Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дәмді алмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Хайрушева Макпал Насиевна,

Қ. Сағырбаев атындағы 1-санатты тәрбиешісі

БҚО, Бөкей Ордасы ауданы

Саралжын ауылы

Тобы: 2-3 жас

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлім: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Дәмді алмалар»

ҰОҚ мақсаты: Ермексаз кесектерін бөледі Дөңгелектеу,ширату тәсілін пайдалана біледі. Жемістерді мүсіндей ала алады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: 4К, ынталандыру, сұрақ-жауап, саралау, бақылау, ойын, Блум технологиясы

Ресурстар: Жемістер муляжы, ермек саз, тақтайшалар,дымқыл шүберек.

Дамытушы орта: Топта

ҰОҚ кезеңдері;

Тиімді әдіс-тәсілдер: - Ынталандыру

- сұрақ-жауап

- Миға шабуыл

4К-(сыни ойлау, коммуникация)

Бақылау –(Құрымдалмаған, жаппай, тікелей, қысқа мерзімді)

Бала үні, Сыни ойлау

Мазмұны:

ҰОҚ өту барысы:

Шаттық шеңбері:

Ашық менің жүрегім,

Ылғи күліп жүремін.

Бірге ойнап бір жүрер,

Достарым көп білемін.

Жұмбақ жасыру:

Санай алмай шаршадым,

Найзасы бар қанша мың.

Батыр емес бірақ-та,

Қашып жүрер шырақта.( кірпі)

ҰОҚ негізі кезең:

Ғажайып сәт: Балалар бізге кірпі хат жолдапты ,ол өзінің үстіндегі алмаларын жоғалтып алғанын айтады,балалар кірпіге көмектесеміз бе

-Мен сендерге жұмбақ жасырамын, жұмбақтың шешуін тапсаңдар кірпінің жақсы көретін азығы шығады.

Жұмбақ

Әрі қызыл,әрі тәтті,

Татқан жері тағырқатты

Ол не екен? (алма)

-Балалар дұрыс айтасыңдар.

-Алма денсаулыққа өте пайдалы,оның құрамында витаминдер бар, сендер алманы көп жесеңдер үлкен болып өсесіңдер.

-Балалар, кірпіге жоғалтқан алмаларын тауып беруге көмектесеміз бе?

Ендеше, ермексаздан алма мүсінін мүсіндеп берейік

Жасалу реті көрсетіледі

Балалар бірінші ермексаздың түсін таңдап аламыз, оны кесіп бөліп алып, алақанға салып жұмсартамыз домалақтау арқылы алма мүсіндейміз, ширату арқылы сабағын мүсіндейді.

Балалар тәрбиешінің көрсетуімен бірге алма мүсіндейді. Кенже есімді бала алма мүсіндеуде қиналды, оған алма суретін салуға беру.Ал, Нұрбибі балалардан бұрын алманы тез мүсіндеп болды.

Құрылымдалған. Қимылды ойын:

«Жемістерді жина» мақсаты:

Нұсқауды тыңдау арқылы балаларда тыңдалым дағдылары қалыптасады.Топпен жұмыс жасауды үйренеді.Қимыл –қозғалыс кезінде ептілік шапшаңдық қабілеттері қалыптасады.

Ресурстар: Алма ағашы, себеттер, түрлі пішіндегі , түрлі түсті алмалар.

Ойынның шарты: Тәрбиеші ойынның шартын өзі түсіндіреді,нұсқаушыны өзі таңдайды.Балалар нұсқаушының қолындағы алманың түсіне, пішініне

қарап ажыратып егер үлкен алма түсі қызыл болса үлкен себетке,кіші түсі сары болса,кіші себетке салады.

ҰОҚ қорытыңды кезеңі: -Кім алманы жақсы мүсіндей алды?

- Кімнің алма жемісі әдемі шықты?

Мадақтау, Сыни ойлау, Коммуникация, Сиқырлы смайлик тарату













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2021
542
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12