Даму жұмысының бағыттары Күтілетін нәтижелер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Даму жұмысының бағыттары Күтілетін нәтижелер

Материал туралы қысқаша түсінік
Импрессивті сөйлеуді дамыту: 1) Қолжетімді лексикалық тақырыптар бойынша енжар сөздікті жинақтау және қоршаған ортадағы адамдардың сөзін түсіну көлемін кеңейту;
Материалдың қысқаша нұсқасы

3. Түзете-дамыту бағдарламасы

Бағдарламаның жасалған күні:

Баланың аты-жөні:

Жасы: іжас

ПМПК аңғарымы: Психикалық дамуының тежелуі. Сөйлеу тілінің бұзылыстары.Сөйлеу тілінің тежелуі

Маман (профилі): Логопед Сарсекеева Гулзира Кудайбергеновна



Мерзімі

Даму жұмысының бағыттары

Күтілетін нәтижелер

Жетістік туралы белгі

Ескертпе

Айналым:

I






Оқу мерзімі:

06.01.202505.06.2025

Тіл дамыту: импрессивті сөйлеуді дамыту



Импрессивті сөйлеуді дамыту:

1) Қолжетімді лексикалық тақырыптар бойынша енжар сөздікті жинақтау және қоршаған ортадағы адамдардың сөзін түсіну көлемін кеңейту;

2) Заттар мен әрекеттерді олардың ауызша атауымен сәйкестендіре алуға үйрету, түрлі әрекеттерді түсіне алуды қалыптастыру;

3) «Ма, ме» демеулік шылауларын пайдаланып болымды және болымсыз етістік бұйрықтарын дифференциациялау;

4) «Үстінде» және «жанында» үстеулерін қолдануды үйрету;

5) Зат есімнің жекеше және көпше түрін ажырата алуды дамыту;

6) Жай сөйлемдерді түсіне алуды дамыту: 7) Жанама септіктер сұрақтарын түсінуді қалыптастыру;

8) Заттық және сюжеттік суреттер бойынша қарапайым сұрақтарды түсінуін балаларға оқыту.


Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру (бұнда сөйлеудің кез-келген фонетикалық рәсімделуі рұқсат етіледі).

1) Қысқа сөйлемдермен, сөз тіркестерімен, сөздермен ересектердің сөйлеуіне еліктеу қажеттілігін тудыру;

2) Ашық буынды бір буынды, екі буынды, үш буынды сөздерді айта алуды дамыту;

3) Өзінің есімін, топтағы балалардың, туғандарының есімдерін, лексикалық тақырыптар бойынша заттарды атай алуды дамыту;

4) Етістіктер сөздігін кеңейту;

5) Заттарды сипаттау үшін сын есімдердің көмегімен түсін, көлемін, дәмін атай алуды дамыту;

6) Қарапайым сұрақтарға жауап бере алуға оқыту;

7) Сұрақтар бойынша сөз тіркестерін құрастыра алуды қалыптастыру: «Қандай?»;

8) «Үстінде» және «жанында» үстеулерін қолдануды үйрету;

9) Кішірейткіш-еркелету мәніндегі зат есімдерді құрастырып жасауға арналған жаттығу; зат есімдермен «менікі» есімдігін келістіруге арналған жаттығу;

10) Суреттер бойынша сөз тіркестерін сын есім + зат есім; зат есім+етістік сызбалары бойынша құрастыруды үйрету;

11) Кішігірім балалар тақпақтарының және өтірік өлеңдердің сөздерін аяқтап айта алуды үйрету;

12) Сұрақтарға қысқа сөз тіркесімен немесе 2-3 сөзден тұратын қарапайым сөйлеммен жауап бере алуды қалыптастыру.


Фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру.


1) Дыбыстың орнын және оның бағытын анықтай алу білігін қалыптастыру.

2) Дыбысталып жатқан заттың сипатын ажырата алуды дамыту;


3) Тілдік және тілдік емес дыбыстарға еліктеуге оқыту.


Қоршаған ортамен танысу

Сенсорлық тәжірибе: Бала үшін қоршаған ортадағы заттарды сезіну және көру маңызды. Мысалы, әртүрлі материалдармен ойнау (құм, су, түйіршіктер, саз) арқылы сенсорлық ынталандыру жасау, бұл оның физикалық және когнитивтік дамуы.

Қарапайым және нақты тіл қолдану: Баланың тілдік қабілеттерін дамыту үшін қарапайым және нақты сөйлемдермен сөйлесу, сондай-ақ күнделікті іс-әрекеттерде оның түсінуіне көмектесетін сөздерді қолдану қажет. Мысалы, “Бұл көк”, “Бұл ыстық” деп айту.

Қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдыларды дамыту: Қоршаған ортаға деген қызығушылықты арттыру үшін басқа балалармен және ересектермен ойын арқылы қарым-қатынас орнатуға көмектесу маңызды. Бұл баланың эмоционалды және әлеуметтік дамуына ықпал етеді.

Кері байланыс беру: Баланың әрбір әрекетіне қолдау көрсету және оның жетістіктерін атап өту өте маңызды. Ол өзінің әрекеттерін түсініп, қоршаған ортаға әсер етуін сезінеді.

Ұсақ саусақ моторикасын дамыту.

Сазбен/пластилинмен жұмыс: Сазбен/пластилиннен доптар жасау, пішіндер жасау, саусақпен із қалдыру.

Жіпке моншақ тізу: Ірі моншақтарды жіпке тізу.

Түймелерді ілу/шешу: Үлкен түймелерді ілу және шешу.

Жалпы сөйлеу біліктерін тәрбиелеу.

1) Балаларға қарым-қатынас орнатушы сұрақтарды түсінуді үйрету;



2) Қарым-қатынастың вербалды емес құралдарын түсіне алуды дамыту: таңдану, тәнті болу, өкіну интонациясы, қарапайым эмоция, ым-ишара, қимылқозғалыс және мимика бар сұрақтар интонациясы;


3) Қолмен еліктеу қимыл-қозғалыстарын орындай алуға үйрету; ымишарамен сәлемдесу немесе қоштасу; интонация: ым-ишараға және мимикаға сәйкес, балаларға қолжетімді вербалды құралдарды белсендендіру.









3.1 Түзету-дамыту бағдарламасының мазмұны

Дамыту жұмысының бағыттары

Дамыту жұмысының әдістері, әдістемелері, тәсілдері, құралдары.

Сөйлеуге еліктеушілігін арттыру.


1 Бала мұғаліммен амандасады

Бұл ойын әрбір дыбысты пысықтауға қолданылады

Дидактикалық ойын: «Дұрыс айт»

Шарты: Балалар суреттерді пысықтай отыра, атауларын айтады, әрбір сөздерге тоқталып екпін қойып айтады.

Мысалы: Логопед: Мына сандықтың ішінде не бар екенің көрейік? (затты суреттер)

Бұл затты суреттерге мұқият қарайды (мұғалім өзі айтады балық – ата, апа, бақа, бота, бала, үй, мата, маса, тау)

Бала сандыққа жақындап суреттерді алып атауын айтады, мұғалім баланың жауаптарын қадағалайды, көмектеседі.

Дидактикалық ойын: «Не мяу?» деді

Қажетті материалдар: магнитофон немесе ноутбук, үй жануарларының дауыстары басылған аудиобасылым.

Логопед үй жануарларының дауысы басылған аудиобасылымды қосады. Балалар тыңдап, естіп, ненің дауысы екенін айтады.

«Не қалай дыбыстайды» ойынына ұқсас болады, бірақ жануарлардың орнына құстардың дауысы.

Дидактикалық ойын: «Менімен қайтала»

Шарты: - Айсулудың үйінде нелер бар екенін көрейік: тауық, қаз, балапан, бұзау. Балалар карточкалардағы суреттерге қарап, нелер бар екенін атай отыра олардың қалай дыбыс білдіретіндерін айтады.

Маса өлеңі - зу-зу-зу

Қоңыз өлеңі - жу-жу-жу

Дауылпаз өлеңі - бум-бум-бум

Пойыз өлеңі - чух-чух-чух

Сиыр өлеңі - мө-мө-мө

Көкек өлеңі- ку-ку-ку

Сырнай өлеңі- ду-ду-ду

Жел өлеңі- у-у-у-у


Сөйлеу тынысын дамыту.







Дыбыстық сөйлеу тілін меңгерту.




Сөзді түсінуін дамыту.





Артикуляциялық жаттығу











«Майшамды өшіру». Дем шығарғанда қағаздан жасалынған майшамды сөндіру.

Кім ұзақ» - дем алу, дем шығару кезінде дауысты дыбыстар тіркесін айтады: а, а-о, а-у, а-э, а-ы, а-о-у, а-о-ы, а-о-у-э, о, о-а, о-у, о-ы, о-э, о-а-у, о-у-а, о-а-э, у, у-а, у-о, у-ы, у-э, у-а-э, у-а-о, у-ы-а, э, э-а, э-о, э-у, э-а-у, э-а-о, ы, ы-а,ы-о, ы-у, ы-э, ы-а-у, ы-а-о, ы-о-у.


Карталар мен суреттер: Суреттер арқылы сөздерді үйрену, оларды байланыстыру.

Жазу мен сурет салу арқылы дыбыстарды жазу және сурет салу арқылы сөйлеу тілін дамытуға көмек көрсету.


«Кімге не керек?»

Құралдар: ыдыстар: кастрюль, қазан, шайнек, ожау, плита; фонендоскоп, ойыншық шпателі, шприц, ақ халат, тонометр; кітап, доп, қалам, көліктің рөлі.

Шарты: Балаларды үстелдін үстінде (ыдыстар: кастрюль, қазан, шайнек, ожау, плита; фонендоскоп, ойыншық шпателі, шприц, ақ халат, тонометр; кітап, доп, қалам, көліктің рөлі) тұрған ойыншықтарға жақындатып сұрайды: (мына заттардың ішінен кімнің заты? кімге жұмысына не қажет?) деп сұрайды.

Дұрыс қабырғалы тыныс алу үшін мұғалім көмегімен: ыңғайлы позицияны (жақсырақ тұрып), мұрынмен терең тыныс алады, тынысын баяу ауыздан шығарады. Сондай – ақ алманы мұрынмен терең иіскеп, ауызбен тынысты шығарады.
- Ауыздан шыққан ауаның тыныс күшін ұлғайтуға арналған жаттығу:

«Құс ұшты» – таяқшаның ұшында құсты үрлеп ұшырамыз. Қолды жылытамыз - алақанымызды үрлеп жылытамыз.
- Мұрын және ауыз тынысын ажыратуға мына жаттығу арқылы:
Мұрынмен терең тыныс алып ауыз арқылы а-о. о-о дыбысын айтып шығару.

Мұрынмен терең тыныс алып ауыз арқылы о-у. у-у дыбысын айтып шығару.

Мұрынмен терең тыныс алып ауыз арқылы а-а. у-у. о-о дыбысын айтып шығару


«Түтікше»-  тілді жалпақ ете ауыз қуысында шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеретін түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек.

«Сағат»- тілді ауыз қуысынан шығарып жіңішкертіп ұстап, оңға, солға қимылдату керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

«Саңырауқұлақ»-ауызды кең ашып, тілді таңдайға жабысырып ұстап тұру  ұстау.

«Ат шауып келеді»- ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру-айыру немесе таңдай қағу. «Моторды оталдыру» -ауызды ашып,жоғарғы тістің артына тілдің ұшына қойып, діріл жасау

«Қақпашы»-жоғарғы және астынғы тістерді көрсетіп ерінді жымиған түрде ұстау

«Футбол»-ауызды ашып,тілдің ұшын екі ұртқа кезектестіріп тигізу.Содан соң ауызды жауып қайталау


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.00.2025
62
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі