400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Даланың дара ұстазы" (Ы.Алтынсарин 180 жыл)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ы.Алтынсарин 180 жыл толуына орай .ұстаз туралы мектеп оқушыларына,ұстаздарға дайын материал ұсынып отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бір Аллаға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық


(Ы.Алтынсарин)




«Даланың дара ұстазы»

( Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл)


Қазақтың ұлттық мәдениеті - адамгершілік.Әр дәуірдің өз педагогтары,классиктері, жарық жұлдыздары болған. Саналы ғұмырын ағартушылыққа, жан-жақты терең білім-өнерге, бар жігерін жас ұрпақты оқытуға арнаған, қазақтың қара домалақ балаларының сауатын ашумен қатар, осы жас ұрпақ білім алсын деп,мектеп ашқан атамыз -Ыбырай Алтынсарин. Адамгершілік-қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі,сондықтан Ы.Алтынсарин әңгімелерінде мінез-құлық, іс-әрекет, жақсылық пен жамандықты жақсы дәріптеген.Еңбектері -

нде және шығармаларында балаға білім беру,жан-жақты дамыту үшін, рухани-адамгершілік табиғатын дәріптеу мақсатында сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жетеді. Ұлы ағартушы,бала шынайы адамдықты танып білуді, өз ой-пікірін еркін жеткізуді , рухани-адамгершілік білімді өз туындыларында тиек еткен.Ы.Алтынсарин қазақ елінің патша үкіметінің отарлық саясаты кезінде ұлттық санасын, мәдениетін, салтын сақтап, одан әрі дамуын біліммен байланыстырды. Қазақ халқының өзге ұлттан кем болмауын көздеді, соны дәріптеді, өз халқының прогрестік жолы оқу білімде, деп білді.

Ыбырай атамыз жас ұрпақтарға дұрыс тәрбие беру, яғни «Баланы дұрыс күт,оған жас күннен түзу тәрбиеле, қисығын түзе, адасса айқын жолға салу», бұл баланың болашақ өмірі үшін қажет,есейіп кеткен соң түзету қиынға түсіп,өмірінде адасатындар көп болады. Ыбырайдың бұл әңгімесі қазіргі мектеп балаларын  тәрбиелеу үшін де үлгі бола алады.Ы.Алтынсаринның өз халқын оқуға, өнерге үндеуі, надандыққа, зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кезде әлеумет өміріндегі теңсіздіктің бетін ашып, өмір шындығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуі ұлт ұстазының басты қағидаларының бірі болды.

Сондықтан да Ыбырай Алтынсариннің  рухани- адамгершілік  білім беру қағидасы, қазіргі таңда  да  өз  мәні  мен  өзектелігін  жоғалтпай келеді.

Ағартушы-ұстаздың рухани- адамгершілік маңызы бар тәрбие беретін туындыларын басты қағида ретінде , өзімнің ұстаздық жолымда ұстана отырып,болашақта оқушыларыма да кеңінен дәріптеп, жеке  өмірілерінде   кеңінен қолдануына еңбек етіп келемін. Мектеп оқушыларының түсінуіне жеңіл, тіліне жатық әңгімелерді беруімен бала түйсігін жүйелілікпен қалыптастыруға тырысамын.«Қазақ деген–жасанды мінезі жоқ, қарапайым халық, бірақ сол қарапайымдылығының өзінде оның, көп жақсылығы жатыр» деп ұлы ұстаз айтқандай,өз елімізге қолдан келгенше кызмет ету - біздің әрқайсымыздың борышымыз.

Қорыта айтқанда, ұстадық жолында, жеке  тұлғаны  адалдыққа,  еңбекке,  ұқыптылыққа, талаптылыққа  тәрбиелеуді,  адамгершілік  жақсы  қасиеттерді, олардың  бойына дарыту  үшін  , әрқашан еңбек етуден жалықпайық. Адами  мінез-құлықтарын  өздері  игере  алуларына қол ұшын соза отырып, ағартушының бізге мұраға қалдырып кеткен еңбектерін қадірлеп, ол еңбектердің мәңгі өмір сүруін қамтамасыз ету.



Бастауыш сынып ұстазы: Едресова Б.К












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
640
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі