Материалдар / Дайын ҚМЖ.қазақ тілі 7-сынып✔бағасы арзан➡️
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дайын ҚМЖ.қазақ тілі 7-сынып✔бағасы арзан➡️

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырып -Қазақстан халқы Ассамблеясы – татулық бастауы. 7-сынып.3-тоқсан.14 сабақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2024
143
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

Ж.Сералина

Пән/Сынып:

Қазақ тілі, 7-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

2-тоқсан, 5- апта, №14 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

7-бөлім: Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан халқы Ассамблеясы – татулық бастауы

Оқу мақсаттары:

7.Ж4. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)

7.ӘТН 4.2. Еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсіну

Сабақ мақсаты:

эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазады; еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсінеді

Бағалау критерийлері:

  • эссе құрылымын сақтап жазады;

  • тақырыпқа байланысты өз көзқарасын білдіреді;

  • мәтіннен еліктеуіш сөздерді анықтап, тұлғасына, құрамына қарай ажыратады

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1-2 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Сабағымыздың тақырыбы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы – татулық бастауы»

Бүгінгі сабақта:

  • тақырыпқа байланысты берілген мәселеге көзқарастарыңызды білдіріп, дискуссивті эссе жазасыздар;

  • мәтіннен еліктеуіш сөздерді анықтап, қолданысын түсінесіздер..

Оқушылардың белсенді жұмыс жасауға деген ынтасын бақылау.

Презентация, оқулық.

4 минут



















10-15 минут

Жаңа сабақ

















Тапсырмалар


Тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Қазақстан халқы Ассамблеясы - еліміздің ұлттық саясатын жүзеге асыру міндеті жүктелген орган. Ол 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған.Бұл бірегей мекеме еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, елдегі тұрақтылықты сақтау мен ел дамуына айтулы үлес қосып келеді.

Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда ұлттар мен ұлыстар арасында бейбітшілік, тату қарым-қатынас орнап отыр. Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеті, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті жағдай жасалған. Ұлт мәдениетін дамытатын бірлестіктердің саны тұрақты өсуде. Қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. Сонымен бірге 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар, 7 тілде телебағдарламалар шығады.

Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.

Ал 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толды. Соған орай 2015 жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жарияланды.

Тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қандай орган?

Аталған мекеменің мақсаты қандай?

2015 жылы Халық Ассамблеясына неше жыл толды?



Өзіңізді тексеріңіз

Қазақстан халқы Ассамблеясы қандай орган?


еліміздің ұлттық саясатын жүзеге асыру міндеті жүктелген орган

Аталған мекеменің мақсаты қандай?


қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру

2015 жылы Халық Ассамблеясына неше жыл толды?


20 жыл




Дискуссивті эссе – көтерілген мәселе бойынша ой қозғау, шындықты айқындау; немесе пікірді, ұстанымды өзгерту; проблеманы жан – жағынан көруге мүмкіндік береді. Дискуссивті эссе талдай отырып жазылады.

Эссенің жазылу құрылымы:

1. Кіріспе.

Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі

2. Тақырыпты дамыту.

Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізді қолданып, дәлелдейсіз (аргументация)

1.Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер

2. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер

3. Қорытынды.

Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы



Тапсырма. «Ассамблея жылы – халықтар бірлігінің кепілі» тақырыбында дискуссивті эссе жазыңыз.

Өзіңізді тексеріңіз

Ассамблея жылы – халықтар бірлігінің кепілі

Қазақстан халқы Ассамблеясы – тұрақтылық пен бейбітшіліктің жаршысы.

Қазақ елі тағдырдың жазуымен жер аударылып келген түрлі ұлыстарға төрінен орын беріп, бір үзім нанын бөліскені белгілі.Қиын-қыстау кезеңге тап болған өзге ұлт өкілдеріне қашан да қамқор болып, ағалық мейірімін аямаған.

Бүгінде елімізде мекен еткен ұлт пен ұлыстарға өз мәдениетін дамытып, салт-дәстүрін сақтауға лайықты жағдайлар жасалған. Олардың әрқайсысының ұлттық мәдени орталықтары тұрақты жұмыс істейді. Мәдени орталықтар әр халық өкілдерінің өз ұлттық дәстүрлерін сақтауға зор ықпал жасап келеді. Сонымен бірге, көпұлтты Қазақстанның мәдени жағынан әртарапта дамуына үлес қосып келеді.

Әлем елдері Қазақстанды көпұлтты мемлекет ретінде біледі, елдегі ұлт пен ұлыстың мызғымас татулығы, бірлігі өзгелерге үлгі боларлықтай.

«Жігерлі болса, ер болар, бірлікті болса, ел болар» дегендей, елімізде саяси тұрақтылықты сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясының алатын орны ерекше.

Тапсырма. Көмекші етістіктерімен берілген еліктеу сөздерден еліктеуіштерді теріп жазыңыздар.

Зу-зу етіп. Елпең қақты. Бұрқ етті. Жарқ-жұрқ етеді. Саңқ етіп. Шыр-шыр еткен. Селк ете қалды. Шып-шып терледі. Сыңғыр еткен. Гүрс етіп атылды. Сарт-сұрт ете қалды. Дір-дір етті. Күрк-күрк жөтелді. Салдыр-күлдір құлады. Зып етіп. Қалт тоқтады. Жалт қарады. Пыс-пыс етіп ұйықтады.

Жауап

Саңқ етіп. Шыр-шыр еткен. Сыңғыр еткен. Гүрс етіп атылды. Сарт-сұрт ете қалды. Күрк-күрк жөтелді. Салдыр-күлдір құлады. Пыс-пыс етіп ұйықтады.






3-4 минут

Қорытынды

Қорытынды

  • тақырыпқа байланысты берілген мәселеге көзқарастарыңызды білдіріп, дискуссивті эссе жаздыңыдар;

  • мәтіннен еліктеуіш сөздерді анықтадыңыздар.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!