Материалдар / "Даналық -шыңы махаббат"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Даналық -шыңы махаббат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану апталығының қорытынды кешіне арналған ертеңгілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2018
569
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі кешіміздің өзіндік бір ерекшелігі бар. Ол –«Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның сан-салалы қайырымдылық қызметімен қатар 77 жасқа толуына арналады.

1-жүргізуші

Қазіргі кезде өскелең ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттардың бірі - қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы үшін жан - жақты дамыған жеке тұлғаны калыптастыру.

2-жүргізуші:Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек»қорының президенті Сара Алпысқызы «Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік білім жобасы республикамыздың білім беру мекемелерінде, бала бақшаларында эксперименттік пән ретінде жүргізіліп келеді.Баланы мәдениеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке баулу - ата - ананың да, қоғамның да, мектептің де ең басты міндеті.

1-жүргізуші:Адам бойына кішіпейілділік, сыпайылық, мейірімділік, рақымшылдық, жанашырлық, тілектестік, сыйластық сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білуге, тыңдай білуге, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуға үйрету де «Өзін - өзі тану» пәнінің үлесіне тимек.

2-ж«Даналық шыңы - махаббат» десек балаға деген ұлы сезім Сара Алпысқызының өмірлік ұстанымы. Олай болса осы абзал жанның өмір дерегіне қысқаша тоқталайық.

1-ж:

С.А.Назарбаева 1941 жылғы 12 ақпанда Қарағанды облысының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын құрылыста істеп, сылақшылықпен бастаған. Білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист.

Жұбайы –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті. 3 қыздың анасы, немере, шөберлі әже.

2-ж:

Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. «Бөбек» қайырымдылық қорының Президенті С.Назарбаеваның жетім балалардың мүдделерін қорғау ісіне қосқан үлесі өте қомақты. Жетім балаларды тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастырып, елімізде тұңғыш «SOS Киндердорф» балалар ауылының өмірге келуіне мұрындық болды. Соның арқасында жетімдік қасыретін тартқан бүлдіршіндер отбасылық ортада өсіп, тәрбиеленіп жатыр. Кәмелеттік жасқа толған соң мемлекет олардың жұмысқа орналасуына, оқуларын жалғастыруына жағдай жасайды. Жоғары оқу орындарына түскен жастарға «Бөбек» қоры шәкіртақы тағайындап, көмек көрсетеді.

1-ж:

«Бөбектің» анасы атанған Сара Алпысқызы көптеген игі істерге ұйтқы болды. Еліміз аумағында балалар емханаларының ашылуына, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға бір кісідей атсалысып келеді. Ерен еңбегі әлемдік қауымдастық назарын аударып, 1999 жылы «SOS Киндердорф» халықаралық қорының Алтын медалімен, 2002 жылы ЮНИСЕФ-тің арнайы сыйлығымен марапатталған болатын.

2-ж:

С.Назарбаева Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының И.Дограмачи атындағы және «Юнита» халықаралақ сыйлығының лауреаты болып табылады.Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды.

1-ж:

2006 жылы мамыр айында Мәскеуде адамзаттың ізгі мұраттарына қызмет атқарғаны үшін «Алтын жүрек» халықаралық сыйлығы тапсырылды. Қазылар алқасының шешімімен жетім балалардың мүдделеріне көп жылдар қалтқысыз қызмет көрсеткені үшін «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті С.А.Назарбаева «Алтын жүрек» халықаралық сыйлығының лауреаты болды.

2-ж:

Балалар «алтын жүректі ананың» өз елінің балаларына 
 деген шексіз қамқорлығының көрінісі осындай. 
Сара Алпысқызы сонымен қатар қоғамның,адамның рухани-адамгершілік дамуы бойынша бірнеше кітаптардың авторы: «Өзіңе жол»(1999ж.), «Өмір әдебі» (2001ж.), «Сүйіспеншілікпен» «2001ж.)

Ендігі кезекті оқушыларымыздың Ел Анасына арнаған арнау өлеңдеріне берейік.(мәнерлеп оқу )

2-бөлім. «Өнерлі – өрге жүзер» атты сайысқа арналады.

Сайыстың 1-ші кезең «Есімің кім?» деп аталады.Адам өмірге келгенде ең бірінші оған есім беріледі. Есім берілерде ешкім сенен сұрамайды. Сондықтан көпшілігіне өз есімдері ұнамай жататыны бар, сондай-ақ өз есімін жақсы көретіндері де бар. Енді соны анықтасақ.Бұл кезеңнің шарты: Көзімізді жұмып, өз есіміңіздің ұнайтын, ұнамайтындығын саусағыңызбен көрсету.(Тақтада үлгілері болады).Бағалау түрі: Қай топта көп саусақ көрінді, сол топ дауысқа ие болады.

2-ші кезең:– «Лабиринт» деп аталады. Шарты: бір топ ортаға шығады. Қолдарына лабиринт сурет бар мата беріледі. Дөңгелекшені сол лабиринттен сөйлемей шығару керек. Ойын шарты бұзылған жағдайда 1ғана мүмкіндік беріледі.Бағалау түрі: Топтың ұйымшылдығы, бір-бірін сөзсіз ұғынулары, шартты бұзбауы.

3-ші кезең: — «Сурет салдым сүйсіне» деп аталады. Шарты: топтың алдында ақ қағаз және желім ғана жатады. Алдарына қосымша жыртылған түрлі-түсті қағаздар тастаймын. Сол жыртылған қағаздарды жапсыру арқылы белгілі бір тақырыпта сурет салу қажет. (5 мин)
Бағалау түрі: Белгілі бір тақырыптың шығуы, топтың ұйымшылдығы, суреттің толық аяқталуы, әдемілігі.
4-ші кезең: — «Ән – көңілдің ажары» деп аталады. Шарты: топ басшысы алдымен тақырып таңдайды, топ болып әнге қосылып орындайды.
Бағалау түрі: Топтың түгел қосылып орындауы, орындау шеберліктері


5-шы кезең: — «Театр» деп аталады. Шарты: Алдымен топ басшылары тақырып таңдайды, сосын бүкіл топтың мүшелері кейіпкерлерді таңдайды. Таңдап болған соң сол кейіпкерлерді сомдай отырып, тақырыпты ашу.
Бағалау түрі: Топтың ұйымшылдығы, тақырыпты ашуы, актерлік шеберліктері, уақытты тиімді пайдалануы.


6-кезең:Орындықтарға әріптерді жапсыру.

1. Қ әрпінен басталатын Қазақстанның 3 қаласын ата
2. М әрпінен басталатын жақсы сөз айт ?
3. Т әрпінен басталатын 5 ережені ата?
4. Мектеп ауласында неше терек бар?
5. Биыл
Сара Назарбаева неше жаста?


2-топқа:

1. А – әрпінен басталатын 4 мемлекетті ата
2. Е – әрпінен басталатын 3 мақал айт.
3.
А – әріпінен басталатын 4 мұғалімнің атын ата.
4. С – әрпінен басталатын
4 құсты ата.
5. Т – әрпінен басталатын 3 жануарды
ата.


Сайыс соңында балалардың эмоционалдық жағдайын анықтау. (кері байланыс) 

Берілген терекке өздеріңнің ата – аналарыңа, бауырларыңа, достарыңа, мұғалімдеріңе, үлкен де сыйлы адамдарға арнап 
жақсы тілектеріңді жазыңдар 

Сайысты қорытындылау: Екі топтың алған дауыстарын санау, жеңімпаз топты анықтау. Мадақтау, мақтау, қолпаштау.



Мұғалімнің қорытынды сөзі. Онкүндік қорытындысы бойынша белсене атсалысқан оқушыларды марапаттау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!