400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Д дыбысы мен əрпі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Д дыбысы мен əрпі. Дауысыз дыбыс екендігі жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні:

Сауат ашу

Мектеп:

№123 «Самал» жалпы орта мектебі

Сабақ тақырыбы:

Д дыбысы мен əрпі.

Күні:20.11.2018ж

Мұғалімнің аты –жөні:


Сынып: МАД «В»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.

0.1.3.1. Сұрақтарға жауап беріп берілген сурет бойынша əңгіме құрастыру.

0.2.1.2. Берілген суреттерден мəліметті тауып, аттарын атау.

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

0.3.2.1. Сөйлемдердің түрін анықтайды.

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады.

Д дыбысы – дауыссыз дыбыс, д дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі д дыбысының орнын ажыратады.

Д əрпінің жазбаша түрін жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша сұраққа жауап беріп мазмұндайды.

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.

Д дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы д дыбысының орнын ажыратады.

Жазу жолына əріп элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Д дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады. Д əрпінің баспа түрін таниды, жаза алады.

Тілдік мақсат:

Тəрбиеленушілер:

Балалар шағын əңгіме құрстырады, берілген сұраққа толық жауап береді. Сөйлемдегі сөздердің санын анықтап, сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөйлем түрлерін анықтайды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Бадминтон, домино,бассейн, ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары.

Суретте не болып жатыр деп ойлайсың? Балалар қайда оқиды?

Балалар немен ойнайды? Доптың пішіні қандай?

Бассейнде Д əрпіне ұқсап отырған бала қайсысы?

Өткен ҰОҚ алған білім

Сөз, сөйлем құрайды. Əріптердің баспа түрін жаза алады. Сұрақтарға толық жауап береді.


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 минут


Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.

Достық туралы əңгімелеп, балалардың қолына гүл шоқтарын ұсынып, бір-бірлеріне жақсы тілек айтқызады.

Педагог балаларға «Екі дос» ертегісін дауыстап оқып береді.

Екі достың ормандағы іс-əрекетін талқылайды. Балаларға ертегі бойынша сұрақ қояды.

Балалар сұраққа жауап беріп, ертегіні мазмұндайды.


ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут









ҰОҚ ортасы ІІІ. Тақырып

бойынша жұмыс. 6-27 минут


















(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма

Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?

Сурет бойынша балалар сұраққа жауап беріп, əңгіме құрайды.

Балалар қайда ойнады?

Сызба бойынша үш сөзден тұратын сөйлем құрайды.

Балалар немен ойнады?

Сызба бойынша үш сөзден сұратын сөйлем құрайды.

Доптың пішіні қандай?

Сызбаға қарап екі сөзден тұратын сөйлем құрайды.

Сұраққа жауап беру кезінде Д дыбысы естілетін сөздерді ажыратады.

2-тапсырма. Суреттегі ойын құралдарын атайын айтады.

Дартс, доп, домино.

Сөздік жұмысы

Дартс – спорттық ойын түрі. Қабырғаға дөңгелек нысана ілінеді. Қандай да бір қашықтықтан нысанаға садақшаларды лақтырады.

Ойын құралдарының атауын түсіндіріп, ойынның қалай ойналатынын қысқаша көрсетеді. Ойын құралдарының атауын буынға бөледі.

3-тапсырма. Д əрпін бейнелейміз.

Педагог балаларға түрлі пішіндер қимасын таратып береді.

Балалар түрлі пішіндерден Д əрпінің баспа түріне қарап отырып, əріпті бейнелейді.

Түрлі түсті моншақтарды жіпке тізіп, Д əрпін бейнелейді.

Д – ұяң дауыссыз дыбыс. Д дыбысын айтқанда тілдің ұшы төмен түседі жəне астыңғы тістерге барып тіреледі, дауыс желбезектері дірілдейді.

(Ұ) Сергіту сəті

Қолды жоғары көтеріп,

Демалып бір алайық.

Доп сияқты домалап, Секіріп, секіріп алайық.

Денемізді бос ұстап,

Шынығып бір алайық.

Балалар өлең жолдарын қимылмен айтады.



4-тапсырма. Педагог тапсырмада берілген сөздерді оқып береді. Балалар қимылды білдіретін сөздерді суретпен сəйкестендіріп, бірнеше сөйлем құрастырады. Мысалы: Айгүл келді. Сəкен жүзді. Асан мен Досан жарысты. Айман дірілдеді. Досжан секірді.

«Бассейнде Д əрпіне қай бала ұқсайды?» сұрағына жауап алады. Д əрпіне отырған бала ұқсайды.

«Демалыс күні» өлеңін оқып береді. Дір-дір етті сөзін қимылмен көрсетуге тапсырма береді. Д əрпінің баспа түрін жазу жолдарына жазады.


IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.

28-30 минут

Педагог балалардың белсенділігін, үлгерім деңгейін бақылап, оқу қызметін қорытындылайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
369
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі