Бисенгалиева Сара
Бактыбаевна, бастауыш сынып мұғалімі
Маңғыстау облысы, Бейнеу
ауданы, «Бейнеу гимназиясы» КММ
Тәрбие
сағаты
Тақырыбы: «Даналық сөзден
үйренемін» Ыбырай Алтынсариннің еңбекқорлық
өнегесі
Мақсаты: Ыбырай
әңгімелеріндегі еңбекқорлық өнегесі туралы айтып түсіндіру, жақсы
қасиеттерді бойға сіңіру; әңгімелерді түсініп оқуға шақыру жіне
негізгі ойды ұғындыру; жаңашыл педагогтің жастарды білім алуға,
өнерге, ғылым жолына түсуге үндеген ой-тұжырымдарын ұғыну; топта
жұмыс жасауға тірбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер,
плакаттар, мақалдар, слайд, фломастерлер,
түйреуіштер.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
бөлімі
Сынып оқушыларын түгендеу,
шаттық шеңберіне дайындалу.
Шаттық
шеңбері:
Сөзжұмбақ
шешу.
|
1
|
қ
|
а
|
з
|
Ы
|
н
|
а
|
|
|
|
|
|
2
|
|
Қ
|
о
|
б
|
ы
|
л
|
а
|
н
|
д
|
ы
|
|
3
|
|
о
|
т
|
ы
|
з
|
|
|
|
|
|
|
4
|
ө
|
н
|
е
|
р
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
б
|
а
|
т
|
а
|
|
|
|
|
|
6
|
|
с
|
ү
|
й
|
е
|
у
|
|
|
|
|
-
Кітап асыл
қаз...на
-
Абайдың үйіне келген Барлас
қай жырды жырлады?
-
Тәуелсіз Қазақстан неше
жылдығын тойлауға дайындалуда?
-
... жігіт
көркі
-
Ата-ана мен ақсақалдардың, ел
ағаларының тілегі ... ата
-
Қартайғанда мал тайса, ...
болар бұл оқу
ІІ. Негізгі
бөлім
Көзкемсөздер
оқу
Балауса, Ұлағат, Айару,
Кәусар, Арайлым, Алихан, Айназым
Топқа арналған тапсырмалар
және топ атауы
-
|
1.«Әке мен
бала»
Фильм
көру
«Пирамида тарихы»
стратегиясы бойынша жұмыс
жасайды
|
2.«Асыл
шөп»
«Оқиға картасы»
стратегиясы бойынша жұмыс
жасайды
|
|
3.«Шеше мен
бала»
Көрініс
жасайды
|
4.«Малды пайдаға
жарату»
Көлеңке
театры
|
Сергіту сәті «Арқаға
жазылған комплименттер»
Оқушылар арқаға ілінген ақ
парақтарға мадақтау сөздер жазып береді де
оқиды.
ІІІ. Қорытынды
бөлім
Мұғалімнің қорытынды
сөзі.
-
|
«Стоп кадр»
стратегиясы
Оқушылар стикерге
сабақ бойында өзіне ұнаған жерін бір сурет арқылы
бейнелейді.
|
«Білім
пирамидасы» стратегиясы
1) сөз
2) бес
сөз
3) бес сөйлем
жазады
|
Әке мен
бала
Бір адам он жасар баласын
ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын
көріп, баласына айтты:
— Анау тағаны, балам, ала жүр, —
деп.
Бала әкесіне:
— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, —
деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре
берді.
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған
жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты.
Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға
бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен
өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді.
Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында
келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен
шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір
шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір
әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді.
Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:
— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана
иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге
түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай
есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың,
азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, —
деді.
Асыл
шөп
Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған
екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға келе
жатыпты-мыс. Злиха ахылап-ухілеп шаршадым деп, Бәтима күліп,
әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха айтты:
- Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығыда
менің басымдағыдан кем емес, өзіңде менен күшті емессің?
- Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым деді
Бәтима.
- Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін
деді Злиха
- Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты: сабыр деген
екен.
Шеше
мен бала
Шешесі қыз баласынан
сұрады:
—Берген
ақшамды қайда қойдың?
Бала:
—Біреуге
бердім.
Шешесі:
— Кімге?
Бала:
—Бір тентек
балаға бердім.
Шешесі:
—Мұнан
былай тентек болма деп берген
шығарсың?
Бала:
—Рас, әже,
екінші рет тентек болма дедім. Құс та Құдайдың жәндігі ғой,
әже?
Шешесі:
— Біз де,
құс та, бөтен жан-жануардың бәрі де Құдайдың жаратқан
жәндігіміз.
Бала:
— Әлгі бала
Құдай-тағаланың жаратқан кішкентай құсын ұстап алып, сатайын деп
жүр екен. Құс кісі аярлық болып, шиқылдап тұрды. Сонда алып жүрген
бала тұмсығын қыса береді, бейшара құстың дауысын Құдай-тағала
есітеді деп қорыққан шығар деймін.
Шешесі:
— Онда сен
неғылдың?
Бала:
—Мен балаға
ақша беріп сатып алып, құсты ұшырып қоя бердім. Менің бұл ісім
сауап емес пе?
Шешесі:
— Әрине,
сауап, бейшараларға қайырымды
болғаның.
Бала:
— Ол бала,
кім біледі, кем-тарлықтан құсты сатуға
жүрген-ау?
Шешесі:
— Мен де
солай ойлаймын.
Сонда сөйлеп отырған бала сіңлісіне
қарап:
— Мана
ақшамның бәрін бергенім жақсы болған екен,—
деді.
Сіңлісі шешесіне
қарап:
— Апаммен
екеуміз мана бәстесіп едік, ол балаға апам құсыңның бәсі не деп те
сұрамай, ақшасының бәрін берді. Мен айттым: Құстың бәсі не? — деп
сұрау керек еді деп, қайсымыздікі
дұрыс?
Шешесі үлкен қызына қарап
айтты:
— Сенің де
бұл істеген ісінді дұрыс демеймін. Егер тағы бір манағындай бала
жолықса, ақшаңның бәрін бастапқы балаға беріп қойдың, соңғыға не
берер едің?
Үлкен қызы:
— Онда мен
тағы да саған келер едім.
Шешесі:
—Егер менде
де мал, ақша болмаса қайтер едің?
Бала:
— Онда...
деп, не дерін біле алмады.
Шешесі:
—Көбірек
жақсылық етуге шамам келсін десең, әр нәрсеге күтімді болу керек.
Құстың бәсін сұрап, кемге бермеймін десе, сонда ақшаңның бәрін беру
керек еді. Ол құстың өзі не құс
екен?
Баласы:
— Мен
сұрағаным да жоқ, әже, өзің айтушы емес пе ең, жақсылық еткен
жаныңның атын да сұрама деп.
Шешесі күліп:
— Солай,
солай, шырағым, — деді.
Баласы:
— Әже, сен
көрсең еді, құсты қоя бергенімде, әуелі қуанғаннан тіпті ұша
алмады. Сонан соң құсты сатқан баладан уәде алдым, екінші рет
ұстама деп.
Шешесі:
— Қызым,
жақсы іс істепсің, мінекей саған тағы да
теңге.
Қызы:
— Алла разы
болсын, әже.
Шешесі:
— Шырағым,
қызым, әрдайым осындай рақымды бол, саған мұның үшін Құдай рақым
етер, — деді.
Малды пайдаға
жарату
Бір үйші жұмысымен көп мал тауып тұрса да, сонша
азбен қанағат етіп, аз жұмсап тұрады екен. Бір күні көршісі
сұрады:
— Осы
сен бай бола тұрып, малыңды қай жаққа жібересің, көзге түсетін
ешнәрсең көрінбейді, — деді.
Үйші айтты:
— Тапқан малымның бір бөлімімен борышымды өтеймін,
бір бөлімін өсімге беремін.
Көрші:
— Қойшы, батыр, сенің борышың бар ма еді және
өсімге қашан ақша беруші едің? —
деді.
Үйші айтты:
— Қарт
әке-шешеме берген ақшаларымды өтеп тұрған борышым деп білемін,
өзімнен туған балаларға оқу оқытуға, асырауға шығарған малымды
өсімге берген мал деп білемін. Балалар адам болып, біз қартайғанда
жақсы асыраса, олардың борышымды өтегені емес пе, —
деді.