400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дара және күрделі етістік

Материал туралы қысқаша түсінік
"Дара және күрделі етістік" 2-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

йПәні

Қазақ тілі

Сыныбы

2 сынып

Уақыты


Сабақтың тақырыбы:

Дара және күрделі етістік

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық:


ә) коммуникативтік:

б) проблеманы шешу:



Мәтіннің мазмұнын түсіндіре отырып, дара және күрделі етістіктердің ерекшелігін, жазылу емлесін меңгерту.


Тақырыптан алынған білім-білік дағдыны сабақтан тыс уақытта пайдалана білуге үйрету.


Тақырыпқа байланысты берілген жаттығуларды өз бетімен орындауға дағдыландыру,сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын педаго-гикалық технологиялар:


Дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың әдісі:

Көрнекілік,машықтық,сөздік.

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану, бейнелеу өнері

Оқыту құралдары:

Оқулық(Қазақ тілі,авторы: Ж.Қ.Балтабаева,М.Қ.Солтанғазина,Ф.С.Лекерова. Алматыкітап баспасы,2013),суреттер,топшамалар.

Сабақтың

бөлімдері

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру

бөлімі

А) Амандасу(-Сәлеметсіздер ме,оқушылар?)

ә) Түгендеу

б) Сабаққа әзірліктерін тексеру(оқушылардың оқу құралдарын тексеру,кезекшілікті қадағалау,сыныптың сабаққа әзірліктерін тексеру)

а) Амандасады.(-Сәлеметсіз бе?)

ә) Кезекшілік қызметтерін атқарады.

б) Назарларын аударады.

Мұғалім мен оқушы арасында қарым-қатынас орнайды. Оқушылардың сабаққа дайындық деңгейлері анықталады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Ал,балалар,үй тапсырмасына не берілді?

-Кім дайын?

Тақтаға үйге берілген жаттығуды орындатып тексеремін.Ереже сұраймын.


Үй тапсырмасын айтады,сабаққа дайындықпен келген оқушы үй тапсырмасына шығады.Ереже айтады.

Үй тапсырмасын тексеру арқылы өткен материалды қайталайды.

Оқушылардың сабаққа дайындықтары анықталады.

IІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа тақырыпқа кіріспе.





































-Балалар,ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?

-Ендеше,қазір "Күннің көзін ашайық!!!" ойынын ойнаймыз.Тақтаға өткен тақырыптарға байланысты сұрақтары бар күннің суретін ілемін.Тақтаға оқушыларды шығарамын.

Сұрақтар:

1.Заттың атын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?

2.Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?


3.Өлеңнен зат есімді тауып,оған сұрақ қой.

Баратыным-

Қыр.

Қонатыным-

Гүл.

Теретінім-

Нәр.

Беретнім-

Бал.

4.Жалқы есімдерді тап:

Өзен,мәншүк,оқушы,кітап,әсет,жайық,көктем,

орал.

5.Жалпы есімдерді тап:

Бөгенбай,орал,оқушы,парта,сыйлық,гүл,

құлагер

6.Сөздерге көптік жалғау жалға,оларға сұрақ қой:

Бөлме,ағаш,орындық,ыдыс,кілем,жапырақ,қалам

терезе,ана,қуыршақ.

7.зат есімнің көпше түрін тап:

Қайық,қарбыз,өзендер,теңіздер,ағалар,күн,

жұлдыздар.

8.Етістік дегеніміз не?


9.Зат есімнің жекеше түрлерін тап:

Бишілер,кітап,машина,оқулықтар,дәптер,

ағаштар.

10.Көп нүктенің орнына тиісті етістікті қой:

Орманда биік ағаштар.... .

Әсет қолын сабынмен.... .

-Жарайсыңдар,күннің көзі ашылды,ол сендерге алғысын білдіруде,сендерге нұрын шашып тұр.

Тақтаға екі сөйлем жазамын.

Күн нұрын шашты.

-оқушылар,сөйлемде етістікті табайық.Ол үшін етістіктің сұрағын қоямыз.Етістік қандай сұраққа жауа береді?

- Күн нұрын шашты.Не істеді?

-Сөйлемде етістік қанша сөзден құралған?




Күн нұрын шашып тұр.

-бұл сөйлемде етістік қайсысы?

-сұрақ қоямыз.

-сөйлемде етістік қанша сөзден құрылған?

-яғни бұл қандай етістік?

-күрделі етістік.Етістіктің зат есім сияқты екі түрі бар:дара және күрделі.Сонымен бүгінгі біздің тақырыбымыз дара және күрделі етістік.Қане,дәптерлеріңді ашып бүгінгі күннің жадын және тақырыпты жазайық.

Оқушыларға ережені оқып,өздеріне де оқытқызамын.

Етістіктер дара және күрделі болып екіге бөлінеді.

Дара етістік бір сөзден тұрады:барды,келді,кетті.

Күрделі етістік екі немесе одан да көп сөздерден құралады:алып бар,қайтып кел,көріп кет.

-енді,дара етістіктерге өздерін мысал келтіріңдер.Оны күрделі етістікке айналдырамыз.


-Ия жақсы көреміз.

Балалар сұрақтарға жауап беруге дайындалады.




-заттың атын білдіретін сөздерді зат есім деп атаймыз.

-зат есімге кім?кімдер?не?нелер? деген сұрақтар қойылады.


-Қыр(не?), Гүл(не?),Нәр(Не?),Бал(не?).









-жалқы есімдер:Мәншүк,Әсет,Жайық,

Орал.


-жалпы есімдер:оқушы,парта,сыйлық,гүл.


-бөлмелер,ағаштар,орындықтар,ыдыстар,

Кілемдер,жапырақтар,қаламдар,терезелер,

Аналар,қуыршақтар.


-өзендер,теңіздер,ағалар,жұлдыздар



-заттың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.


-кітап,машина,дәптер.



-өседі(не істейді?)

Жуды(не істед?)







-не істеді?қайтты?

-шашты.

-бір сөзден.





-шашып тұр.

-не істеп тұр?шашып тұр.

-екі сөзден.


Дәптерлерін ашып,бүгінгі күннің жадын және тақырыпты жазады.




Оқушылар ережені оқиды.


Етістіктер дара және күрделі болып екіге бөлінеді.

Дара етістік бір сөзден тұрады:барды,келді,кетті.

Күрделі етістік екі немесе одан да көп сөздерден құралады:алып бар,қайтып кел,көріп кет.

Мысалдар келтіреді.





Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өткен материалды қайталайды.




































Келтірілген мысал арқылы жаңа материалдың мазмұнын ашады.






















Ережелермен танысады,жаттап алады.

IV.Сергіту сәті

Оқушыларды орындарынан тұрғызып сергіту сәтін өткіземін:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Биік болып өседі.

Оқушылар орындарынан тұрып сергіту жаттығуларын бірге жасайды.

Оқушылар бой жазады.

V.Жаңа материалды хабарлау


Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығуды тақтада орындатқызамын.

1-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.Екі бағандағы етістіктерді тауып,сұрақ қой.Оларды өзара салыстыр.

1.Жаңбыр жауды.

2.Әли достарымен доп ойнады.

3.Айман әжесінің әңгімесін тыңдады.

4.Серік күйсандықта ойнады.


1.Жаңбыр жауып тұр.

2.Әли достарымен доп ойнап жүр.

3.Айман әжесінің әңгімесін тыңдап отыр.

4.Серік күйсандықта ойнап отыр.







Дәптермен жұмыс:

1-жаттығуды орындап болғаннан кейін,келесі жаттығуды орындау.

2-жаттығу.Жаңылтпаштарды оқы.Дара және күрделі етістіктерді тап.

Жаңылтпашты ауызша оқытқызу.

Жатта таппақ,

Жатта тақ-тақ.


Далада Дана да ойнап жүр,

Далада Сана да ойнап жүр.

4-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқы.Етістіктерді тауып,сұрақ қой.

Жаттығуды ауызша орындайды.

5-жаттығу.Сөйлемді көшіріп жазып, дара етістіктің астые бір рет, күрделі етістіктің астын екі рет сыз.

Жаттығуды тақтада орындатқызып,дәптерге жаздыру.



Оқулықпен жұмыс:

Тақтада орындайды.

1-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазады,екі бағандағы етістіктерді тауып,сұрақ қояды:

1.Жаңбыр жауды.(не істеді?)

2.Әли достарымен доп ойнады.(не істеді?)

3.Айман әжесінің әңгімесін тыңдады.(не істеді?)

4.Серік күйсандықта ойнады.(не істеді?)


1.Жаңбыр жауып тұр.(не істеп тұр?)

2.Әли достарымен доп ойнап жүр.(не істеп жүр?)

3.Айман әжесінің әңгімесін тыңдап отыр.(не істеп отыр?)

4.Серік күйсандықта ойнап отыр.(не істеп отыр?)



Дәптермен жұмыс:

2-жаттығу.Жаңылтпаштарды оқып,дара және күрделі етістіктерді табады.

Жатта таппақ,---жатта(не істе?)дара

Жатта тақ-тақ.--- жатта(не істе?)дара


Далада Дана да ойнап жүр,--не істеп жүр?

Далада Сана да ойнап жүр.- ,--не істеп жүр? күрелі етістік.


4-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқиды.Етістіктерді тауып,сұрақ қояды

Жаттығуды ауызша орындайды.

5-жаттығу.Сөйлемді көшіріп жазып, дара етістіктің астын бір рет, күрделі етістіктің астын екі рет сызады.

Жаттығуды тақтада орындап,дәптерге жазады.


Алған білімдерін нығайту мақсатында жаттығулар орындайды.

Сөйлемнен дара және күрделі етістіктерді ажыратып үйренеді.

















Жаңылтпашты оқу арқылы тілдері жаттығады.

















VI. Сабақты қорытындылау

Тақтаға біренше сурет ілемін,осы суреттерге қарап, дара және күрделі етістіктерді қатыстырып сөйлем құрату.

Берілген суреттерге қарап,оқушылар дара және күрделі етістіктерді қатыстырып сөйлем құрап жазады.




Берілген тапсырмалар арқылы тақырыпты қорытындылайды.


VІI. Бағалау.

Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау, марапаттау.

Бәрекелді балалар,
Бәріңе жақсы баға бар
Азамат боп өсіңдер
Ел қадірін біліңдер.

Күнделікке баға қойғызады, марапатта-лады.

Оқушыларды бағалай отырып олардың қызығушылығын арттырады.

VІIІ. Үйге тапсырма.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазып аламыз.

-үй тапсырмасы

-үй тапсырмасы 6 жаттығу.Ереже жаттау.

-Осымен сабағымыз аяқталды.Қош,сау болыңыздар!

Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады.

- Сау болыңыз!

Мәлімет беруге дайындалады.








Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық

колледж



Қазақ тілінен:



Сабақ жоспары

Құрастырған: Қараева Г.С.

Тексерген:Қуанышкалиева Л.Б.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қазан
547
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі