400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дара және күрделі зат есім 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дара және күрделі зат есім сын есім, сан есім, етістікті анықтайды. Тірек сөздерді пайдалана отырып жазады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар

     

Қазақ тілі 98-сабақ


Мектеп

40 ЖББМ

Бөлім

Дені саудың жаны сау

Педагогтің аты-жөні

Кадирова И.Ж.

Күні:

06.03.2025ж

Сынып: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дара және күрделі зат есім

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.4.2.5 дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/етістікті анықтау;

2.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құру және тірек сөздерді пайдалана отырып, мазмұндама жазу;


Сабақтың мақсаты

Дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/етістікті анықтайды

Тірек сөздерді пайдалана отырып жазады.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин


Психологиялық ахуал.

Атша желіп көрейік,

Ауыздығын тежейік.

Құнанменен шабайық,

Мәреге бірге жетейік.

Шабандоз бала болайық,

Бас бәйгені алайық.

«Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезіңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргіземін

Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

тарихи және мәдени мұраны зерттеуге қызығушылық таныту;

Өткенді қайталау

-Өткен сабақтарда қандай тақырып өттік?

-Өткенді еске түсіру мақсатында ойын ойнаймыз

Wonder ойыны

Ой қозғау»

Қазақ халқы шаруашылығының бірі – мал бағу. Төрт түлік кисек – киім, ішсек – та- мақ, мінсек – көлік. Төрт түлік жайлы жасырылған жұмбақтарды шешіп көре- йікші. Интербелсенді тақтадан жұмбақтар көрсетіледі.

Жұмбақтар:

1. Иір-иір денесі,

Сахараның кемесі. (түйе)

2. Бетегелі белге бітем,

Найза ұстаған ерге бітем. (жылқы)


Оқушылар өлеңді хормен айтады




Сұрақтарға жауап береді











Төрт түлік туралы білетіндерін естеріне түсіреді.

Жұмбақтарды шешеді


Жарайсыңдар!

Бағалау


Күн шауағы





Сабақтың ортасы 10 мин

ҚБ 59 –тапсырма Топтық жұмыс ОДД:білу,түсіну,қолдану

«Шабандоз» ойыны арқылы кестені толтыру

Нұсқау:Кестедегі сөздерді оқы. Кестедегі

зат есімдерге қарап,қандай зат есім дара,

қандай зат есім күрделі болатынын

өзің айтыпкөр. Жасаған қорытындыңды төмендегі мәліметпен салыстыр

Кестедегі сөздерді оқиды. Кесте- дегі зат есімдерді салыстырып, қандай зат есім дара, қандай зат есім күрделі болатынын айтып, ой қорытындысын жасайды.

Бағалау критерийі:

Дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/етістікті анықтайды

Дескриптор:

кестеде берілген сөздерді оқиды 1 балл

зат есімдерді салыстырады1 балл

зат есімдердің дара, күрделі екенін ажы- ратады 1 бал

сұрақтарға жауап береді 1 балл



Суреттер

10 мин

ҚБ 60- тапсырмалар Жұптық жұмыс ОДД:білу,түсіну,қолдану

«Мнемотехника» әдісімен өлеңді түсініп оқиды.

Ірі менің сүйегім,

Ойсылқара- түйемін.

Ұнатпаймын әлсізді,

Қара күшке иемін.

Қарамен жазылған зат есімнің дара,кұрделі екенін ажырат

Түйенің төлі қалай аталады?

Түйені қалай шақырады?

Түйеден қандай өнімдер алынады?

Түйенің пайдасы бар ма?

ЕББҚ ететін (ойлау деңгейі төмен) балаға тапсырма - Өлең не туралы?


Өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлеңде гі қарамен жазылған зат есімнің дара, күрделі екенін ажыратады. Қойылған сұрақтарға жауап береді.



Бағалау критерийі:

Дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/етістікті анықтайды

Дескриптор:

Өлеңді мәнерлеп оқиды. 1 балл

Өлеңде гі қарамен жазылған зат есімнің дара, күрделі екенін ажыратады. 1 б

Қойылған сұрақтарға жауап береді. 1 балл



2 мин

Сергіту сәті Қошақаным

Іс қимыл жасап сергиді.

Жарайсыңдар!


10 мин

ҚБ 62 –тапсырма Өзіндік жұмыс ОДД:білу,түсіну,қолдану

« Жатқа жаз» әдісі

Нұсқау: Жаңылтпашты жатқа айтып, содан кейін қарамай жазады.

Түйелі ауылдан шұбаи іштік,

Шұбаттың шипалығын ұға түстік

ЕББҚ ететін (ойлау деңгейі жоғары) балаға тапсырма

Жаңылтпашты жатқа айтады

Оқулықта берілген жаңылтпашты жатқа айтқан соң, оқулыққа қарамай жазады.

Бағалау критерийі:

Көптік жалғауларын дұрыс қолданады

Дескриптор:

жаңылтпашты барлығы дауыстап, түсініп оқиды 1 балл

көру диктанты ретінде жатқа жазады 1 балл


дәптер


ҚБ 63- тапсырма Топтық жұмыс

ОДД:білу,түсіну,қолдану

Нұсқау: Суреттердің көмегімен сөзжұмбақты құрастыр және шеш.

Суреттің көмегімен сөзжұмбақты құрастырып, шешеді. Тапқан сөздерінің мағынасын сөздіктен қарайды. Шешуіндегі сөздер: ақсақал, тасбақа, асқабақ, аққұтан.

Бағалау критерийі:

Тірек сөздерді пайдалана отырып жазады

Дескриптор:

Сөзжұмбақты шешеді 1 балл



Сабақтың соңы

3 мин

МК, Т.Сабақты бекіту

Кері байланыс

-Бүгінгі сабақта не ұнады?

-Сабақтан қандай ой түйдің?

-Бүгінгі сабақтан алған білімің үшін өзіңе қандай баға бересің?

Рефлексия «Белгі бер»


Үйге : 61 - жаттығу

Кері байланыс жасайды.

Оқу тапсырмасын жазып алады.


тапсырма орындалады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
30.03.2025
421
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі