400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Д дыбысы мен әрпі "

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал топ тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 14.02.2019

Тәрбиеші: Сейдахметова А.С

Өтпелі тақырып: «Техника және біз»

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: «Д» дыбысы мен әрпі

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Адамгершілікке, бір-біріне деген сыйластық сезімге тәрбиелеу. 

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. 

Оқыту: Дауыссыз «Д» дыбысы және әрпімен таныстыру. Буындарға дыбыс қосу арқылы жаңа сөздерді құра білуге машықтандыру: ай-тай-шай. «Доп», «Домбыра» сөздеріне дыбыстық талдау жасату. Жай сөйлемдерді жайылма сөйлемдерден айырмашылығын көре білуге үйрету, сөйлемді сөздерге бөлу, санын анықтату, «Д» әрпінің таңбасын таңбалатуға жаттықтыру.

Педагогикалық технологиялар:Сұрақ-жауап,әңгімелесу,түсіндіру,оқу.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Интерактивті тақта, слайд,тапсырмалар

Көптілділік:қазақша,орысша,ағылшын

1.Ұйымдастырушылық кезеңі

Күнім күліп арайлы,
Тереземнен қарайды
Достарыммен шеңберге,
Тұрғанымды қалайды
Ерте-ерте-ертеде екі дос болыпты. Біреуі - дыбыс, екіншісі - әріп. Ешкім оларды айыра алмапты, қайсысы дыбыс, қайсысы әріп екенін. Ал сендер білесіндер ме?
Кәне оны кім айтып береді?Дыбыс дегеніміз не?
Әріп дегеніміз не?Жақсы, балалар. Енді дыбыстар екі түрлі болады екен. Қандай? (дауысты, дауыссыз).Дауысты дыбыс екенін қалай білуге болады?
Дауыссыз дыбыс екенін қалай білуге болады?Балалар, біз қандай дыбыстарды өттік?
ІІ. Д/ойын Сөз тап, тез тап (топпен жұмыс)
ІІІ. Д/ойын Үйін тап
Тапсырма: суреттегі сөздерді буынға бөліп, өз үйін табуға көмектесіндер. 

2.Негізгі бөлімі

 Жаңа сабақ(доп)
Ол сөз қай дыбыстан басталады?
Сонда бүгін қандай жаңа дыбыспен танысамыз? (Д)
2) Дыбыстың артикуляциясы
Д дыбысы қалай айтылады?
(Тілдің ұшы үстіңгі күрек тіске тиіп қашып отырады)
3) Дыбыстың сипаттамасы
Д дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
Неге олай ойлансындар?
Оны қандай түсті текшемен белгілейміз?
4) Дыбыстық талдау жасау
Доп сөзіне
Неше буын?
1-ші дыбыс қандай? (д – дауыссыз, көк текшемен белгілейміз)
2-ші дыбыс қандай? (о – дауысты, қызыл текшемен белгілейміз)
3-ші дыбыс қандай? (п – дауыссыз, көк текшемен белгілейміз)
Неше дауысты дыбыс?(1)
Неше дауыссыз дыбыс? (2)
Барлығы неше дыбыс? (3)
(бір бала тақтада, қалғандары орындарында)
5) Сөйлем құрастыру
Мен доппен ойнадым
(бір бала тақтада, қалғандары орындарында)
6) Д, д - әрпімен таныстыру
Мынау Д - бас әрпі, д - кіші әрпі, ал мынау жазбаша түрлері.
Ереже: Бас әріппен – кісінің аты, фамилиясы, қалалардың аттары жазылады.
Мысалы: доп, домбыра, дала, дос. 
V. Әліппе-дәптермен жұмыс
Ненің суреттерін көріп тұрсындар?
VІ. Дыбыстық талдау
VII. Д/ойын Кім шапшаң
Д дыбысы бар сөздерді айтындар
Д дыбысы сөздің қай жерінде тұр?

3.Қорытынды

Қандай дыбыспен таныстық?
Дауысты ма, дауыссыз ба?
Қандай текшемен белгілейміз?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
536
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі