жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕРІ
ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕРІ
Р.А.Касимова
Екібастұз қаласының №18 жалпы орта білім беретін мектеп-коммуналдық мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
Еліміз егемендік алғаннан бері білім беру саласында елеулі өзгерістер болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып өзгерді. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі-білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикалық тұтас педагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз байланысты.
Бастауыш саты-бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп-оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: "Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады"-деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болу үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын, тәрбие міндетінің қоғамның мақсаты мен талап тілегінен туындайтынын, теория мен тәжірибенің бірлігін, әрекет-дамудың көзі екендігін, қарама-қайшылықсыз дамудың жоқтығын, оқытудың білімдік, дамытушылық, тәрбиелік сипатын, тәрбинің білімдік, дамытушылық сипатын, оқыту мазмұны мен жоспары, бағдарламаның оқу-тәрбие мақсатымен сәйкестігін т.б. нақты білу керек. Бұл білімдер мұғалімнің педагогикалық прцесте қателіксіз еңбек етуіне мүмкіндік жасайды.
Дамыта оқыту технологиясы-күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында. Мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілінде т.б. Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда. Педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім-тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденушілігі психологияның айтуы бойынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім берудің үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
Дегенмен де адам психикасын дамытудағы ең қажетті құрылым-оқыту болса, кез келген оқыту есте сақтау мен білімді дамытады. Ал оқыту мен дамыту өз алдына жеке үрдіс бола алмайды, өйткені екеуі де жеке тұлғаның дамуына әсер етеді. Қазіргі таңда жеке тұлға қоғам үшін белсенді түрде, яғни аз уақытты қамтып, жоғары сапалы дәрежеде дамуы қажет. Сол үшін бұл педагогикалық технологияны-дамыта оқыту технологиясы дейміз. Дамыта оқыту жеке тұлғаның дамуына бағыт-бағдар беріп, белсенділігін арттырады. Физиологиялық дамуда бала бойының өсуі, бұлшық еттің дамуы, салмақтың қосылуы, яғни дені сау, шыныққан, шыдамды тағы басқа қорытындылар айтуға болады.
Ал психикасы туралы не дер едік? Оның қаншалықты дамығандығын оқыту үрдісі мен жас ерекшелігі арқылы анықтаймыз. Қазіргі кездегі дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойлана білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауына ықпал етеді. Қарым-қатынас жасау барысында: жоспарлауға, мақсат қоя білуге, қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асырып, қорытындыны талдай білуге дағдыланады. Міне, осындай жүйелер арқылы "өзіндік даму" жүзеге асады. Соның негізінде өзіндік талдау, жинақтау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие, білім алу жүйелері қалыптасады. Яғни дамыта оқыту жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің дамуына бағытталады. Выготский: "Педагогика бала дамуының ертеңі емес,кешегі күніне сүйену керек",-деген. Осыған орай ол бала дамуының екі деңгейін анықтады: 1) өзекті даму деңгейі-бала бойында қалыптасқан, өз бетінше орындай алатын іс-әрекеттер;
2) Жақын даму аймағы-бұл бала әлі өз бетінше іс-әрекетті орындай алмайды, бірақ үлкендердің көмегімен жүзеге асыра алатын көрініс.
Тұлға жақын даму аймағына өтуде өзектідаму аймағындағы білімдерін өз бетінше қолдануға, өзіндік танымын дамытуға дағдыланады. Г.К.Селевко өзіндік дамыта оқыту технологиясын жүйеге келтіріп, оны үш бөлікке бөлді.
1) "Теория"-өзін өзі жетілдірудің теориялық негізін ұғыну. Бұл мектеп бағдарламасына енгізілген.
2) "Практика"-өзін өзі жетілдіруді іс-жүзіне асыра білу. Бұл іс-әрекет сабақтан тыс уақытта орындалады.
3) "Әдістеме"-ғылыми негізін жасауда өзін-өзі дамыта оқытудың әдісі мен құрылымын жасап, жүзеге асыру.
Осы үш бөлікті бір жүйеге келтіріп, мектептерде өзін жетілдіру сабақтарын жүргізуге болады. Өзіндік дамыта оқытудағы негізгі мақсат: жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі басқара алатын механизм құрып, адамгершілік-танымдық қасиеттерін дамыту.
Бұл оқыту барысында мұғалім ұстанымы: дос, көп нәрсені білетін, терең білімді ақылшы.
Оқушы ұстанымы: өзі анықтап, еркін өз ойлауы бойынша іс-әрекет ету, өзіндік дамыта оқыту технологиясында баланың өзін-өзі тануын ұйымдастыруға мұғалімнің жоғары педагогикалық руханилығын керек етеді, оның балаға деген сүйіспеншілігі, "мұғалім" мен "оқушы" арасындағы сенім мен оның ішкі әлемін танып білуге, жеке қасиеттері мен мінезін ашуға мүмкіндік береді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1.Оқу мақсаттарының қойылуы.
2.Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3.Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор. Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден - дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. «Жақсы оқушы”, «Жаман оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым - қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы”, «мұғалімнің тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы
Қазіргі кезде осы бағыт бойынша Қазақстан мектептерінде "Өзіндік таным" пәндік курсы жүргізілуде. Бұл курстың бала тәрбиесіндегі алатын орны зор. "Өзіндік таным" курсы оқу барысында өзін-өзі тануы, оны жетілдіру, дамытуы, жалпы адамзаттық құндылықтарды тану бойынша меңгерілген дағдыларды ақиқат өмірде қолдануына, өз көзқарастарын, іс-әрекеттерін белсенді жүзеге асыруға дағдыландырады.
Бастауыш сыныпта "өзіндік танымды" қалыптастыру барысында оқушыларды қызықтырып өзінің жасаған жұмысына өзі баға беріп, қорытынды шығара білуге дағдыландырудың маңызы зор. Ол үшін әр түрлі өз бетінше орындалатын қызықты тапсырмалар беру керек. Мысалы: 1-ші сыныпта математика пәнінде мынандай тапсырмаларды қолдануға болады.
|
н |
9-4 |
|
ы |
2+7 |
|
с |
3+4 |
|
д |
10-6 |
|
а |
6+4 |
|
□ |
6-6 |
|
7 |
10 |
5 |
4 |
9 |
0 |
|
|
|
|
|
|
|
![]()
![]()
![]()
Бұл өрнектердің мәнін тауып, дөңгелекшеге жазады. Ал өрнектердің мәні жанындағы кестеде орналасқандықтан әріптерді тиісті торкөзге орналастырып, жасырын сөзді табады. Егер жасырын сөз дұрыс шықса, онда тапсырма дұрыс орындалған. Міне осыдан оқушы өзін-өзі бағалай алады.
2)
Тауық
5-2=3
Ағаш 4-1=3
Жеміс
5-1=4
Бұл тапсырмалар оқушылардың математикалық дағдыларын ғана емес, қазақ тілінде де дұрыс жазып, жаңа сөздер құрастыра білуін дамытады. Осындай әр түрлі қызықты тапсырмалар оқушылардың ынтасы мен белсенділігін арттырады. Бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды дамыта оқыту барысында мұғалім мен оқушының дидактикалық қарым-қатынасы аса маңызды. Қарым-қатынас педагогикалық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да өзекті мәселе болып саналады. Бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгерту үдерісінде дамыта оқыту технологиясын басшылыққа алғанда, оқушылардың танымдық қызығушылығы мен оқу-таным қызметінің белсенділігіне көп сүйенеміз. Сондықтан оқушылардың оқу-таным әрекетін белсендіру жұмыстарының түрі мен әдістерін жан-жақты талдап, олардың әдістемедегі орындарын анықтау мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Өйткені, ғылыми тұрғыдан сұрыпталып негізделген дамыта оқыту әдістер жүйесі арқылы ғана бастауыш мектепті бітірген оқушының тұлғасын модельдеуге болады.
Ғылыми білім жүйесін бастауыш сынып оқушыларына ғылыми таным логикасымен, сол жолдың сызығымен бойлай отырып меңгертудің қажеттілігін дәлелдеген Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдов және осы бағыттағы ғалымдар "дамыта оқыту" деген терминнің мазмұнына ерекше мән-мағына бергенін осы таным қызметінің ерекшеліктеріне байланысты екенін айқын танимыз. Дамыта оқыту оқушыларды әр түрлі іс-әрекетке тартуды құптайды, сабақта дидактикалық ойындар, пікір-таластар, ойлау, қиялдау, есте сақтау, тіл байлығын, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған оқыту әдістерін қолдануды ұсынады. Яғни күнделікті сабақта оқушылардың жоғары білімдік пен адамгершілік құндылықтарын арттырсақ, жеке тұлға білімдегі шындықты іздеу, салыстыру, дәлелдеу, зерделеу, өз іс-әрекеттерін сараптап, өзіне-өзі баға беруге дағдыланады.
Қорыта келгенде, дамыта оқыту арқылы оқушылардың өзіндік танымын жетілдірсек, тек ақылды ғана емес, сонымен қатар өз іс-әрекетін сараптап, жан-жүрегімен сезіне алатын, жоғары білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз деген сенімдеміз.
Әдебиеттер
1. А. Асқарбаев, М. Жазыбаев, С. Рахметова. “Бастауыш оқудың тиімділігін арттыру”: Алматы-1975
2. Бастауыш мектеп методикасы. Алматы.- 1987
3. Жұмабаева Ә.Е. Бастауыш мектептегі сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмытарының әдістемесі.- Алматы.- 1994.
4. Молдатаева М. Тілді дамыта оқыту: Бастауыш мектеп:- 2000, №3-4-9 бет

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген