Материалдар / "Дара жол" бағдарламасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Дара жол" бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл бағдарлама Индер аудандық білім бөлімінде бірнеше жыл еңбек еткен аяулы ұстаз Т.Биғазиевтің шығармашылығына арналды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
3474
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шараның тақырыбы: «Дара жол» бағдарламасы

Өткізген: А.Ғарифуллина



Жүргізуші:

Армысыздар «Дара жол» бағдарламасының құрметті де қадірлі, аса сыйлы қонақтары! Ұзақ жол жүріп келе жатқан адам қиядан қиялап, ойдан ойыстап, тау-дөңестен тауқымет тартып өтіп келе жатып бір бекетке өкше тірегенде артта қаншама із қалды, енді алдымда не қарасын бар демей ме? Дәл осы сияқты аман-есен тіршілік кешетін адамның белгілі бір уақытта кемел жасқа толған сәтінде осындай ой сезінетіні бар. Бүгінде мәрт жас – жетпістің жетегіне келген «Дара жолдың» қонағы, қадірлі ұстаз, Индер ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы Білім беру саласының Құрметті қызметкері Биғазиев Табылды Құмарұлын өмірлік серігі Ахметова Қалжан Капсалимқызымен ортаға шақырайық.

Жүргізуші:

Қош келдіңіз, алтын ұя мектебіңізге! 70 жасыңыз құтты болсын. Сіздің дара жолыңызда Жамбыл атындағы орта мектебінің алатын орны ерекше деп ойлаймыз. Сол себепті сіздің дара жолыңызды, сара жолыңызды осы білім ордасында өткізуді жөн көрдік. Бір сәт оқушылық өміріңізді көз алдыңызға елестете отырып, мектеп оқушыларының өзіңізге арнаған ыстық ықыласын қабыл алыңыз.

(Оқушылар өлең оқиды)

Жүргізуші:

Аға, осы тұста өзіңіз жайлы дайындалған бейнероликке назар аударсақ.

(Бейнеролик көрсетіледі)

Жүргізуші:

Бұл сіз туралы айтылған мәліметтердің азы ғана, ал біз білмейтін сіздің қырларыңыз бен сырларыңыз қаншама? Бүгінгі «Дара жолда» Биғазиев Табылды Құмарұлы туралы барлық мағлұматты өз аузыңыздан еститін боламыз.

Сәби күндер, бала күндер баяғы,

Қайдан енді бізге құшақ жаяды.

Үйге кірмей, ойынға да тоймастан,

Жеп те кейде алар едік таяқты.

Әңгімені әу бастан бала кезіңізден бастасақ? Бала Табылды қандай болды? Осындай талапты ұлды өсірген ата-анасы жайлы, өскен ортасы, бала кездегі қызықтары туралы айта отырсаңыз.

Жүргізуші:

Байқаймын, көпшіл, бауырмал жанға ұқсайсыз. Бұл да сіздің бір қасиетіңіз деуге болады. Ауданымызға белгілі азамат, қарымды журналист, ақын ағамыз Сансызбай Базарбаев «Дендер» газетінің 2007 жылғы 30 мамырдағы «Жігіттің жігері – талаптан» атты мақаласында «Табылды мектеп кезінде үнемі көпшілік ортасында жүретін, әсем де таза, иненің көзінен өткендей пысық, өз қатарынан ерекшеленіп тұратын еді» деп естелік келтіреді. Бүгін қонақта ағайдың сынып жетекшісі Нәсіпқали Темірғалиұлы, дәріс берген ұстазы Жеміс Құбашқызы келіп отыр. Қош келдіңіздер! Табылды Құмарұлы қандай оқушы еді? Сабақ үлгерімі қандай болды? Сол кездегі оқушылар жайында сөз қозғасаңыздар.

Жүргізуші:

Адамдар қанша жасқа келсе де, мектеп өмірін, ұстаздары мен сыныптастарын сағынып жатады. Бүгін бағдарламаға сыныптасыңыз, әрі ұстаздық атты ұлы жолды өзіңіз сияқты ұлықтаған әріптесіңіз Тәбия Ізтелеуқызы, сонымен қатар Нұру Досанов келіп отыр. Сәлеметсіз бе, бағдарламаға қош келдіңіз. Сыныпта манағы Сансызбай ағай келтіргендей, Табылды аға пысық, көпшіл ме еді? Сыныптас ретінде қандай естелік айта аласыз?

Жүргізуші:

Мектеп бітіріп, 1966 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының химия-биология пәнінің мұғалімі мамандығын таңдапсыз? Неге химия-биология? Әлде сол пәнді сүйіп оқыдыңыз ба? Бұл мамандықты таңдауға не әсер етті?

Жүргізуші:

Ең алғашқы еңбек жолыңызды өзіңіз білім алып тәрбиеленген, қасиетті қара шаңырақ Жамбыл атындағы орта мектебінен бастадыңыз. Ең алғашқы жұмыс күніңіз есіңізде ме?

Жүргізуші:

Бүгін қонаққа Табылды Құмарұлының «Дара жолына» аудандық мәслихат хатшысы Сапаров Бағдат Шамұратұлы келіп отыр. Ағаймен аудандық мәслихат аппаратында қызметте болдыңыз. Қандай естелік айта аласыз

Жүргізуші:

2004 жылдары аудандық білім бөлімінде басшылық қызметтерді атқарып, елеулі еңбек еткен жылдар санаңызда жаңғырып тұрған шығар. Бүгін қонақта сізді сыйлап, қазір де аудандық білім бөлімінде тынбай еңбек етіп жүрген жандар ортамызға келіп отыр. Аудандық білім бөлімінің бас маманы Қымбат Хайроллақызы да бізде қонақта, қызмет еткен жылдардан Табылды Құмарұлы туралы естеліктер өрбітсеңіз. Аудандық білім бөлімінде ағайдың жолын қуып, ауданның білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген ізбасарың Роза Қабышқызы да «Дара жолдың» қонағы болып отыр. Сөз кезегі сіздерде.

Жүргізуші:

Аудандағы Сәкен Сейфуллин мектебінде директор қызметін атқардыңыз. Сізбен әріптес болған басшылар да еңбегіңіздің өлшеусіз екенін жақсы біледі. «Ұстаздық патшалық құрудан да қиын» деген бар. Осыған келісесіз бе? Неге ұстаздықты таңдадыңыз?

Осы орайда Жамбыл атындағы орта мектебінде қызмет атқарған уақытта сізбен әріптес болған, қазір де осы мектептің ұжымын ұйытып ұстап отырған Жамбыл атындағы орта мектебінің директоры Майра Тлепбергенқызына ұстаз ретінде Табылды ағайдың қандай қасиеттері көз алдарыңызда? Ұжым арасында қандай еді деген сұрақтар қойсақ. Естеліктер келтіре кетсеңіз.

Жүргізуші:

Осы мектепте оқу ісінің меңгерушісі болып жүріп, ұйымдастырушылық қабілетіңіз бен тіл таба білетін қасиетіңіздің арқасында жастармен емін-еркін араласып, бірнеше істің басын қайырыпсыз. Міне осы еңбектердің өзі аудан басшылығының назарынан тыс қалмай, Индер аудандық комсомол комитетінің хатшысы, кейін екінші хатшы қызметтерін атқарыпсыз. Біз жас болғандықтан, мені бір қызықтырғаны, ол кездегі комсомол ұйымында жастармен жақсы жұмыс жасапсыз. Сол кездер жайлы айта кетсеңіз.

Жүргізуші:

Байқасам, жеткен жетістіктеріңіз көп екен. Азербайжан, Чехославакия сияқты елдерде болыпсыз. Осы кездегі жетістіктерге қалай қол жеткіздіңіз? Ой бөліссеңіз.

Жүргізуші:

Табылды жас кезінде спорттың бірнеше түрімен айналысқан депті. Осы қаншалықты рас? Қандай спортпен айналыстыңыз?

Жүргізуші:

Өйтпесең, жұрттың оншама

Көңілі саған толмайды...

Өнерсіз адам болса да,

Өнерсіз қазақ болмайды! –дейді Қадыр Мырза Әли. Аға, қонақкәде ретінде бізге қандай өнеріңізді көрсетер едіңіз.

Жүргізуші:

«Шәкіртсіз ұстаз тұл» дейді. Шәкірттеріңіздің бірнешеуіне хабарластық. Қазіргі таңда көбі жұмыс бабымен келе алмай отыр. Байқап отырған шығарсыз,өзіңіздің тәлім берген шәкірттеріңіз Баришева Света мен Мусағалиева Гүлбану Абдоллақызы мен жұбайы Құлшығаев Есенғали Мақсотұлы келіп отыр. Шәкірт ретінде оқушылық кезеңге бір көз жүгіртіп, ағаймен өткен қызықты сәттерді әңгімелей отырсаңыздар.

Жүргізуші:

Ендігі сөзді қасыңызда отырған жұбайыңыз Қалжан апайға берейік. Табылды ағай отбасында қандай отағасы, қандай әке? Бір үйде екі басшы

Жүргізуші:

Жаңағы айтылған сансыз пікірлер мен лебіздерді тыңдай отырып, сіздің сөзіңіз бен ісіңіздің арасында алшақтық жоқ екенін байқап отырмын.

5 сауал

  1. Сіз үшін өмірдің мәні неде?

  2. «Бейнеттің зейнетін көретін шақ» дегенді қалай түсінесіз?

  3. Қазіргі қоғамдағы қандай мәселе сізді жиі толғандырады?

  4. Өкінген сәттеріңіз болды ма?

  5. Бақыттысыз ба?



Бұл қадірлі ұстаз, Индер ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы Білім беру саласының Құрметті қызметкері Биғазиев Табылды Құмарұлының «Дара жолы» болатын. Әр адамның өмірде өз жолы бар, оны дара ету әркімнің өз қолында!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!