400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дара және күрделі сын есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне және де іс-тәжірибеден өтушілерге қазақ тілі сабағын өткізуде керек болады. Сабақ жоспары 4 сыныпқа арналып жасалған. Сабақ жоспары кесте бойынша, жаңашыл технологиялармен қамтылған. Балаларға қызықты болу үшін тапсырмалар, ой-толғанысқа арналған тапсырмалар қолданылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:  Дара және күрделі сын есім

Мақсаты: 

1). Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру,
2). Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, ауызекі тілін дамыту,
3). Өз тілін сүюге, қастерлеуге баулу.  Қатесіз, әрі көркем жазуға баулу. Кішіпейілділікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнектілігі:  Сөздік сөздер, Венн диаграммасы, ойындар.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Сәлемдесу.

2) Психологиялық  дайындық. (Жақсылықты сіңіру, жамандықтан аулақ болу).

3) Үй жұмысын тексеру «Сыңарын тап» ойыны.

(Терең-таяз, ыстық-суық, адал-арам, жұмсақ-қатты, жуан-жіңішке)

А) Осы сөздермен сөйлем құрастыру.

4) Жеке карточкалармен жұмыс. Тексеру. Бағалау. (4 оқушы).
ІІ. Жаңа тақырып: 

1) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2) Дәптерге ай, күнді жазу.

3) Көркем жазу:

Әдепті бала ата-анасын мақтатар. Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

-Мақалды оқу. Мағынасын түсіндіру.

1 -жаттығу-Көшіріп жазу. Сын есімдерді табу. Сұрақ қою.

Ереже құрастыру. (Кесте бойынша)

ІІІ. Оқулықпен жұмыс. 41-бет (оқу, талдау)

3-жаттығу (тақтада, жазбаша )

-Сын есімді табу. Дара, күрделі екенін айту.

-Дара сын есімдернеше сөзден тұрады? Күрделі сын есімдер ше?

4-жаттығу. (Ауызша оқу). Терме жұмысы.

ІV. Сергіту сәті. «Менің есімім» (өз есімінің бастапқы әрпіне өзіне лайықты жақсы қасиетт айту).

Бекіту. 5-жаттығу. Өздік жұмысы.

VІ. Қорыту.  Венн диаграммасын толтыру.

VІІ. Үйге 2-жаттығу 42 бет

VІІІ. Бағалау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
314
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі