жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дәмханадағы ас мәзірі. 8-сынып
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Дәмханадан тамақ ішемін |
Мектеп: Көксу ЖББМ |
||
|
Күні: 24.10.2017 |
Мұғалімнің аты-жөні: Абеуова М.К |
||
|
Сынып: 8 |
Қатысқандар:12 |
Қатыспағандар: 0 |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Дәмханадағы ас мәзірі |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
Оқылым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді оқу барысында мәтін мазмұны негізінде қажетті деректерді анықтап, мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, берілген сұраққа жауап береді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқу материалдарының мазмұны негізінде деректерді тақырып бойынша қолдана отырып, дәлелді жауап бере отыра, коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай қарым-қатынасқа түседі. Кейбір оқушылар орындай алады: Оқылым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап береді және мәтін мазмұнын өз ойымен дамытады. |
||
|
Бағалау критерийі |
1. Мәтіндегі деректерді анықтап, мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді және берілген сұраққа жауап береді. 2. Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтай отыра мәліметтерді жинақтайды, диалог құрастырады. 3. Мәтінде көтерілген мәселеге өз ойларын дамытып ұсына алады. |
||
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Күнделікті өзгеріп отыру, бір апталық, жеңіл, көбіне. Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Біздің ойымызша, дұрыс/дұрыс емес құрастырылған. Талқылау сұрақтары
|
||
|
Құндылықтарға баулу |
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы |
||
|
Пәнаралық байланыс |
Информатика, орыс тілі |
||
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
«Мектеп дәмханасы», «Дәмханада отбасымен, достарымен тамақтану» тақырыбы |
||
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы Қызығушы-лықты ояту кезеңі 5 минут |
1.Оқушылармен сәлемдесу 2.Оқушылардың психологиялық ахуалын қалыптастыру. «Жүректен жүрекке» тренингі. 3. Сынып оқушылары берілген тағамның аттары арқылы топтарға топтастырылады. І-топ. «Бірінші» тобы ІІ-топ. «Екінші» тобы ІІІ-топ. «Десерт» тобы Ж. «Серпілген сауал» әдісі. 1-тапсырма. Өткен тақырыптың меңгеру деңгейін анықтауға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін оқушыларға сұрақтарға жауап бергізу. 1. Біздің мектептің асханасы қандай? 2. Асханада таңғы асқа не дайындайды? 3. Ыстық тамаққа не аласыңдар? 4. Десертке не жегенді ұнатасыңдар? С. Оқушыларға сұрақ:
Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі. |
|
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы |
С. 2-тапсырма «Ой қозғау» әдісі 1. Иллюстрациялар бойынша ас мәзірін оқушылармен талдай отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
2. Сөздік жұмысы. Ж,ЖЖ,ТЖ. 3-тапсырма. Мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап беру. 1. Оқылым. «Түртіп алу» әдісі. Жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін 50-беттегі мәтінді оқиды. 2. Сұрақтарға жауап беру. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Бағалау критерийі:
Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі
4-тапсырма. Жұптық жұмыс «Екі бөлікті күнделік» әдісі бойынша жұмыс дәптерінде кестені толтыру.
Дескриптор: - Бірінші тағам түрлерін жазады - Екінші тағам түрлерін жазады - Үшінші тағам түрлерін жазады
Қалыптастырушы бағалау: «Алма ағашы» әдісі. 5-тапсырма. ӘТКЕНШЕК (КАРУСЕЛЬ) әдісі. Қалыптастырылатын дағдылар:
Алгоритмі Оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Әрбір топқа белгілі бір тақырыпқа қатысты жазылған сұрағы бар А3 форматтағы қағаз беріледі. Әрбір плакатта әртүрлі сұрақтар болуға тиіс. Оқушылар топтарында жұмыс істейді, бұл ретте оларға бастапқы сұраққа негізделген өздерінің жауаптарын, ойлары мен идеяларын жазуға берілген регламент сақталуы керек. Бұдан кейін өздерінің жауаптарын оңай тануы үшін әрбір топқа түрлі-түсті қалам беріледі. Берілген уақыт аяқталған соң оқушылар басқа сұрағы бар келесі плакатқа көшеді. Олар алдыңғы топтың жауаптарын оқиды және олармен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін талқылайды. Егер олар келіскен жағдайда, құстұмсық қояды. Келіспесе, түсініктеме жазып, өз шешімдерін негіздей алады. Осыдан кейін оқушылар қойылған сұрақ бойынша өз ойларын жазады. Егер олардың идеялары бұрынғы топтың жазбаша жауаптарынан туындаса, сызықшамен идеяларды қосуға болады.
Талқылау сұрақтары 1-топ. Дәмхананың ас мәзірі қалай құрастырылған? 2-топ. Әр күні әртүрлі тамақтанған дұрыс па? 3-топ. Лицей асханасы мен мектеп асханасының қандай айырмашылығы бар? ( салыстыру)
ҚБ. «Көңіл-күй одағайы» |
|
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы
|
Үйге тапсырма. 51-бет 3-тапсырма. Рефлексия. Сұрақтарға жауап бергізу. Бүгін Сіз не білдіңіз? Бүгін Сіз үшін не қызықты/пайдалы болды? Сіз нені басқаша істер едіңіз? |
Парақшада жазылған сұрақтар |
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||
|
Барлық оқушылар орындай алады: «Серпілген сауал» әдісі арқылы сұраққа жауап береді. Жаңа сөздерді меңгереді. Жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін арттыруға қол жеткізу үшін «Түртіп алу» әдісі арқылы оқыған ақпараттың негізгі мазмұнын түсінеді. Берілген сұрақтарға жауап бере алады. Кесте толтырады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқу материалдарының мазмұны негізінде деректерді тақырып бойынша қолдана отырып, дәлелді жауап береді. Коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай қарым-қатынасқа түседі. Кейбір оқушылар орындай алады: Оқылым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап береді және берілген сұраққа өз ойын дамытып ұсына алады. |
|
Денсаулық сақтау технологиялары «Жүректен жүрекке» тренингі, сергіту сәті және топтық, жұптық жұмыста бірін-бірі тыңдау, қолдау, т.б. топта талқыланады. «Әткеншек» әдісімен орындаған тапсырмада оқушылардың белсенділігі артады.
|
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|
|
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген