жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Д дыбысы мен әрпі
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-тоқсан. |
Мектеп: «Төрткүл» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
|||||||
|
Күні: 12.11.2018 жыл |
Мұғалімнің аты-жөні: Мырзабай Роза |
|||||||
|
Сынып: 1 сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Д д дыбысы мен әрпі |
|||||||
|
Оқу мақсаты: |
1. Д д дыбысы мен оның таңбасымен таныстырып, д дыбысына сөздер, сөйлемдер ойлаттыру. 2. Сөздік қорларын молайтып, қиял, ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Еңбектенуге, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу. |
|||||||
|
Сабақтың мақсаттары:
|
Барлық оқушылар орындай алады Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Кейбір оқушылар орындай алады Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
|||||||
|
Тілдік мақсат: |
|
|||||||
|
Бағалау критерийі: |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
|||||||
|
Құндылықтарды дарыту: |
Бір-бірлерінің пікірін тыңдау, өз ойын ашық білдіру, топта белсенді болу, топпен бірге ортақ шешім қабылдау. |
|||||||
|
Пәнаралық байланыстар: |
Сабақ барысында жаңа сөздерді орыс тілі және ағылшын тілінде айтқызу. |
|||||||
|
АКТ-ны қолдану дағдылары: |
ноутбок, видео проектр, дыбыс күшейткіш. |
|||||||
|
Алдыңғы білім: |
|
|||||||
|
Сабақтың барысы: |
||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс – әрекет |
Ресурстар |
||||||
|
Сабақтың басы: 2 минут 3 минут 8 минут |
І. Ұйымдастыру кезеңі. а) Балалардың дайындығын тексеріп, сабаққа көңілдерін аудару. ә) Психологиялық дайындық. Қуан шаттан, қуан шаттан, Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң, қайырлы таң, Қуанамыз біз бүгін. - Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасып алайық. Сонымен бірге біздің сабағымызға хайуанаттар бағынан көптеген аңдар да келіпті. Олар сендердің осы уақытқа дейін алған білімдеріңді тексеру үшін өздерімен тапсырмалар ала келіпті. Ендеше сол тапсырмаларды орындап, оларға өз білімдерімізді көрсетейік.
1-топ дыбыс деген не? 2-топ әріп деген не? 3-топ дыбыстан не құралады? 4-топ дыбыс нешеге бөлінеді? 5-топ дыуысты дыбыс деген не? 6-топ дауыссыз дыбыс деген не? Жарайсыңдар арыстан риза болды. . 2 Жолбарыстың тапсырмасы 1-топ осы сөзді еге бөлеміз? 2-топ жұмбақ жасырамын сол жұмбақтың жауабын буынға бөлу 1. Бес баллада бір бешпет, Бір киініп, бір шешпек. ( қолғап ) 2. Жазда тынығады, Қыста зымырайды. ( шана ) 3. Гүлдерге қонады, Шырынын сорады. Түр түсі сары ала, Бұл не ? ( ара ) 4.Қолымда бес алма Тағы алдым үш алма Болады неше алма? (сегіз) Жарайсыңдар жолбарыс риза болды сендерге 3-қасқырдың тапсырмасы. Сөздерді буындап оқып шығыңдар. Ша-ра, Шо-на, ар-ша, ата, са-на, су-ат, а-сау, та-на, та-ра, ау-лау, лау-ла, о-лар, а-рал, А-нар, ана, ло-ла. Жарайсыңдар қасқыр рахмет айтып жатыр. Ал балалар бірнеше аңдардың сұрағына жауап бердік |
мектепке мұғалім кітап Топтық жұмыс Жеке жұмыс |
||||||
|
Сабақтың ортасы/ сабақтың негізігі бөлімі: 20 минут |
ІІІ. Жаңа сабақ. Топтастыру. Ал балалар бүгін біз жаңа сабағымызбен таыс боламыз. Бүгін мына суретте көріп тұрған нелердің суреті екенін айтып оның басында қандай дыбыстар естіліп тұр? Міне бұдан д дыбысы естіліп тұр Д дыбысы дауыссыз дыбыс мұнда дыбыс кедергілерме шығып тұр. Кәне бәріміз айтайық д-д-д деп. Ол сөздің басында , ортасында келетінін айту. Д дыбысына бірнеше мысал келтіру. 5. Қоянның тапсырмасы. Ребус шешу Домбыра ою піл Ребус шешуі: ( доп ) Міне осы сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру. Бала доппен -------------------ойнайды. Сергіту сәті. Бір, екі, үш Жинап алып күш. Қолға қалам аламыз, Көркем етіп жазамыз. 4. Түлкінің тапсырмасы. Дәптермен жұмыс. « Д » әрпін ауада жазғызу. Дәптердегі үзік сызықты бастырып жазу. Д дыбысын дұрыс жазу, оның ережесін дұрыс пайдалану |
Жеке парақшалар Сәйкестендіру Жұмыс дәптер, түрлі-түсті қарындаштар
|
||||||
|
Сергіту сәті: 3 минут |
Даңғыраны ұр қатты, Дәл қайтала ырғақты. Дүрсілдетіп даланы, Поезд кетіп барады. Ду, ду, ду, ду, ду, ду. |
|
||||||
|
Сабақтың соңы: 5 минут
|
ІҮ. Жаңа сабақты қорытындылау. 5. Аюдың тапсырмасы. Бүгінгі сабақта қандай дыбыспен таныстық? Дыбыстар нешеге бөлінеді ? Олай болса « Д » дыбысына байланысты жаңылтпашты жаттай отырып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Доста сән Достасамын. Достас жаным, Досқа мәлім. |
«Бағдаршам» арқылы оқушылардың сабақты түсінгенін түсінбегенін анықтау.
|
||||||
|
Қосымша мәліметтер: |
||||||||
|
Саралау- оқушыларға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз ? Еліміздің негізгі белгілерін анықтатамын, мән мағынасын айтқызамын. Суретке қарап кейіпкерлерді анықтайды және олардың ерлігі туралы ойын айтқызамын. Қабілетті оқушыға қалай түрлендіресіз? Өз бетінше осы кейіпкерлер туралы қосымша ақпараттар айтады. негізгі белгілер туралы және олардың авторы Ә. Тәжібаев жөнінде ойларын айтқызамын. |
Оқушылардың жауаптарын тыңдап, бақылаймын. Оларды формативті түрде бағалаймын. Топтық тапсырма кезінде сыныпты аралап жүріп кімнің көбірек жұмыс жасағанын бақылаймын. Қатыспай отырған оқушылар болса топқа араласуына жағдай туғызамын. |
Пәнаралық байланыс. Дүниетану, жаратылыстану математика. Орыс, ағылшын тілдері Денсаулық және қауіпсіздік. Жазу барысында қаламсаппен дұрыс жұмыс жасау ережесін сақтау. |
||||||
|
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым?Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер және неге? |
|
|||||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||||||||
Тексерілді----------------------
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген