Материалдар / Даналық мектебі: аналар мектебі бойынша "Ана-өмір шуағы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Даналық мектебі: аналар мектебі бойынша "Ана-өмір шуағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Даналық мектебі: аналар мектебі бойынша 9-сыныптың аналарымен өткізілген шара. Мұнда ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, ұлттық құндылықтар орын алған.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«М.Бегенов атындағы жалпы білім бертін мектеп» КММ

9-сынып жетекшісі: Утеулиева Р.А


Тақырыбы

«Ана-өмір шуағы» (тренинг - жиналыс)

Мақсаты:

Ата - ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру,дамыту.

Міндеті:

Ата - ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл - күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу;

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта, слайд.



Кезеңі:

Мұғалім іс-әрекеті

Ата-ананың іс-әрекеті:

Ресурс:

Жүру барысы:

Кіріспе

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - жанұясы. Адамға тәрбиені ата -ана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі басты тұлға, алғашқы ұстаз – ата - ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата - ана нәзік те, қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінде, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші ата - ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады.

-«Дүниедегі ең сұлу кім?» деген сұраққа «Дүниедегі ең сұлу ол — ана» деп жауап берер едім.

-Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі адам;

-Қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана;

Ана - Қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты және этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтауға өзіндік үлесін қосушы. Шынымен де, үй мен түздің тізгінін тең ұстап, қазанын қайнатып, баласын ойната жүріп, еңбектің бел ортасынан табылатын аналарымыз қаншама?!




слайд


Жаттығу«Бақыт деген не өзі?»

 Кез келген адамнан өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін сұраңызшы. «Мен тек бақытты болғым келеді» Біз бәріміз де сол үшін өмірге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не?
 Ата – аналар, қатысушылар өз ойларымен бөліседі. 

Әрине «Қанағат қарын тойғызады», ендеше қанағат болған жерде бақыт та болады. Басқаларға қуаныш, бақыт сыйласаң, өзіңде бақытқа кенелесің. Өмірдің қызығы да осында!

Оқушылар мен аналардан сұрау
Сәби бақыты, ол –
 Ата – ана бақыты, ол


 Ұстаз бақыты, ол – 








Пікірлерін айтады


Өзіңді-өзің танысаң — істің басы.

Ситуациялық сұрақтар.

-Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?


-Балаңыз күнде 1- сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

-Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

- Балаңыздың  өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі  байқалса, не істер едіңіз?

-Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай:»Сен сала алмайсын ,сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз.Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

«Ою ойғанның ойы ұшқыр» дегендей, отбасында ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген аналарымызды ортаға шақырамыз.
Сонымен қатар анасының қолдауымен Қалиева Назым бос уақытында бүгінгі күні сұранысқа ие, мерекелерде естелік ретінде берілетін гипстен жасалатын түрлі құмыра, сыйлық қораптарының жасалу техникасымен таныстырып өтсін.


Пікірлерін айтады

















Ою ояды

Қолөнер жұмыстарын таныстырады




















А4

Қайшы, түрлі-түсті қағаздар

Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»

(топпен жұмыс)


Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек.


Берілетін отбасылық құндылықтар:

1. Мықты денсаулық

2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік

3. Ауызбіршілік

4. Ортақ қызығушылық

5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау

6. Қамқорлық

7. Тәртіп

8. Бос уақытыңызды бірге өткізу

9. Сенімділік

10. Ата-ананың сөзі заң

11. Ата-ана отбасының үлгісі

12. Әлеуметтік жағдай

13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас

14. Махаббат

15. Мейірімділік

16. Шынайылық

17. Сырт көзге үлгі болу

18. Береке

19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет

20. Көп бала

Соңынан үлкен бәйтерек ағашы шығуы керек. Шыққан суретті өздері қорғап шығады.

«Балама қандай жылулық беремін?» 
 Күннің суреті салынған ватман. Сіз жылуыңызды беріп жатқан күнсіз. Сізден тарап жатқан шуақтарды қалай деп атайсыз. Ата-аналар шығып балаларына күн сияқты қандай жылулық беріп жатқандарын жазулары керек. Мысалы: «Мен баламды мейірімді, жылы сөздер айтып оятамын», «Мен балама күніне бірнеше рет жылы сөздер айтып аймалаймын», «Мен мейірімдімін» т.с.с. Енді шуақты күнімізге қарайықшы. Ол да аспандағы күн сияқты өзінің жылуын, мейірімін уақыт таңдамай, орын таңдамай сыйлап жатыр. Біз де, ата-аналар, өзіміздің балаларымызды ешқандай талап қоймай жақсы көруіміз керек. 


Ағаштың суретін салып отбасылық құндылықтарды орналастырады

































Күн сәулесіне мейірімділікке қатысты сөздерді жазады




Балалардың аналарына деген сүйіспеншілігі



Рефлексия

Сонымен аналар бала тәрбиесі ең маңызды - мәселе. Ең басты – ата-ананың бала тәрбиесіндегі маңызы зор. Бүгін міне бала тәрбиесіне байланысты ойларыңызды ортаға салдыңыздар.

Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем?
Айға сіңілі, қарындассың қасиетті Жерге сен.

Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы!



Кері байланыс


Алдарыңызда жатқан стикерге

1.Бүгінгі тренинг-жиналыс қызықты болды ма , әлде жок па? (Неге?)

2. тренинг барысындағы өзіңіздің жұмысыңызды бағалаңыз____

3 ұсыныстарыңыз,тілектеріңіз


Өз ұсыныс тілектерін жазады

Стикерлер


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!