400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дара және күрделі етістіктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне көмегі тиеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы

Дара және күрделі етістіктер


Мақсаты

Етістік туралы алған білімдерін толықтыру; дара , күрделі етістік туралы  білімдерін тиянақтап, бекіту.Өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық, практикалық ойлау және сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.





Етістік туралы алған білімдерін толықтырады. Дара , күрделі етістік туралы  білімдерін тиянақтап, бекітеді.Өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық, практикалық ойлау және сөйлеу қабілеттрін жетілдіреді.




Қолданылған технология: Дамыта оқыту технологиясы.Деңгейлеп оқыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты бекіту сабағы.    Дамытушылық, интерактивті тақтамен жұмыс.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Сұрақ-жауап», «Салыстыру-ажырату», «Бағдаршам», деңгейлік тапсырмалар.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер,  сөзжұмбақтар, ойын.


Күтілетін нәтиже


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Топтастыру

Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа біріктіріп отырғызу.

1-топ Түбір

2-топ Жұрнақ

3-топ Жалғау



Психологиялық ахуал

Қазақ тілім өз тілім дара тілім. 

 Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

 Қастерлейді ұл, қызың мәңгі сені,

 Болашағым бақытым дара тілім.

Тобымыз жайлы айтайық.


Оқушылар өлең шумағын хормен айтып,көңілденіп алады.

Топбасшылары топ атауының анықтамасын айтады.


Қызығушылықты ояту

«Сұрақ- жауап» әдісі. Білімімізді тексеру үшін Сиқырлы сандықшаның сұрақтарына жауап беріп көрейік.

Ал, енді мына жұмбақтың жауабын дұрыс тапсақ,Оқулықтың тапсырмасын орындайды екенбіз.

Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен.

(Кітап)

Кітап жайлы не білеміз ?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Әр топтан 2-3 оқушыдан шығып, сандықшаның сұрақтарына жауап береді.Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.Жұмбақтың шешімін тауып, оқулықтың тапсырмасын орындауға кіріседі.


Оқушылар білетіндерін кезекпен айтады.


Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс: 3 топқа бөліп беріледі.395- жаттығу.Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннен етістіктерді тап.

  1. топ 1-2 сөйлемдер

  2. топ 3-4 сөйлемдер

  3. топ соңғы сөйлем

Мәтінді әрі қарай жалғастырып көрейікші.

Топтық тапсырмалар беріледі.



1-топ .Бәріне бірдей ортақ қимылды білдіретін сөзді тап. Сол сөзді дара етістікке айналдыр. Адамға ғана тән қимыл атауларын ата.

АShape1 дам

МShape3 ал ... ?

Аң

2- топ Күрделі етістіктен дара етістік жаса

Барып едім- бардым

Тыңдап отырмын-

Көріп тұрмын-

Қуып жүр-

Қашып жүр-

Сайрап отыр-


3-топ .Етістіктерді күрделі етістікке айналдырып жаз


Пісті-

Келді-

Жинады-

Сарғайды-

Маужырады-

Сайрандады-

Дәптермен жұмыс: 397-жаттығу

Әр топтан екі оқушыдан жауап береді.





Оқушылар ойланып жауап береді.




Ортақ сөзді табады.Ол сөзді күрделі етістікке айналдырады. Адамға ғана тән қимыл атауларын атайды.


Дара етістіктерді жазады.









Етістіктерді күрделі етістікке айналдырып жазады.


Дәптерлеріне кестені сызып, дара етістік пен күрделі етістіктерді жазады.

Дәптерлеріне көркем етіп жазады.


Сергіту сәті

Интербелсенді тақтаға қарау арқылы «Көңілді күн» әуеніне би қимылдарын жасайды.

Бойлары сергіп, шаршағандары басылады.


Ой толғаныс








Қорыту

Қабілеті жоғары оқушылармен жұмыс.Мәтінді оқы.Зат есімдер мен етістіктерге талдау жаса.Төле би туралы білетініңді айт.

Қабілеті төмен оқушылармен жұмыс: Дара етістіктер мен күрделі етістіктердің ережесін айт. Мысал келтір.

«Аквариумдағы балықтар» әдісі арқылы сабақты қорыту .

- Етістіктің түрлерін айт

- Дара етістік неше сөзден тұрады?
- Күрделі етістік неше сөзден тұрады?

- Дара етістіктерді айт

- Күрделі етістіктерді айт

Оқушылар берілген мәтіннен зат есім мен етістікті табады.


Кестеге дара етістіктер мен күрделі етістіктерді жазып береді.




«Аквариумдағы балықтар» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.


Үйге тапсырма

З99- жаттығу. Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құра.

Күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

. Топбасшылары бағалау парағын толтырады. Стикер арқылы өздерінің бағаларын қояды. Мұғалімнің бағасы.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

« Бағдаршам»

әдісі

Стикерлерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1056
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі