«Даналық мектебі» клубы бойынша «ЖЕҢГЕ МІНЕЗІМЕН КӨРКЕМ»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Даналық мектебі» клубы бойынша «ЖЕҢГЕ МІНЕЗІМЕН КӨРКЕМ»

Материал туралы қысқаша түсінік
жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Даналық мектебі» клубы бойынша

«ЖЕҢГЕ МІНЕЗІМЕН КӨРКЕМ»


Мақсаты: Отбасындағы татулыққа жеңгелердің де үлесі барын түсіндіру

Міндеттері:

1. Отбасындағылармен тіл табысудың құпиясы;

2. Жеңгелік міндетпен жауапкершіліктің салмағы;

3. Қайыніні, қайынсіңлілеріне жеңгелік ақылын айтып жүруді

дағдыға айналдыру.

Ұлттық құндылықтар: Еңбек сүйгіштікпен кәсібилік

Күтілетін нәтиже:

Отбасылық татулықтың маңыздылығын түсінеді

Жеңгенің отбасылық тәрбиедегі орнын анықтайды

Қайыніні, қайынсіңлілеріне қамқорлық жасайды


1. Ұйымдастыру бөлімі (10 мин).

Жүргізуші:

Армысыздар, ардақты ағайын, құрметті қонақтар!
Бүгінгі «Даналық мектебі» клубы аясында өтетін
«
Жеңге мінезімен көркем атты тәрбиелік кешімізге қош келдіңіздер!

Қазақ қоғамында жеңге тек туыс емес,
ол ақылшы, сырлас, тәрбиеші, бағыт беруші.

«Қызға қырық үйден тыйым» дегенде,
сол тыйымды әдеппен жеткізетін – жеңге.

Бүгінгі кешіміздің мақсаты – Отбасындағы татулыққа жеңгелердің де үлесі барын түсіндіру.

Жаныма жаны жақын ағадан да,

Сырды ұғар қабағымнан қарағанда.

Әзілдеп, ақтарылып, еркелетіп,

Сендердей ешкім мені бағалар ма?!, -

деп Фариза апамыз айтқандай, бір-бір үйдің отын тұтатып отырған аяулы жеңгелерге арналған іс шара.

Жеңеше ағаның сүйіп қосылған жары, қайыніні мен қайынсіңлінің сырласы. Бағы заманнан бері қыз бен ұлдың тәрбиесінде жеңгенің рөлі ерекше. Анаң ақылшың болса, жеңгең жақын тұтар сырласың, - деген сөз бекер айтылмаса керек. Бүгін біз отбасылық тәрбиедегі жеңгенің рөлі мәселесінде өздеріңізбен ой бөліскіміз келіп отыр. Өйткені қызбен ұл анасына айтуға қаймығатын сырды жеңгесіне бүкпесіз ақтара салады. Ал анасы өз перзенттеріне айта алмаған дүниені жеңгесі арқылы жеткізе алады. Жеңгенің ақылына құлақ асқан қыз бен ұл қателіктен қашық жүреді. Олай болса, осы тақырыпқа арналған бүгінгі шарамызды бастайық.


Жүргізуші Әр жеңге өзін қысқаша таныстырады және Бір нақыл сөз айдады.



Түске байланысты жеңгелерді үш топқа бөліп алады. 12 адамды 4-тен 3 топқа бөлетін боламыз.



2. Негізгі бөлігі (40 мин). Модератор: Қазақтар ежелден балаларын қоғам болып тәрбиелеген. Оған «Ұлға 30 үйден, қызға 40 үйден тыйым» деген мәтелдің өзі дәлел. Бірақ өзгеріп жатқан өмірде, әсіресе жаһандану дәуірінде жоғалтқанымыз көп. Соның бірі осы жеңгелер институты екені анық. Кейде «осы жеңгелеріміз міндетін толық атқарып жүр ме» деген ой келеді. Соған орай сіздерге бір тапсырма бергіміз келіп тұр.

1 – тапсырма. «Сіз қандай жеңгесіз?»

«Даналық сұхбат»

Жүргізуші жеңгелерге сұрақтар қояды:

  1. Қазіргі қыз тәрбиесінде ең маңызды қасиет қандай?

  2. Жеңге мен қайынсіңлі арасындағы сыйластық қалай қалыптасады?

  3. Сіздің өміріңіздегі ең әсерлі жеңгелік сәт?

Тербелсе әр отаудың ақ құндағы,

Өздерің береке мен бақ құндағы.

Сендер ме деп қараймын қасиетті

Даламның киесіндей аққулары, - дей келіп, сіздерге төмендегі жағдаятты шешуді ұсынамын.


Жағдаят. Дың етіп телефоныңызға күйеуіңіздің інісінен хабарлама

келді: «Мен келе жатырмын, жеңеше, пойыздан түстім, қазір жарты сағатта үйде болам, сендерді сағынып келе жатырмын. Шаршамасаң шайыңды қоя бер, болмаса таңертең ішермін». Сағатқа қарасаңыз, 23.55. О. тоба, сонда 24.30-да келмекші. Ертең жұмыс, не істейсіз?

(Әр топ ақылдаса отырып, өз ойларын жазып, бір адам таныстырады)


1 – топ... өз ойларын айтады.

2 – топ... бірінші топқа кері байланыс беріп, өз ойларын айтады.


3 – топ... екінші топқа кері байланыс беріп, өз ойларын айтады.


1 – топ... үшінші топқа кері байланыс береді.



Жығылсам, дем берерім,

Ауылда, елде менің

тілейтін тілеуімді

Қашанда сендер едің,

Аяулы жеңгелерім! – дей келе, мына бейнероликті көруге шақырамын.

Бейнеролик көрсету:

Қайынінім келе жатқанда...

https://www.instagram.com/reel/C82ft2eItI2/



Бейнероликті қорытындылау:

Алыстан келе жатқан қайыніні-қайынсіңлілерімізді осылай қарсы алсақ, қандай керемет, солай емес пе?! - дей келіп... (Әртоптан бір-екі жеңгеден сөйлету).


2 – тапсырма. (10 минут)

Егер блогер болсаңыз... Неге блогер болмасқа?! Егер блогер болсаңыз «Жеңге мінезімен көркем» тақырыбындағы жұмысты неден, қалай бастар едіңіз?

Әлеуметтік желіні, интернетті пайдалануға болады.

Топтар берілген тапсырманы ақылдаса отырып орындайды, бір адам таныстырады.


1-топ. Елге 3 жеңгені үлгі етуіңіз керек.

Кімдерді үлгі етер едіңіз?

2-топ. Танымал 3 адамнан сұқбат алу керек болса, кімдерден алар едіңіз?

3-топ. Алғаш көтеретін үш маңызды мәселе...

«Жеңгелер клубын» ашып, блогер болғыңыз келмей ме



3– тапсырма. (10 минут)

"Құрметті қатысушылар! Бүгін біз бала тәрбиесінде жеңгелердің, аналардың ерекше рөлі туралы сөйлесеміз. Балалар – ақ парақ сияқты таза, олардың санасын, мінезін қалыптастыруда біздің берген ақыл-кеңесіміз, қолдауымыз өте маңызды. Осы тренингте біз баланы қалай дұрыс қолдап, бағыттауға болатынын талқылаймыз."


Жаттығу: "Ақ параққа сурет салу" (5 минут)

Қажетті құралдар:Түст і маркер беріледі Жіпке ақ парақтар ілінеді

Қатысушыларға қарындаш таратылады. Оларға жіпте ілулі тұрған қағазға, сурет салуды ұсынылады. Кейін парақты үстелге қойып, сол суретті қайта салу сұралады.Салыстыруды сұраңыз: "Қай сурет жақсы шықты? Қандай айырмашылық бар?"


Қорытынды:


"Баланың да дамуына, мінезінің қалыптасуына тірек қажет. Ол тірек – отбасындағы жылулық, ананың мейірімі, жеңгелердің қамқорлығы. Қолдау болмаса, баланың өмірі де толық қанық болмайды."

"Бала тәрбиесі – үлкен жауапкершілік. Бала кіршіксіз таза парақ сияқты, оның өмірінде сіздер маңызды рөл атқарасыздар. Сіздердің қолдауларыңызбен ол өмірде өз орнын табады. Әрдайым балаға тірек болуға тырысыңыздар."


Сұрақтар:

Бала тәрбиесінде ең маңызды нәрсе не деп ойлайсыз?


Сіз балаға қандай тірек бола аласыз?


Қатысушылар өз пікірлерімен бөліседі.


Психолог кеңестері:

Балаға дер кезінде қолдау көрсету.

Мақтау мен сынның тепе-теңдігін сақтау.

Балаға уақыт бөлу және оны тыңдай білу.



Модератор: Құрметті қонақтар, қадірлі жеңгелер, бүгінгі басқосуда біраз дүниені ортаға салдық деп ойлаймын. Енді осы мәліметтерді негізге ала отырып, жеңгелерге қандай кеңес берер едік? Ойпікірімізді ортаға салайықшы.

(Тілек білдірген қатысушылардың бәрін сөйлету)


Ал біз ұсынатын кеңестерді

мына QR-код арқылы ашып, ой елегінен өткізсек...

1. Жасы кішілердің махабатына бөлену үшін оларды бөліп жармай, бәрін бірдей жақсы көруіміз керек

2. Қайынсіңліңнің жан сырымен бөлісетін сырласына айналу. Ондай кезде жеңге сырға берік болуы керек. Сыр сақтай білу - үлкен өнер. 3. Үлкенге ізет көрсетіп, кішіге қамқор болу. Сонда келінге, жеңгеге деген құрмет те арта түседі

4. Қайыніні-қайынсіңлі бойындағы қабілетті, дарынды жазбай танып, ақыл-кеңес айтып, болашағына жол сілтеп отыру

5. Орайы келгенде әзілдесіп жүру. Қайыніні-қайынсіңліңе қалжыңдасып жүруді үйрету. «Әзілің жарасса атаңмен ойна»

6. Қыз – Келін – Жеңге – Ана – Ене деген тіршілік тізбегін ұмытпай, әр кезеңдегі статусыңа лайық болу

7. Ұлттық құндылықтардың сақталуына назар аудару.


Модератор: Ал қазір бүгінгі отырыстан қандай ақпарат алдық, қандай пікірлермен келіспейміз, осыны ортаға салу үшін кері байланысқа кезек берейік.


(Ауызша кері байланыс жүргізіледі)



4 – тапсырма. (10 минут) "Ақыл мен жүрек тізбегі"


Жаттығу барысы:Қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Әрқайсысы балаға беретін ең маңызды қасиетті айтады (мысалы: мейірім, білімге қызығушылық, тәртіп).

Әр айтылған сөзден соң, қатысушы келесісінің қолын ұстап, шеңбер тізбегі қалыптасады.

Рефлексия:












Қорытынды

Нұрланып қабағыңмен дала күні,

Өседі өздеріңмен аға құны.

Сендердің ақылыңсыз ағалардың

Жетіспей қалатындай даналығы!

дей келе бүгінгі іс-шарамызды


Бексұлтан Болаттың орындауындағы «Жеңгем» әнімен аяқтасақ... Қазақтың әрбір шаңырағында осындай татулық болсын.

Сіздерді қайыніні, қайынсіңлілеріңіз осылай құрмет тұтсын.

https://www.youtube.com/watch?v=ZHsPSIRgXGo


Сабақтыңсоңы





















































1-топ. Елге 3 жеңгені үлгі етуіңіз керек.

Кімдерді үлгі етер едіңіз?




2-топ. Танымал 3 адамнан сұқбат алу керек болса, кімдерден алар едіңіз?





3-топ. Алғаш көтеретін үш маңызды мәселе...

«Жеңгелер клубын» ашып, блогер болғыңыз келмей ме



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі