400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Дарабоз» интеллектуалды ойыны 4 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, үш тілді саясат негізінде үштілділік дағдыларын қалыптастыру, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы



М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі







«Келешекке кемел біліммен»

атты бастауыш сыныптар апталығы

Тақырыбы: «Дарабоз» интеллектуалды ойыны











Класс: 4

Мұғалімі: Тартипова Ж













Ақтөбе қаласы 2021

Мақсаты:  Оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, үш тілді саясат негізінде үштілділік дағдыларын қалыптастыру, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілік: Нақыл сөздер: 1. «Ақыл, қайрат жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден ерек» Абай; 2. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса…,білім де сондай керек»  А.Байтұрсынов. , тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, интерактивті тақта.

Түрі: Топтық сайыс
Интеллектуалды ойынның бөлімдері:

1-бөлім: Бәйге

2-бөлім: Тіл өнер

3-бөлім: Көкпар

4-бөлім: Сиқырлы сандар

5-бөлім: Жорға

Ойын барысы: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар, Білім үздігінің үміткерлері!

Бүгінгі сайысымызды Ахмет Байтұрсыновтың мына бір өлеңімен бастағалы тұрмын.

Балалар, бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?

Даналық – өшпес жарық, кетпес – байлық,

Жүріңдер, іздеп, тауып алалық та! – деп  бүгінгі 4-ші сыныптар арасында өткізейін деп отырған интеллектуалды білім сайысын ашық деп жариялаймыз.

-Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздей өренді,

Ғылымның биік шыңына  – деп  ортаға озық ойлы интеллектулды оқушыларымызды ортаға шақырайық.

Ойынның жалпы ережесімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Бәйге. Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Әр берілген сұраққа оқушылар тез және нақты жауап беру керек. Тез және дұрыс жауап берген топ 1 ұпай алады.



Тіл өнер. Ойында бәйгеден алған ұпай санына ұпайлары қосылады. Бұл кезең «Тілін білмеген – түбін білмейді, – деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, адамның адам болып тұлғалануына сөздің, тілдің рөлі баға жеткісіз». Ендеше осы турда Сөз мәйегі – мақал-мәтелге жасырылған сөзді тауып, оны орыс тіліне аударады.

Көкпар. Тіл өнер кезеңіндегі ұпай сандары сақталады. Ойынды ұпай саны аз топ бастайды. Бұл кезеңде таңдамалы пәндер көрсетіледі. 1 топ қалаған оқу пәнін таңдап алады. Келесі топ одан қалған пәндерді таңдайды т.с.с. Пән бойынша әр топ 10 сұраққа жауап береді. Ұпай сандары саналып отырады.

Сиқырлы сандар. Бұл кезеңде алдағы ұпай сандарына алынған ұпай сандары қосылады. Сайыскерлерге төрт тапсырма беріледі.

Жорға. Топ басшысына бұл кезеңде  2 конверт ұсынылады. Олар А және В нұсқасынан біреуін таңдайды. Берілген сұрақтарға 1 минутта жауап берілуі тиіс.

-Ал енді бәйгемізді бастаймыз. Әр топқа сөз беріледі, өздерін таныстырады.

Ітоп-« АЛҒЫРЛАР»

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз!

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз!

ІІтоп-«ТАПҚЫРЛАР»

Ұраны: Білікті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады!

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын

Алға қойған мақсатымыз бір екен

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

1-бөлім Бәйге.

  1. Асан қайғының: Таза мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз ….. (не ?)



Ой түбінде жатады.

  1. Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Ойнап босқа күлуге….  өлеңінің авторы кім?  (Абай)

3. «Жасыл» деген сөз қай сөз табына жатады? (сын есім)

4.Қазақстан Республикасының әнұранының авторы кім? (Н.Н., Ж.Н., Ш.Қ.)

5.Абайдың шын аты (Ибраһим)

6. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны не дейді? (жұрнақ)

7. Қазақтың үш атақты биін ата. (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

8. Адам инелікке қарап,нені ойлап тапты? (тікұшақ)

9. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (қатаң,ұяң,үнді)

10. Заттың қимылын білдіретін сөз табы (етістік)



«Өнер алды – қызыл  тіл »

Ана тілі – ұраным,

Ана тілім болмаса,

Болмас еді жыр әнім – деп енді келесі турға көшеміз.

І І бөлім .Тіл өнер. Ойында бәйгеден алған ұпай санына ұпайлары қосылады. Бұл кезең «Тілін білмеген – түбін білмейді, – деп Ғабит Мүсрепов айтқандай, адамның адам болып тұлғалануына сөздің, тілдің рөлі баға жеткісіз». Ендеше осы турда Сөз мәйегі – мақал-мәтелге жасырылған сөзді тауып, оны орыс тіліне аударады.

1.Асыл тастан, (не ?білім – знание) жастан.

2.Мектеп (не ?кеме-корабль) – білім теңіз.

3.Адамды адам еткен не?( еңбек – труд)

4. Сулы жер – нулы (жер – земля) не?

5.Қыз өссе елдің көркі,

Не? (гүл – цветок) өссе жердің көркі.

6. Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің (сөзі – слова) несі алтын,

 

7.Батыр туса ел – ырысы,

(Жаңбыр – дождь) – жауса – жер ырысы.

8. Атаның баласы болма,

(Адамның – человек) баласы бол.

9.Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның (хаты – письмо) өлмейді.

10. Адамның бір қызығы (бала – ребенок) деген.

ІІІ бөлім. Көкпар. Тіл өнер кезеңіндегі ұпай сандары сақталады. Ойынды ұпай саны аз топ бастайды. Бұл кезеңде таңдамалы пәндер көрсетіледі. 1 топ қалаған оқу пәнін таңдап алады. Келесі топ одан қалған пәндерді таңдайды т.с.с. Пән бойынша 10 сұраққа жауап беріледі.

№1

Қазақ тілі

№2

Әдебиеттік оқу


Қазақ тілі :

  1. Сөз құрамына не жатады?

  2. Сөйлем түрлерін ата.

  3. Етістік дегеніміз не?

  4. Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата.

  5. Жалаң сөйлем дегеніміз не?

  6. Мәтін дегеніміз не?

  7. Туынды сөз қалай жасалады?

  8. Етістіктің шақтарын ата.

  9. Буын түрлерін ата.

  10. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата.

Әдебиеттік оқу

  1. Абылайдың шын аты кім? (Әбілмансұр – Сабалақ)

  2. Иглу дегеніміз не? (Қиыр солтүстікте эскимостар қар кірпіштен баспанасы)

  3. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ деген сұраққа Жиренше шешен қалай жауап берді? (ананың сүті тәтті, ананың алақаны жұмсақ).

  4. Ұлы Абай айтқан 5 асыл, 5 дұшпанды ата.

  5. «Қызыл шұнақ» өлеңінің авторы кім? (С.Сейфуллин)

  6. 7-қазынаға не жатады? (Сұлу қыз, ер жігіт, ілім-білім, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік ат)

  7. Абайдың қай шығармасында жансыз заттарды адам бейнесінде кейіптейді? Қыс

  8. Селеу деген не?(шөптің түрі)

  9. Екі жыл мезгілі ғана бар ел бар ма? (Тропиктік елдерде бар. Жаңбырлы маусым,құрғақ маусым)

  10. Джонка деп нені атаймыз? (Оңтүстік-Шығыс Азияда адамдар қайықта да тұрған)

  11. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

ІV бөлім. Сиқырлы сандар. Бұл кезеңде алдағы ұпай сандарына алынған ұпай сандары қосылып отырылады. Сайыскерлерге төрт тапсырма беріледі. Ұяшықтарда тапсырма жасырылған.

20 ұпай- жұмбақ шешу

30 ұпай-мақалды аяқтау

40 ұпай-жаңылытпашты жатқа айту

50 ұпай- өлең шығару

20 30 40 50

Ітоп

20- Ақ жібек асыл көрпедей

Қыс болса жерді жабады

Жазғұтырым болғанда

Су болып сайға ағады. (қар-снег-snow)

30- Жеті жұрттың тілін біл,

...........( Жеті түрлі ілім біл.)

40- Алма базарда

Алма алма алар ма?

Ақ алма алар ма?

Әлде алары анар ма?

50- ______ _______анашым ,

_______ _______баласын.

_______ _______боласың,

_______ _______қаласың.

ІІ топ

20- Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың,

Бұл үйден көреген болып шығасың. (мектеп-школа-school)

30- Білекті бірді жығады,

............(Білімді мыңды жығады)

40- Үш ұшқыш алды

Үш кірқысқыш ,

Үш тісысқыш

Кірқысқыш қымбат па?

Тісысқыш қымбат па?

50- ______ _______баламыз,

_______ _______боламыз.

_______ _______аламыз,

_______ _______қаламыз .

V. Жорға.   Бұл кезеңде  топ басшыларына 2 конверт ұсынылады. Олар А және В нұсқасынан біреуін таңдайды. Берілген сұрақтарға 1 минутта жауап берілуі тиіс.

Жүргізуші:  А- 1. 

  1. Қой атасы – шопан ата

  2. Бастауыштан кейін қандай жағдайда сызықша қойылады?

  3. Қасиетті күн (Жұма )

  4. Биыл қандай жыл? (сиыр)

  5. Заттың санын білдіретін сөз табы? (сан есім)

  6. Алғашқы көктем гүлі (бәйшешек)

  7. Дене қызуын өлшейтін құрал (градусник)

  8. Бейбітшілік құсы (көгершін)

  9. Жеті Я дегеніміз не? (семья)

  10. Орман дәрігері (тоқылдақ)

  11. «Кел,балалар,оқылық!» өлеңінің авторы (Ы.Алтынсарин)

  12. Ақ алтын. (мақта)

  13. Заттың қимылын білдіретін сөз табы (етістік)

  14. Жеті күн (апта )

  15. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (карта)

Жүргізуші: В-1.

  1. Сиырдың пірі ( Зеңгі баба)

  2. Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? (бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем деп айтамыз)

  3. Жұмадан кейін қандай күн? (сенбі)

  4. Жылдан құр қалған жануар. (түйе)

  5. Желсіз түнде жарық ай – өлеңінің авторы (Абай)

  6. Абайдың әжесінің ,анасының аты (Зере, Ұлжан)

  7. Жыл басы не? (тышқан)

  8. Лирик ақын (Абай)

  9. Басты байлық (денсаулық)

  10. Ұя салмайтын құс (көкек)

  11. Құстарға қарап адамдар не ойлап тапты? (ұшақ)

  12. Қара алтын (мұнай)

  13. Мәтін түрлерін ата (әңгімелеу,пайымдау,сипаттау)

  14. Сөйлем мүшелерін ата (тұрлаулы,тұрлаусыз)

  15. Бір заттың көлемін кішірейткенін көрсететін сан. (масштаб)



Жүргізуші:

Бойларыңда  от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындап шарықтаңдар әрдайым.

 

Жүргізуші: 

Бүгін біздер балалардың білімдерін сынап, өнерлерін тамашаладық. Оқушылардың бәрі де білімдерін көрсете білді. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боларсың елден ерек» деп Абай атамыз айтқандай оқушыларымыз міне, қайрат жігерімен дараланып алға озып шықты.

Әділ қазылар дайын болғанша топтарға тапсырма берейік.

«Тез ойла,сөз ойла»

Бұлттан жауған жаңбыр тамшыларынан сөз құрайсыңдар
е т ә и----------- ж ұ р м -------------- қ а ж а ------------- і р е ә
д н т е м----------- ы т қ а ----------- з у ы н -------------- м з д р

































Тарының қауызы Тарының қауызы

Сыпыртқының досы Сыпыртқының досы

Күрке,лашық Күрке,лашық

Сан Сан

Ұлт Ұлт



Жүргізуші:

Кімдер жүйрік,  өнерпаз білейікші,

Дарабозы, білімді мектептің жүрейікші.

Әділ қазы алқасына әділдікті,

Ал, балаларға сәттілікті тілейікші, – деп келесі сөзді  әділ қазылар алқасына береміз.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
826
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі