400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Даналық сөзден үйренемін

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:

27-сабақ. Даналық сөзден үйренемін

Күні

Мұғалімнің есімі

Сынып 4

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

4.1.4.1Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді,шешендіксөздерді жән евербалды емес тілдік құралдарды қолдану

4.2.1.2 Шығарманы іштей көз жүгіртіп,шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу

4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба ,диафильм, таныстырылым түрінде ұсыну

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Өлеңді талдап, зерттеп оқып, мақал-мәтелдермен түйіндей алады. Мақал-мәтелдерді сөйлеу барысында кеңінен қолданып, диалог түрінде ұсынады.

Оқушылардың басым бөлігі: Суреттерге сәйкес мақал-мәтелдер таба алады.

Кейбір оқушылар: Өлең мазмұнын сурет мазмұнымен салыстырады.

Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері,

табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын қолданады. Талдау жасап, зерттеп оқиды.

Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсынады.

Құндылықтарды дарыту

Әлеуметтік жауапкершілік және жанашыр болу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Тақырыпқа қатысты мәлімет іздеу үшін ғаламтор желісі

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Мәдени мұра жайлы түсініктері бар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекет

Ресурстар

Басталуы

Қызығушылықты ояту

(МК) «Құрастыр» айдары бойынша

«Сырсандықтағы мақалдарды» екі бөлікке бөліп жазып, оқушылардың таңдап алуларына мүмкіндік береді. Мақалдың екі бөлігін алған балалар бірін-бірі іздеп тауып, жұптасады.

(Ұ) «Болжау» әдісі бойынша оқушылар мақал-мәтелдердің сабаққа қандай қатысы болуын болжайды.

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

Сандықша. Мақалдардың бөліктері жазылған қағаздар





Ортасы

Мағынаны тану

(Ұ) «Есіңе түсір» айдары«Ойқозғау» әдісі бойынша жүзеге асады. Сырсандықта берілген сөйлемдердің ортақ атауын тауып жазуға мүмкіндік тудыру

«Білгенге маржан» айдарымен берілген мәліметтер пайдаланылады.

ҚБ: Мұғалімнің қолдау сөздері (Ж) «Түсініп оқы» айдары

Оқушылар «Сөз мәйегі» өлеңін аялдамамен оқу арқылы талдай отырып оқиды.

Мақсаты: Мәтінді бөлімдерге бөліп оқып, әр бөлімнің мазмұнын ашатын сұрақтарға жауап ала отырып, келесі бөлім мазмұнын болжай білуге үйренеді.

Тиімділігі: Мәтін мазмұнын сұрақтар арқылы талдай отырып оқуға дағдыланады.

(Ұ)«Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша мәйек, көркеуде сөздерінің мағынасын ашады.

Мәйек – бір нәрсеге ұйытқы, көмек, негіз болатын зат Көркеуде – оқымаған, надан адам

(ЖЖ) «Ойлан» айдары

Оқушылар өздері білетін мақалдарды сырсандықтағыдай жартысын жазып, көршісімен талдайды.

Дескрипторы:

1. Білетін мақалдарын екі бөлікке бөліп, жұбына жасыра алады. 2. Жұбы жасырған мақалдың жартысын айта алады.

ҚБ: Смайлдер жапсыру

(Т) «Суретпен жұмыс» айдары бойынша

Суреттегі кейіпкерлерге қандай мақал-мәтел айтар едің? Дескрипторы: Сурет мазмұнына сәйкес бір немесе бірнеше мақал айтады.

(Т) «Құрастыр» айдары бойынша Оразбай Байбақұлының өлең сөздерін пайдаланып, екі мақал құрастырып жазады. Дескрипторы: Өлең мағынасына сәйкес келетін мақал айтады немесе сөздерді пайдаланып өздері мақал құрастырады. ҚБ:«Отшашу» әдісі бойынша топтардың бірін-бірі бағалауын ұйымдастыруға болады.







































































Парақшалар


Аяқталуы

Ой толғаныс:

(Т) «Орында» айдары бойынша постер құрастырады.

Топтағы оқушылар өздері құраған мақалдардан постер жасайды. Дескрипторы:

- Мақал-мәтелдерді орынды қолдана алады.

- Белгілі бір тақырыпқа байланысты мақал құрастырады. - Мақалдарды бейнелейді.

Үйге тапсырма:

1. Сыныпта немесе сыныптар арасындағы мақал-мәтел сайысына дайындал.

2. «Мен естіп-білген мақал-мәтелдердің маңызы» тақырыбына зерттеу жұмысын жаса.

Кері байланыс:


Мақал-мәтел кітабы



Сөйлемді толықтыр: Маған ... ұнады. Мені ... таңғалдырды. Мен ... болғым келеді.


Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Қорытынды: Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парақтары, «Отшашу» әдісі

Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қаңтар
1046
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі