Материалдар / «Даңқың арта берсін, менің Қазақстаным!»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Даңқың арта берсін, менің Қазақстаным!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешіге қажет дүние
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2018
294
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіздік күніне арналған ашық ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық
картасы
«Әлихан» ІІ-кіші тобы 2015 оқу жылы «10» Желтоқсан
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, Қатынас, Таным, Шығармашылық.
Бөлімі: қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, сурет салу, музыка.
Тақырыбы: «Даңқың арта берсін, Менің Қазақстаным!»
мақсаты: Білім міндеті: Тәуелсіздік туралы мәлімет беру. Тәуелсіздік құрбандарымен
таныстыру.
Дамыту міндеті: ой - өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе
білуге үйрету, сөйлеу тілін, ой жүйелеу шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке, ел тарихы мен
мәдениетін, салт - дәстүрін ұмытпай, қадірлеуге тәрбиелеу.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: көркем сөздер жаттау
Әдіс – тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, сергіту сәті.
Көрнекіліктер: Желтоқсан құрбандары суреттері, Астана қаласы суреттері.
Билингвалдық компонент: Тәуелсіздік- независимость, отан-родина, Желтоқсан-декабрь.
Іс – әрекет
кезеңдері
Мотивациялық
қозғаушылық

Ұйымдастыру
іздестіру

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Алдар Көсе домбырасымен әндетіп
топқа кіреді.Мен алдармын, алдармын.
Бәрінді де алдармын о-о, а-а.
Алдар Көсе: — Балалар қаламызда
Тәуелсіздік күніне арналған той болып
жатыр. Мен сендерді сол тойға
шақырып келіп отырмын.
Қане барлығымыз ән шырқап мерекеге
барайық.

Балалар алдар көсеге
таңырқай қарайды.
Амандасады.

Алдар көсе: Мені жұрт Алдар көсе
деп атап кеткен, мен бірақ балаларды
алдамаймын. Мен сендерге тек
білгендерімді үйретемін Балалар мен
көп жерді аралап шықтым. Менің
білмейтін нәрсем жоқ. Мен сіздерге осы
мереке туралы айтып берейін. 1986
жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі
сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ
жастары Орталық алаңға шығып,
Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз
Қазақстан Республикасының туған күні
деп алтын әріппен жазылды.
Қане бәріміз қайталайық-16 желтоқсан
тәуелсіздік күні.
16 желтоқсанТәуелсіздік туған күн!
Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен ляззаттың
Арымен келген еркіндік

Алдар көсенің әнгімесін
тыңдады.

Алдар көсемен мерекеге
баруға келіседі.

16 желтоқсан тәуелсіздік
күні

(Қайрат, Жазира, Ляззат суреттерін
көрсетіп әңгімелеу.)
Отан үшін отқа түскен тәуелсіздік
құрбандары.Біздің отанымыз-Қазақстан
деп аталады.
Біздің елбасшымыз-Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев
Біздің ұлтымыз-Қазақ.
Алдар көсе: -Ал балалар менің
айтқандарымды естеріңе сақтадыңдар
ма? Қане тексеріп көрейін.
Д:О: «Жалғасын айт»
1.Біздің отанымыз2. Біздің елбасшымыз3. Біздің ұлтымызСөздік жұмыс:
Тәуелсіздікнезависимость,
отанродина, Желтоқсан-декабрь.
Алдар көсе: балалар мен сіздерге
қызықты ойын алып келдім, менімен
ойын ойнағыларың келеді ме? Бір
сергіп алайық.
Сергіту сәті
Ұлттық ойын: «Түйілген орамал»
Шарты: балалар шеңберге тұрады,
ойын бастаушы ортада тұрады. Музыка
әуенімен түйілген орамалды балалар
бір біріне лақтырады. Ортадағы бала
орамалды ұтып алуы керек.
Жеке жұмыс:
Балалар біздің елімізде тек қазақтар
ғана тұрмайды. Сонымен қатар орыс,
өзбек, татар, башқұрт, неміс т.б. ұлт
өкілдері тұрады. Біз олармен бір тудың
астында тату тәтті өмір сүріп
жатырмыз. Сіздер достық туралы
тақпақтар білесіздер ме?
Алдар көсе: Мәссаған міне қызық, мен
сандық тайып алдым. Ішінде не бар
екен қане ашып қарайық. Бұның ішінде
сиқырлы алақан түріндегі күннің
шуақтары жасырынып қалыпты. Күннің
шуақтарын өзіне қайтарайық.
Шығармашылық жұмыс:
Күннің шуақтарын жапсыру
Алдар көсе:
Желтоқсанның ызғары-ай
Кірпікке қатқан мұздар-ай
«Елім-ай» деп егілген,
Қаһарман ұлдар, қыздар-ай
Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан
тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің
туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.

1.Біздің отанымызҚазақстан деп аталады.
2. Біздің елбасшымызНұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев
3. Біздің ұлтымыз-Қазақ.
Тәуелсіздікнезависимость,
отанродина,
Желтоқсандекабрь.

Балалар қызығушылықпен
ойнады.

Инабат:Жақсылыққа
бақытқа, талпынған әр
уақытта. Бала біткен дос
бауыр, болмасын еш
тосқауыл . Ақпыз, қара,
сарымыз ағайынбіз
бәріміз?

Балалар күннің шуақтарын
жапсырды

Ревлексивті
түзетушілік

Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың
ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі,
тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді
көркейтіп, қазақстанның намысын
қорғайтын келешек ұрпақтың
ақылшысы, тірегі сендер
болмақсыңдар.
Ұлттық ойын: «Айгөлек»
Шарты: балалар шеңберге тұрады.
Алдар көсе:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдын жүзі дөңгелек.
Осы топтың ішінде,
Аршат деген бала керек.
Бала ортаға шығады. Барлығы Алдар
көсемен «Қара жорға» биін билейді.
Алдар көсе балаларды қайтып өз
топтарына апарып қайда барғандарын
сұрайды.

Балалар өздерінің қазақ
елінің бүлдіршіндері
екенін түсінді.

Балалар көркем сөзді
қайталап, «Қара жорға»
биін биледі.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Тәуелсіздік туралы мәлімет
Қандай түсініктерді игерді: тілдері дамыды, сөздік қоры көбейді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктер: отанды құрметтеуге, сүюге тәрбиеленді.

Әдіскер:____________

Тәрбиеші

«Тексерілді» №7 МДБҰ әдіскері
Маненова З.Х._______________
Маманбаева.Н.Н.____________

«Бекітемін» __________________
№7МДБҰ директоры Ж.Ж. Юнусова

«Даңқың арта берсін, Менің Қазақстаным!»
Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық әнгіме
II-кіші «Әлихан» тобы

Тәрбиеші: Асанова М.С.
Төресаева Ұ.Б.

2015-2016 оқу жылы

Әдіскер: ----------------------------

Тәрбиеші: ---------------------------------------
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!