жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Даланың дара ұстазы
Даланың дара
ұстазы
Үлкен-кішіміздің қай-қайсысымыз болмасын
балаларды білім алуға, ғылым-ілім үйренуге, талаптанып
оқуға шақырған Ұлы Ұстаз Ыбырай Алтынсариннің "Бір
Құдайға сиынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен
тоқылық", – деп басталатын өлеңін жатқа білеміз. Ал,
сол өлеңнің "Бір Құдайға сиынып" деген
жолын тек еліміз өз Тәуелсіздігін алған жылдардан бастап қана
айтып, қосып жаза бастадық емес пе. Ұстаздың қай шығармасын
алмайық, мысалы, "Таза бұлақ", "Бай баласы мен жарлы
баласы", "Әке мен бала", "Бір уыс мақта" бәрі де жас ұрпақты
мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, адамгершілікке,
еңбекқорлыққа, білімділікке шақырады. Бүгінгі ақпараттық
техника заманында да Ыбырай атамыздың шығармалары мәні мен
мағынасы, тәлімдік-тәрбие-лік, ағартушылық жағынан ал-ғанда
өзінің маңызын әлі жойған жоқ. Сонау 1861-1863 жылдары
он тоғыз жастағы Ы.Алтынсарин қазақ балалары үшін Торғай
өңірінде алғаш рет бір сыныптық мектеп ашу ісін қолға
алып, әуелі оның үйін тұрғызудан бастағанының өзі – көзсіз ерлік
деп айтуға болады. Жергілікті халықтан ақша жинап, мектепке
керекті материалдар сатып алып, ата-аналардың көмегімен мектеп үйін
тұрғызады. Оқу алғаш 1864 жылы қаңтар айында салтанатты түрде
ашылып, той жасалады. Ыбырай 14 қазақ баласын оқуға қабылдайды.
Олар мектеп жанынан салынған интернатта жатып оқитын болады. Өзінің
осы істері жайында профессор
Н.Ильминскийге 1864 жылдың қаңтарында жазған хатында
былай дейді: "Осы жылы қаңтардың 8-і күні менің көптен күткен
арманым орындалып, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі
де жақсы, есті балалар…"
Мысалы барлық балалар жатқа білетін «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі-білімге шақыру ұраны. Ыбырай өлеңінің әр шумағында өнер-білімнің айрықша құндылық қасиеттерін суреттеп, оқушыға білімнің баға жетпес артықшылығын дәлелдей алды.
Бүгінгі күндегі өткір мәселенің бірі — балаларды жаппай оқытумен қамту. Кейбір жастардың ақшам болса, бәріне жете аламын, білімсіз де күн көре аламын деген қате пікірін осы өлеңнің идеясы жоққа келтіреді, білімсіз, еңбексіз табылған байлықтың баянсыздығын ұғындырады:
Бұл дәулеттің байлығы,
Бір жұтасан жоқ болар.
Оқымыстының байлығы
Күннен күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.
Ақын жастарды еңбексіз табылған байлықтан гөрі, қоғам үшін пайдалы болуға және үнемі дамып отыратын білім байлығын меңгеруге үндейді.
Кел, балалар,
оқылық
Бір
құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық
,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен
тоқылық..
Істің болар
қайыры
Бастасаңыз
аллалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны
қармалап.
Кел, балалар,
оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен
тоқылық.
Оқысаңыз,
балалар,
Шамнан шырақ
жағылар,
Тілегенің
алдыңнан
Іздемей-ақ
табылар.
Кел, балалар,
оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен
тоқылық..
Мал дәулеттің
байлығы,
Бір жұтасаң жоқ
болар,
Оқымыстың
байлығы,
Күннен-күнге көп
болар,
Еш жұтамақ жоқ
болар.
Кел, балалар,
оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен
тоқылық.
Сиса көйлек
үстіңде
Тоқуменен
табылған.
Сауысқанның
тамағы
Шоқуменен
табылған...
Өнер-білім бәрі
де
Оқуменен
табылған.
Кел, балалар,
оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен
тоқылық.
Әлпештеген
ата-ана
Қартаятын күн
болар.
Қартайғанда
жабығып,
Мал таятын күн
болар.
Ата-енең қартайса
–
Тіреу болар бұл
оқу,
Қартайғанда мал
тайса
Сүйеу болар бұл
оқу.
Кел, балалар,
оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен
тоқылық.
Ыбырай Алтынсарин ескерткіші
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында туған. 1857 жылы Орынбор қаласының қазақ мектебін сәтті тәмамдады. 1869 жылдан бастап Ы.Алтынсарин Торгай уезінің мектеп инспекторы болып жұмыс істей бастады. Екі сыныпты орыс-қазақ мектептерін ашты, олардың бәрінде де кітапханалар ұйымдастыруға зор мән берді.
Алтынсарин
ескерткіші 1970 жылы Қостанай қаласындағы 1-қазақ орта мектеп-интернатының
алдындағы алаңға қойылды. Мүсіншісі Н.А. Щербаков, археолог В.Д.
Горчинский мен И.А. Покровский. Алтынсарин ескерткіші граниттен
қашалып, жалтырата өңделген мәрмәр текшемен
қапталған бетон тұғырға орнатылған. Биіктігі 3,5 м.
Қасбетіне қазақ және орыс тілдерінде "Ыбырай
Алтынсарин 1841 - 1889.
Қазақтың ұлы педагогі,
ағартушы және ғалым" деген жазу қашалып
жазылға

Ыбырай Алтынсарин кесенесі – ұлы ұстаз және ағартушының моласы орнындағы ескерткіш. Ескерткіш Тобыл өзенінің оң жағалауында Қостанай қаласынан 7 км жерде орналасқан.

Қостанай облыстық Алтынсариннің мемориалдық мұражайы
Ы.Алтынсаринның шығармашылғы
Ы.Алтынсаринның шығармашылық жұмыстары да жемісті
болды. 1879 жылы екі кітабы жарық көрді:«Қазақ хрестоматиясы» және
«Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы», а в позднее
«Мақтұбақ».
Қазақ
әліппесінің және орыс графикасы негізінде жазудың пайда болуы
Ы.Алтынсарин атымен байланысты.
Ы.Алтынсарин дарынды қазақ жазушыларының бірі болды. И.Крылов,
Л.Толстой шығармаларын қазақ тіліне ауларып, қазақ әдебиетінде
көркем аударма жанрын қалыптастырды.
Ы.Алтынсарин
қазақ әдеби прозаларын көптеп жазған.
Шығармалары
Оқушыларды неге
тәрбиелейді?
1 «Әке мен
бала»әңгімесі «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың,азға
қанағат етпесең,көптен құр қаларсың», -
дейді.
2 «Асыл шөп»
әңгімесі -Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты «сабыр»
деген, -дейді. Сабырлылық,шыдамдылық,төзімділік,ұстамды болуға
үндейді.
3 «Бақша
ағаштары»әңгімесі Тәрбие бағу-қағудан басталады деген ойды
меңзейді. Тәрбиелі болуға, адамгершілікке, үлкенді сыйлауға
үйретеді.
4
«Байұлы»әңгімесі «Батаменен ер көгереді», «Баталы ұл арымас» -
деген халық қағидаларының өміршеңдігін әңгімеге арқау етіп,
жастарды қайырымды, ізгі жүректі болуға, жоқ-жітік, жетім-жесірге
қамқоршы болуға үндейді.
5 «Алтын
шекілдеуік»әңгімесі «Не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа,асылы
ішінде болар»
6 «Тәкәппәрлық
»әңгімесі Кішіпейілділіктен опық жемейсің, тәкәппарлық ұятқа
қалдырады.
7 «Мейрімді
бала», «Шеше мен бала», «Аурудан аяған күштірек» Мейірімділік,
рақымды болу, адамға жаксылык ету, төзімділік сияқты жақсы
қасиеттерге баулиды. Бала әке-шеше алдында өзін мәңгі қарыздар
сезінуі керек.
1
«Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш» әңгімесі. «Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш
құрлы жоқсың, сенде еңбек ет,боска жатпа»-дейді. Оқушыларды
еріншектік, жалқаулықтан бойларын аулақ ұстауға
шақырады.
2 Сараңдылық
пен жинақылық Үнемділікке, ұқыптылыққа қанағаттыққа, қамқорлықа,
әдептілікке баулиды.
Талаптың
пайдасы Талаптылықты, зеректікті
қалыптастырады.
3 Таза бұлақ
Адамгершілікке, ақылға, жақсы істен ғибрат алуға, жақсылық жасауға,
мейірімділікке тәрбиелейді.
4 Қарабатыр
Достыққа, төзімділікке, қайырымдылыққа
жетелейді.
Қорытынды:
Ыбырай Алтынсарин шығармаларында көтерілген екінші бір өзекті мәселе: жастарды түрлі жақсы қасиеттерге баулу, жаман қасиеттерден жирендіру мәселесі. Оның «Хрестоматиясының» бірінші беттерінен-ақ балаларды оқуға, өнерге, ұкыптылыққа, тазалыққа, мейірімділікке шақырған әңгімелер мен өлеңдер жиі кездеседі.
Бала жанының зергері Ы.Алтынсарин әңгімелерінің бәр-бәрі де бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне орай тілі жеңіл, мазмұны тартымды, олардың жан дүниесіне әсер етерліктей етіп берілген. Осы әңгімелерді мұғалімдер мен ата-аналар балаларды ұқыптылық пен сабырлылыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу мақсатында пайдалануға болады.
Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин жазба әдебиетіміздің төрінен заңды түрде орын алып отыр.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген