Тақырып: Даналық
мектебі:"Қыз бала – ұлт болашағы, ана – ұрпақ
тәрбиешісі"
Мақсаты: Қыз
балалар мен аналардың қоғамдағы рөлін талқылау, олардың отбасындағы
және ұлттық тәрбиедегі орнын нығайту.
Қатысушылар:
1. Аудандық
«Аналар кеңесі»
мүшелері,аналар (жұмыс істейтін, үй шаруасындағы, көпбалалы
аналар).
2.
Қыз балалар (11 сынып
оқушылары)
3.
Ұстаздар, психологтар, қоғам қайраткерлері.
Ұйымдастыру форматы:
1.
Кіріспе сөз (мұғалім).
2.
Қатысушылардың өзара пікір алмасуы.
3.
Шығармашылық бөлім .
4.
Қорытынды шешімдер мен ұсыныстарды талқылау.
1.
Кіріспе бөлім
Мұғалім
қатысушыларды қарсы аламын.
Шараның мақсатымен
таныстырамын.
Кіріспе: Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар
және оқушылар!
Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің тақырыбы – "Қыз
тәрбиесі – ұлт болашағы,
, ана
– ұрпақ тәрбиешісі". Бұл тақырып ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын,
қоғамымыздың негізі саналатын маңызды мәселелердің бірі. Себебі қыз
бала – отбасының айнасы, ұлттың ұйытқысы, болашақ ана. Олардың
тәрбиесі – бүтін қоғамның кемелдігіне әсер етеді.
Қазақ халқының "Қыз өссе – елдің көркі" деген
дана сөзі бар. Қыз баланы тәрбиелеу – тек бір отбасының ғана емес,
бүкіл елдің жауапкершілігі. Бүгінде заман өзгеріп, қоғамда жаңа
құндылықтар қалыптасуда. Бірақ біздің ұлттық болмысымызды сақтай
отырып, қыздарымызды рухани, тәрбиелік тұрғыдан бай етіп өсіру –
басты мақсат.
Бүгін біз осы мәселені жан-жақты талқылап, өз
ойларымызбен бөлісеміз. Қыз тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар,
қазіргі заманның әсері, ата-аналар мен мектептің рөлі сияқты
маңызды сұрақтарды көтереміз. Әрқайсыңыздың пікіріңіз біз үшін
құнды және маңызды.
Олай болса, баршамыз белсенді қатысып, бүгінгі
талқылауымызды мазмұнды әрі пайдалы етіп өткізейік. Қыздарымыздың
болашағы жарқын болсын деп тілей отырып, дөңгелек үстелді ашық деп
жариялаймын.
«Қыз тәрбиесі
туралы»бейнежазба көрсетіледі.
2. Талқылау бөлімдері
:
Тақырыптар:
1.
Қыз баланың ұлттық тәрбиедегі орны.
2.
Ана – отбасының тірегі және тәрбиенің бастауы.
3.
Бүгінгі қоғамдағы қыз балалардың мәселелері мен
мүмкіндіктері.
4.
Қыз баланы ана болуға дайындау: дәстүр мен қазіргі
заман.
Талқылау сұрақтары:
-
Қыз
бала тәрбиесіндегі қандай құндылықтарды ұстану
керек?
-
Ана
мен қыз арасындағы сенім мен қарым-қатынас қалай
нығайтылады?
-
Жасөспірімдер арасында кездесетін қиындықтар
туралы пікірлеріңіз қандай?
-
Қыз баланың табысты болуына
ананың тәрбиесі мен үлгісі қалай әсер
етеді?
-
Ұлттық дәстүрлер қазіргі
заманғы қыз тәрбиесіне қалай әсер етеді?
-
Қызыңызбен сырласа білесіз
бе?
-
Мектеп пен отбасның қыз
тәрбиесіндегі рөлі қандай?
-
Қыз тәрбиесінде әлеуметтік
желілердің әсері бар ма?
3.
Маман пікірлері
Психологтың қыз бала мен аналардың өзара
түсіністігін нығайтуға арналған кеңестері.
Ұстаздың қыздардың білім алудағы рөлі туралы
пікірі.
Қоғам қайраткерінің ұлттық құндылықтарды сақтау
жөніндегі ойлары.
4. Шығармашылық
бөлім:
«Ұлттық тағамдар»аналар ұлттық
тағамдардың дайындалуы жолдарын
таныстырады.
Қатысушылар арасында отбасылық
құндылықтарды бейнелейтін сурет салады.
Сырманова Мәншүк ән
айтады.
5.
Қорытынды.
Мұғалінің
қорытынды сөзі: Құрметті қатысушылар!
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өте мазмұнды, пайдалы
және терең ойға толы болды. Біз қыз тәрбиесінің қаншалықты маңызды
екенін тағы да бір рет ұғынып, өзара пікір алмасып, ұлттық
құндылықтарды насихаттаудың қажеттілігін
айқындадық.
Талқылау барысында айтылған пікірлер мен
ұсыныстар әрқайсымызға ой салды деп сенемін. Қыз тәрбиесіндегі
отбасының, мектептің, қоғамның рөлін, сондай-ақ қазіргі заманның
сын-тегеуріндерін қарастыра отырып, бірлескен жұмыс пен
ынтымақтастықтың маңыздылығын байқадық.
Қыз
бала – отбасының бақыты, елдің ертеңі, аналардың жалғасы. Біз
бүгінгі шара арқылы олардың бойына мейірімділік, қайсарлық,
инабаттылық сияқты асыл қасиеттерді сіңірудің жолдарын талқыладық.
Бұл жолда бізге ата-бабамыздың дәстүрі, даналығы және заман
талабына сай әдістер көмекке келеді.Барлық қатысушыларға
белсенділіктері үшін, терең ойлары мен құнды ұсыныстары үшін алғыс
айтамын. Осындай игі істер арқылы қыздарымыздың тәрбиесіне,
болашағына бірге атсалысып, ұлттың ұйытқысы болатын саналы ұрпақ
өсірейік.
Рақмет! Баршаңызға амандық, отбасыңызға бақыт, ал
тәрбиелеп отырған қыздарыңызға тек жарқын болашақ
тілеймін!
Кері байланыс. Үш
«Қ»әдісі
-
Қызық болды
ма?
-
Қиын болды
ма?
-
Қосарым бар
ма?
Қатысушылар талқылаудан түйген ойларын ортаға
салады.
Қыз
бала тәрбиесіне қатысты нақты ұсыныстар жасалады.
Қатысушыларға алғыс хаттар немесе сыйлықтар
табысталады.
Ұсыныстар:
Шарадан соң аналар мен қыз балалар үшін ортақ
тренингтер ұйымдастыру.
Ұлттық дәстүрлерді насихаттайтын мәдени шаралар
өткізу.
Қыз
балалар мен аналар үшін тұрақты кездесулер ұйымдастырып
тұру.
Бұл
дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын сақтай
отырып, қоғамның белсенді, білімді, мәдениетті қыздарын
тәрбиелеу.