Материалдар / "Дарабоз" интелектуалдық сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Дарабоз" интелектуалдық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалды балабақша тәрбиешілері балалармен интелектуалдық сайыс өткізу кезінде пайдалана алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2021
633
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Дарабоз" (интеллектуалдық сайыс)


Бекенова Гулим Жулжановна,

Ақтөбе облысы, Алға ауданы,

Бестамақ «Болашақ» балабақшасының

І санатты тәрбиешісі


Мақсаты: Балаларды заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып,білім деңгейін байқау. тұлғалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін айқындау. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қадағалау. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Көшбасшылық қабілетін ояту, білімді, дарынды, озық болуға, алған білімдерін қолдана білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: - Сәлеметсіздер ме құрметті сайыс қонақтары, балалар. Бүгінгі «Дарабоз» интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер. «Білімді ұрпақ - ел тірегі»- дегендей бүгін "Балдырған " тобының балалары арасындағы білім додасын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа қатысушыларды қарсы алайық.

1 – ойыншы Ербулат Бауыржан – өскенде полиция қызметкері болуды армандайды.

2 – ойыншы Абдигазиева Нұрай — болашақта дәрігер болғысы келеді.

3 – ойыншы Ибрай Ерасыл — өскенде құрылысшы болғысы келеді.

4 – ойыншы Елтай Кәусар — болашақта шаштараз болуды армандайды.

5 – ойыншы Амандық Рамадан — заң қызметкері болуды армандайды.

6 – ойыншы Жолдыбаева Диана – болашақта ақ халатты дәрігер болғысы келеді.


Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық

Әдіскер: Уразалина Г.Б

Психолог: Шамшина Н.М

Жүргізуші:Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын күшті тындырар күшің барда.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер
Алға қойған мақсатың, ісің барда! – деп сайысымызды бастаймыз.
Бүгінгі сайысымыз 6 бөлімнен тұрады:
І бөлім «Бәйге»
ІІ бөлім «Жеті жұрттың тілін біл.»
ІІІ бөлім «Сиқырлы пішіндер»
ІV бөлім «Жорға»
V бөлім "Ойлан,тап"

VI бөлім «Жүзден жүйрік»
Әр бөлімнің шартымен ойын барысында таныстырып отырамын.

І бөлім: «Бәйге»
Бұл бөлімде балалар қойылған сұрақтарға тез және нақты дұрыс жауабын беру керек. Берілген сұраққа жауапты білсеңіздер қолдарыңды көтеріп жауап бере алатындарыңызды білдіресіңдер. Ендеше сендердің білімге деген құштарлықтарыңызды дәлелдейтін «Бәйге» сайысын бастаймыз. Дайынбыз ба?
1. Біз қай Республикада тұрамыз? (Қазақстан Республикасында)
2. Бағдаршамның көздерін ата? (Қызыл, сары, жасыл.)
3. Бір аптада неше күн бар? (жеті)
4. Республикамыздың бас қаласы қалай аталады?
(Нұр -Сұлтан)
5.
Туған жеріміз қалай аталады? (Бестамақ)
6. Алма, алмұрт, жүзім, өрік бұлар нелер, қалай аталады? (жеміс - жидектер)
7. Бір тәулікте неше мезгіл бар? (таңертең, түс, кеш, түн)
8. Қияр, сәбіз, қызанақ, қызылша, картоп бұлар нелер, қалай аталады? (көкөністер)
9. Тіршілікке қажетті жылу қайдан алынады? (Күннің көзінен)
1
0. Қ. Р. Президенті? (Қ.К.Тоқаев)
1
1. Төрт түлік малды ата? (қой, жылқы, сиыр, түйе, ешкі)
1
2. Түйенің төлі қалай аталады? (Бота)
13. Құйрығы екіге айырылған құс? (қарлығаш)
1
4. Адамның көру мүшесі? (көз)
15. Аяз ата қай мерекеде келеді? (жана жылда)
16. Қыста ұйқыға кететін аң? (аю)
17. Тудың түсі қандай? (көк)

18. Қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)


2-бөлім. «Жеті жұрттың тілін біл».
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тілінді құрметте» - деп Қадыр Мырзәлі ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.
Бұл турда жұмбақтар жасырылып, оның шешуін балалар
екі тілде айту керек.
(Қазақша, орыс
ша)
1. - Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады (аю - медведь )
2. - Жылт - жылт етеді, жылғыдан өтеді. (су - вода)
3.
Қонса аяғы көп,ұшса аяғы жоқ (ұшақ - самолет)

4. Футболшының алаңдағы ойын заты (Доп - мяч )
5. Жеті қазынаның бірі - адамды күзетіп жүретін досы.(ит – собака )

6.Қалқиып ұзын құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады (Қоян - заяц )

3 - кезең: «Сиқырлы пішіндер»

Шарты: Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер. Сандар түрлі түспен боялған. Қандай түс таңдайсың сол сұраққа жауап бересіңдер.

1.Геометриялық пішіндерді ата (үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы., дөңгелек)

2. Дәм сезу мүшесі (Тіл)

3. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра)

4. Тақпақ айтып беру (еркін тақырып)

5. Қыстан кейін не келеді? (көктем)

6. Жер серігі (Ай)

4 - кезең: «Жорға»

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын,- деп біз енді ойынымыздың келесі кезеңіне келдік.

Шарты: Бұл кезеңде әр бала мақал-мәтелдің жалғасын табу керек.

 1. Ата - бәйтерек,бала -жапырақ

2.Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас

3.Әдепті бала арлы бала , Әдепсіз бала сорлы бала

4.Отансыз адам - ормансыз бұлбұл

5.Аққуды атпа ,досыңды сатпа

6.Әкеге қарап ұл өсер,анаға қарап қыз өсер

V бөлім "Ойлан,тап"

Шарты: суреттегі ертегіні атау

VІ бөлім «Жүзден жүйрік»
Шарты: бұл кезеңде алдарына берілген суреттерді құрастырып айту.

Қорытынды: (әділқазылар алқасына сөз беру)

Жүргізуші:Сонымен; сайысымыз мәресіне жетті.Дарабоз ойыны тапқырлық пен ұшқырлықты талап етеді.Ал балалар осындай ойлы ойындарға қатыса беріңіздер.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!