
28-30 мин |
Педагог балалардың белсенділігін, үлгерім деңгейін бақылап, оқу қызметін қорытындылайды. (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды. |
Əліппе-дəптер |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген