-
«Қанатты сөз -қазына
»
(оқушылар қиықшада жазылған қанатты сөздердің мазмұнын
түсіндіреді)
Сабыр деген-әр іске
шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір
қылық,
Қолы жетпей талай жан
назданады,
Осыдан көп шығады
адамшылық.
Ш.Құдайбердіұлы
Ақылсыздықты екі белгісінен білуге
болады:
Ол өзіне пайдасы жоқ сөзді
айтады,
Не біреудің ісіне жөнсіз
араласады.
Платон
Күншілдік –өзгенің мықтылығы мен өзіңнің әлсіздігіңді
түсінуден туған құбылыс.
Бауыржан Момышұлы
Жалқаудың жанына барсаң ,
Сылтаудың астында қаласың.
Қайып Айнабеков
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе
бар.
Содан қашпақ керек:
*әуелі-надандық,
*екіншісі-еріншектік,
*үшіншісі-зұлымдық.
Абай Құнанбаев
Рухани жағынан алғанда , қазақ ,бойына үлкен қабілет
дарыған халықтардың қатарына
жатады.
Олардың әдебиеті байлығымен де, мазмұндылығымен де ерекше
көзге түседі. Д.Клеменц.
«Қанатты сөз-қазына» бөлімін М.Әуезов пен Е.Букетов
сөздерімен қорытындылау.
Әдебиет оқушының ақыл-сезімін тәрбиелеп жетілдіруден басқа,
сол оқушыға қазақ деген елдің өткендегісі мен бүгінгі пішінін
танытуға керек. Мұхтар
Әуезов
Адамның мәдениеттілігінің , ой-өрісінің кеңдігінің , жан
дүниесінің ләззатшыл, нәзіктігінің бірден-бір белгісі- көркем
әдебиетті қол үзбей оқи білуі.
Евней Букетов
2.Зерделі сөзге зер
сал
Тапсырма :
а)үш топқа үш түрлі мәтін беріледі , оқып , мәтін
мазмұнынан түйгендерінен көрініс
көрсету
Бақ қайда барасың
–ынтымаққа барамын
Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің
алдынан өтіп, батасын алады.
Бірде Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келген Әнет
баба ынтымақ , ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле «қалай
еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ»,-дегенді сұрайды.
Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық
алдырады. -Балам, мынаны сындырып көрші
?
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра
алмайды.
Енді сол шыбықты шешіп , біртіндеп оп-оңай сындырып береді.
Әнет баба :
Бұдан не түсіндің , балам
?-дейді.
Сонда Төле бала :
Түсіндім , баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: Ынтымағы ,
бірлігі мықты елді жау да , дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ
жейді»-демекші, «бірлігі, ынтымағы жоқты жау да , дау да оп-оңай
алады»-дегеніңіз ғой.
Бәрекелді , балам, дұрыс таптың . Ел билеу үшін алдымен
елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың
–ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі
осы,-депті.
Ашкөздік кімге
абырой әперген
Баяғы заманда ағайынды үш жігіт болыпты. Бір күні үшеуі
сапар шегіп келе жатып , бір қап алтын тауып алыпты . Бөліп алмақ
болып , базарға келіпті . Бір шетке жайғасыпты да, екі ағасы інісін
қымыз әкелуге жұмсапты.
-Олжамызға ортақтастырмай, бұл сұмды өлтіріп тастайық,-
десіпті інісі кетісімен.
Інісі қымыз алып , қайтып оралғанда , екеуі тап береді де,
әп- сәтте шаруасын тындырады. Сөйтіп қымызға бас
қояды.
Бір уақытта екі ағасы іштері ауырып, сол жерде жан
тапсырады. Сөйтсе інісі: «Мен екі ағамды өлтірсем, бір қап алтын
түгел өзіме қалады» деп, қымызға у салып әкелген екен. Үшеуі де сол
жерде жан тапсырып, бірқап алтын далада қалыпты. «Ашкөздік кімге
абырой әперген »
Бірінші
байлық-денсаулық
Ертеде тамақ таба алмай ашынған , суық үйде жатып күнелткен
бір кедей болыпты.
Өзінің кедейлігіне күйінген ол бар даусымен жылап
отырады.
Оның аянышты , ащы даусын естіп , көпті көрген көреген
қария қасына келеді.
Неге жылап отырсың? – деп сұрайды . Кедей өзінің жылауының
себебін айтады. Сонда қарт:
Адамдар өздеріндегі байлықты аңдамайды, мәселен, сенде еш
байлықпен теңдесі жоқ байлық бар, - дейді. Қарттың сөзіне таңданған
жігіт:
Менде қайдағы байлық, байлығым болса , осылай отырар ма
едім?-деп , қарияға жауап тіл қатады
.
Сенің екі көзің бар, біреуін маған сат, қартайғандықтан
жанарымның оты азайып барады .
Жоқ , көзімді ешқандай ақшаға сата
алмаймын.
Ендеше, екі қолыңның біреуін сатшы, - дейді
қарт.
Есі шығып, дегбірі қашқан
кедей:
Жо,жоқ мен қолымды да сата алмаймын !-деп айқайлап
жіберді.
Сонда қария орнынан тұрып:
Бағанағы кедейлікке айғайлағаның қазіргі денсаулығың үшін
айғайлағаныңа жеткен жоқ.
Демек, бағана байлықтың не екенін ұқпай отырғаның.
Дүниедегі бірінші байлық –денсаулық. Осыны ұмытпағайсың,- деп бір
ауыз даналық сөзін айтады да, көзден ғайып
болады
Дескриптор:
ә) Топ мүшелері мәтінннен түйгендерін өз ойларымен
тиянақтап шығу.
Бақ қайда барасың –ынтымаққа
барамын
Өзара ынтымақты , тату, сыйластығы жарасқан отбасының
береке-бірлігі де мызғымайды, ырысы молайып, бақ-дәулеті артады,
деген мағынаны береді.
Ашкөздік кімге
абырой әперген
Қанша құйса да толмайтын шыңырау сияқты, дүние қусаң,
түбіне жетпейсің. Сол дүниеқоңыздықпен жүріп, өзіңнің де адамдықтан
шығып, тұнғиыққа батып кеткеніңді білмей қаласың. Абырой таппайсың,
деген ойды білдіреді.
Бірінші
байлық-денсаулық
Денсаулық болмаса, көңіл-күйің болмайды. Көңіл-күйің
бомаса, ешқандай байлық
дәулетті де қажет етпейсің. Ол дәулетке денсаулықты да
сатып ала алмайсың.
Демек, денсаулық- бірінші байлық. Бұл мақалды
бабаларымыз
«Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық- он саулық,
үшінші байлық- ақ жаулық»
деп те
айтады.
|