Дара және күрделі баяндауыш.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дара және күрделі баяндауыш.

Материал туралы қысқаша түсінік
Дара және күрделі баяндауыш жайлы мәлімет беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ мерзімі: 11.10.2017ж 8-сынып Сабақ тақырыбы: Дара және күрделі баяндауыш 
Сабақ мақсаты: 
а) Оқушыларға тұрлаулы мүшенің бірі баяндауыш туралы түсінік 
беріп, оның құрамдық түрлерін ажырата білуге үйрету. 
ә) Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін, өз ойын 
жүйелі жеткізе білу қабілетін дамыту 
б) Оқушыларды рухани-адамгершілік, еңбексүйгіштікке баулу, 
білімді болуға деген қызығушылығын ояту. 
Сабақ көрнекілігі: шығармашылық жұмыс кестесі, үлестірме қағаз. 
Сабақ түрі: жаңа сабақ 
Сабақ әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, салыстыру әдісі 
Пәнаралық байланыс: әдебиет 
Сабақ барысы: 
І Ұйымдастыру кезеңі 
Оқушылармен сәлемдесу. 
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, зейіндерін сабаққа аудару. 
Жаңа сабаққа дайындық. 
ІІ Үй жұмысын пысықтау 
Жаттығудың орындалуын тексеру. 
Үлестірме қағаз арқылы ереже сұрау,сөйлем талдау. 
ІІІ Жаңа сабақ 
Баяндауыш 
Сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін білдіретін тұрлаулы мүшенің бірін баяндауыш дейміз. 
Сұрақтары: Не істеді? Қайтеді? Қайтті? 
Не істемек? Немене? Кімдікі? Ненікі? 
Кім? Не? Неше? Қандай? т.б. 
Баяндауыш болатын сөз таптары 
Сөз таптары Сөйлемдер 
1 Етістік Сен қайда жүрсің? 
2 Сын есім Бәріміз бір кісінің баласындай татумыз. 
3 Зат есім Ат – көлік, қамшы – қару. 
4 Сан есім Ер кезегі – үш. 
5 Есімдік Кешегі келген – соның өзі. 
6 Еліктеуіш сөз 
бен көмекші етістік От жылт етті. 
Мылтықтың даусы тарс етті. 
Баяндауыш құрылысына қарай 3 түрге жіктеледі. 
Дара баяндауыш: Ол бөлменің ішін тазалады. Мен өте қуандым. 
Күрделі баяндауыш: Машина баяу жүріп келе жатыр. Абай күрсініп қояды. 
Үйірлі баяндауыш Қиыны бұл дүниенің – қолы тарлық. 
Есті адамдар бар қасиет – уайым жеу. 
Шығармашылық жұмыс 
1-тапсырма. Мақалдарды жалғастыр. 
1. Білімдіге дүние ... (жарық) 
Білімсіздің күні .... (кәріп) 
3. Еңбекқордың ерні .... (майлы) 
4. Ақыл – тозбайтын ..... (тон) 
Білім – таусылмайтын ....(кен) 
1) Бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сыз. 
2) Баяндауыштың қандай сөз табынан жасалғанын анықта. 
2-тапсырма. Екі сөзден тастап оқып, сөздерден өлең жолын құрастыр. Құрамынан баяндауышты тап. 
Адамның, бала, оқытуды, бір, деген, жек, қызығы, баланы, көрмедім. 
Жауабы: 
Адамның бір қызығы бала деген, 
Баланы оқытуды жек көрмедім. 
Бұл үзінді қай өлеңнен алынған? 
Өлеңнің авторы туралы не білесіңдер? 
Жаңа сабақты қорытындылау 
1. Венн диаграммасы (салыстыру) әдісі арқылы. 
2. Сұрақ-жауап арқылы. 
Оқушыларды бағалау 
Үй жұмысы: Баяндауыштың ережесін оқып, іздену.













Тексерілді:11.10.2017ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1741
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі