400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Дарабоз" сайысы 7-8 сыныптар арасында

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділер додасы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Дарабоз

Сайыстың барысы:

I. Кіріспе бөлім:

Ұйымдастыру кезеңі

а) Сайысқа қатысушылардың дайындығын тексеру

ә) қазылар алқасын сайлау

II. Негізгі бөлім:

Сайыстың шарттары:


Самғау кезеңі:

А) « Тапқыр болсаң тауып көр»

Ә) «Менің сүйікті пәнім»

.

Шарықтау кезеңі:

А) Тарихи басқатырғыш

Ә) «Ойды аяқтау»

Б) «Тарихи көмбе»

Шырқау кезеңі:

А) «Суреттер сыр шертеді»


VI. Қорытынды бөлім:

Қазылар алқасының берген қорытындысы.

Сайысқа қатысушы оқушыларды марапаттау.


Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.


Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына – деп бүгінгі бақ сынасар сайыскерлерімізді қол соғып, қошеметтеп ортаға шақырайық (ортаға сайыскерлер шығады)

Сайысымызда білімі мен тапқырлығымен сыналатын қатысушыларымызбен таныстырар болсақ, №1 қатысушымыз 7сынып оқушысы__ Мамай Нұрислам __: – қандай сынақ болсадағы беріспе, әрқашан да үміткер бол жеңіске.

№2 қатысушы 7сыныбының оқушысы_ Жақсылық Арман

Досқа жан –тәнімен берілу сенімді тірек,бақытқа барынша ұмтылуда білімде керек.

№3 қатысушы 8 сыныбының оқушысы___Көпжасар Танакөз__: Білімнен асқан қазына жоқ, Қазына құпия. Ол ақыл, біліммен ғана ашылады.

№4 қатысушы 8 сыныбының оқушысы___Нәсіредин Жеңіскүл __: Бақытты болашақтың қамы үшін, барыңды сал, Тәуелсіздік таңы үшін.

№5 қатысушы 7 сыныбының оқушысы____Әбдіғани Нұрдәулет_Білімдінің күні жарық,білімсіздің күні қаріп.

Сайыскерлер сіздерге сәттілік тілейміз!

Жүргізуші:

Сайыста бақ сыналар,бап сыналар

Бас жүлдені өнерлі,тапқыр алар

Кім өнерлі, кім тапқыр - шешу қиын

Қазылар алқасы болмаса нақ саналар - дегендей кез – келген сайыс бағалануы тиіс. Ең алдымен сіздерге осы сайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық.

Әділ бағасын беретін әділқазылар алқасы:

1.

2.

3.

Сәлемдесу .Келесі кезекте сайыскерлер өздеріңді таныстырып өтсеңіздер!

«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау» – дей келе сайысымыздың кезеңдерін таныстырып өтcек.

1-кезең 3 шарттан тұрады.

Тапқыр болсаң –тауып көр кезеңі

1-шарт ( Әр оқушыға 5 сұрақтан қойылады. Әр жауапқа 1баллдан беріледі.

2-шарт- Әріптер сөйлейді (Қойылған сұрақтың жауабы алфавиттегі әріптен басталады. Әр жауапқа 1 балдан қойылады)

3-шарт.Тарихи оқиғалар ( Слайдта көрсетілген уақыт аралығында қандай оқиғалар болды табу керек. Әр жауапқа 5 балдан қойылады.)

Осы кезең қорытындысы бойынша ең аз жинаған екі оқушы ойыннан шығарылады.



Самғау кезеңі:

А) « Ойлы болсаң озып көр » Тарихи тұлғалардың шын есімдерін ата (Әр жауапқа 1 балдан қойылады)

Ә) «Менің сүйікті пәнім» (Ұяшықтар таңдайды)

Осы кезең қорытындысы бойынша ең аз жинаған бір оқушы ойыннан шығарылады.


Шарықтау кезеңі:

А) Тарихи басқатырғыш ( Берілген басқатырғыштан дұрыс жауабын табу. Әр жауапқа 5 балдан)

Ә) «Ойды аяқтау» (20 сұрақ қойылады .Әр жауапқа 1 балдан)

Б) «Тарихи көмбе» (Тарихта кездесетін сөздердің мағынасын ашу.Әр жауапқа 5 балдан қойылады)

Осы кезең қорытындысы бойынша ең аз жинаған бір оқушы ойыннан шығарылады.

Шырқау кезеңі:

А) «Суреттер сыр шертеді» ( Берілген суретте кім немесе қандай оқиға баяндап беру керек. Әр жауапқа 1 балдан)


Білімдіден шығады алғыр шешен,

Шешендікпен болған ғой барлық көсем.

Сайра шәкірт, суырып шарықташы,

Қалмасын бұл сайыста сенің есең,- дей келе сайысымызды бастайық.

«Тапқыр болсаң тауып көр »

А) Тарихқа саяхат ( Әр оқушыға 5 сұрақтан қойылады. Әр жауапқа 1 балдан қойылады.)

1-сайыскер.1.Бір аптада неше күн бар?

2.Геометриялық фигураларды ата.

3.Жабайы жануарларға қандай жануарлар жатады?

4.144 қандай санның квадраты?

5.Төртбұрыштың неше бұрышы бар?

2-сайыскер

1.Бағдаршамның көздерінің түсі қандай?

2. 15 –тің квадраты?

3.Біз қай жерде тұрамыз?

4.Мемлекеттік рәміздерді ата.

5.Үй құстарына қандай құстарды жатқызамыз? 

3 сайыскер:

1.Үшбұрыштың неше бұрышы бар?

2.16 желтоқсан қандай мереке?

3.Үй жануарларын ата.

4. 196 қандай санның квадраты ?

5.Ғарышкердің киімі қалай аталады?

 4 сайыскер:

1.Біз қай Республикада тұрамыз?

2.Жылдың неше мезгілі бар?

3.Қыста қандай мерекені тойлаймыз?

4. 196 қандай санның квадраты ?

5.Шеңбердің неше бұрышы бар?

 5 сайыскер:

1. «Дәрігер» сөзін үш тілде айтып бер.

2.Көліктің неше түрі бар?

3.Көкөністер қайда өседі?

4.17-ның квадраты ?

5.Еңбек құралдарына нені жатқызамыз?

 6 сайыскер:

1.Үйдің төбесі неге ұқсайды?

2. «Мұғалім» сөзін үш тілде айтып бер.

3.Қыста қардан не жасаймыз?

4. 1089 нешенің квадраты?

5.Үй жануарларын ата.

Бұл жинаған ұпай сандарыңыз толығымен келесі турда сақталады. Ендеше, екінші кезеңді бастасақ!

Ә) Әріптер сөйлейді (Қойылған сұрақтың жауабы алфавиттегі әріптен басталады. Әр жауапқа 1 балдан қойылады)

«А». Қазба жұмыстарын жүргізетін ғалым (археология)

«Ә». Абылай ханның шын аты ( Әбілмансұр)

“Б” Әмір Темір қай тайпадан шыққан (Барлас)

“В” Ежелгі мемлекеттің бірі (Вавилон)

“Г” Тарихтың атасы (Геродот)

“Ғ” 100 жылды өтпелі кезеңді қалай атайды?( Ғасыр)

“Д” Қыпшақ даласы, ХІ-ХVI ғасырларда қолданылған географиялық ұғым? (Дешті Қыпшақ)

“Е” Түркістанды астана еткен хан ( Есім хан)

“Ж” Қазақ жеріне шығыстан қауіп төндірген мемлекет( жоңғар)

“З” Ертедегі шығыс халықтарының дуалистік діні? (Зороастризм )

“И” Елбасымыздың мамандығы: Инженер- металлург

“К” Киіз үй сүйегінің шеңберлі төменгі қабырғасы қалай аталады? (Кереге )

“Қ” Жоңғар хандығындағы ең жоғарғы билеуші, хан? (Қонтайшы )

“Л” Ортағасырлық Англиядағы жер иеленуші феодал? (Лорд )

“М” Әмір Темірдің мемелекеті (Мауренахр)

“Н” Сегіз тайпа бірлестігі (наймандар)

“О” Әмір Темір қай жерде қаза болды( Отырар)

“Ө” 1720 жылы Ертіс бойына салынған әскери бекініс (Өскемен)

“П” Тасқа салынған сурет( петроглифтер)

“Р” Қазақстанда отарлау саясатын жүргізген мемлекет?( Ресей)

“С” Қасым ханның басты мақсаты қай жердегі қалаларды Қазақ хандығының құрамына қосу болды (Сыр бойындағы)

“Т” Қазақстан жеріндегі алғашқы түркі тілдес мемлекет ( Түрік қағанаты)

“У” Абылайдың бас мирасқоры( Уәли сұлтан)

“Ұ” Сауда – керуен жолдарының жалпы атауы? (Ұлы Жібек жолы )

“Ү” Жыл мезгілдерін қазақтар қандай жұлдызға байланысты белгілеген (Үркер)

“Ф” Крамоньондық адам қай жерде табылған? (Франция)

“Х” Сақтардың сусын дайындайтын тобы (Хаомаварга)

“Ц” Қытай мемлекетінің басқаша атауы (Цинь)

“Ч” Үйсіндердің астанасы( Чигучен)

“Ш” Ғұндардың мемлекетінің билеушісінің титулы( Шаньюй)

“Ы” 1731 жыл орыс елшілері келгенде Әбілхайырдың ордасы қай жерде болды (Ырғыз өзенінің бойында)

“І” Шыңғыс хан әулетінен шыққан билеушілерге берілетін үлестік жер қалай аталады (Інжу)

“Э” Мыстытас дәуірі (Энеоллит)

“Ю” Византия императоры І Юстинианның заңдар жинағы қалай аталады? (Юстиниан заңдары)

“Я” Оғыз мемлекетінің астанасы? (Янгикент)

Б) Тарихи оқиғалар ( Слайдта көрсетілген уақыт аралығында қандай оқиғалар болды табу керек. Әр жауапқа 5 балдан қойылады.)

Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім.

Ешбір адам ұмытпайтын елесін

Сырға толы әрбір саны қарасаң

Сол жылдардан қандай құпия білесің?

1783-1797жж – С.Датұлы көтерілісі

1723-1727жж – «Ақтабан шұбырынды , алқакөл сұлама» жылдары

1837-1847жж – Кенесары Қасымұлының көтерілісі

1836-1838жж – Исатай мен Маханбеттің көтерілісі

1771-1781жж – Абылай хан билік құрған жылдар

1711-1781жж – Абылай ханның өмір сүрген жылдары

1914-1918жж – І дүние жүзілік соғыс

1939-1945жж – ІІ дүние жүзілік соғыс


Самғау кезеңі:

А) « Тапқыр болсаң тауып көр» Тарихи тұлғалардың шын есімдерін ата (Әр жауапқа 1 балдан қойылады)

1. Домалақ ананның шын есімі ( Нұрилә)

2. Әйтеке бидің шын есімі (Айтық)

3. Абылайдың шын есімі (Әбілмансұр)

4. Қабанбайдың шын есімі (Ерасыл)

5. Шоқанның шын есімі (Мұхаммед Қанапия)

6. Мәншүк Мәметованың шын есімі (Мәнсия)

7. Абайдың шын есімі (Ибраһим)

8. Ақан серінің шын есімі (Ақжігіт)

9. Сәкен Сейфуллиннің шын есімі (Сәдуақас)

10. Ыбырайдың шын есімі (Ибраһим)



Ә) «Менің сүйікті пәнім»

Қазақстан тарихы


10 балл.Тарихты зерттеушілер? (ғалымдар)


20 балл. Қазақстан аумағында ежелгі адамдар қай кезде пайда болды? (1 млн жыл бұрын)


30 балл. Археологтер қола дәуірін неше кезеңге бөлді? (3 ерте, орта , кейінгі)


40 балл. Исатай қаза тапқан шайқас? (Ақбұлақ)

50 балл. Алакөл деген жерде болған шайқас? (Аңырақай шайқас)



Математика


10 балл. 90000 нешенің квадраты? (300)


20 балл. 32+23+45= ? (100)


30 балл. Астанадан Қарағандыға жету үшін 2 сағат 30 минут қажет. Ал Қарағандыдан Астанаға қайтуға 150 минут керек. Неге олай? (150 минут = 2 сағат 30 мин)


40 балл.

Саябақтың ішінде 6 орындық тұр. Оның екеуін бояп қойды. Саябақта неше орындық қалды? 6

50 балл. ? Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?

Ауылға бір ғана мотоцикл бара жатыр.

Биология

1Адамда хромосома саны?(46) 10 балл
2.Периодтық кестенің авторы?(Д.И.Менделеев)
20 балл
3.Оттегіге қаныққан қантамыр? (Артерия)
30 балл
4.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі? (моль ) 40 балл

5.Әлемдегі ең кішкентай құс? (колибри) 50 балл


Шарықтау кезеңі:

А) Тарихи басқатырғыш ( Берілген басқатырғыштан дұрыс жауабын табу. Әр жауапқа 5 балдан)

Тарих түпкірінен сыр іздейміз

Ғажайып, сырлы әлемге кіргендейміз

Бабалардың жүріп өткен сансыз жолын

Тарихтың әр бетінен көргендейміз


БЫАЙЛА – Абылай

ХНА ОДРАЫС – Хан ордасы

НБЛАҒАСҰ – Баласағұн

РАҢАҚЫАЙ – Аңырақай

АНХ ҒСЫҢЫШ – Шыңғыс хан

АРЛАШДОА – Алаш Орда

ҚӘРІАБЫЙЛ – Әбілқайыр

ІТЕЖ РЫЖАҒ – Жеті Жарғы

ДРОА ЛЫНАТ – Алтын Орда

ВРАЗЕНАБА – Назарбаев


Ә) «Ойды аяқтау» (20 сұрақ қойылады .Әр жауапқа 1 балдан)

Өмір өзі мінбесінен сөз берді,

Тебіреніп толғанатын кез келді

Тарихты көрмесек те кешегі

Айтамыз біз естігенді, сезгенді.

Атақты күрішсі – Ыбырай Жақаев

Атақты тары өсіруші – Шығанақ Берсиев

Атақты Шопан – Жазылбек Қуанышбаев

Шоқынған қазақ – Яков Беляков

Тұңғыш ғарышкер – Тоқтар Әубәкіров

Тұңғыш шахтер – Түсіп Күзембаев

Қазақтың соңғы ханы – Кенесары

Қазақтың биші қызы – Шара Жиенқұлова

Қазақтың бұлбұл қызы – Майра Шамсутдинова

Қазақ халқының ұраны – Алаш

Отырардың билеушісі – қайырхан

Отбасының қамқоршысы – Ұмай ана

Кіші жүздің биі – Әйтеке би

Ұлы жүздің биі – Төле би

Орта жүздің биі – Қазабек би

Үш жүздің басын қосқан хан – Тәуке хан

Ең жас дін – Ислам діні

Киіз үйдің төбесі – шаңырақ

Пулеметші қыз – Мәншүк

Мерген қыз – Әлия


Б) «Тарихи көмбе» (Тарихта кездесетін сөздердің мағынасын ашу.Әр жауапқа 5 балдан қойылады)

1.Гурхан – Қарақытайлардағы билеушінің титулы (хандардың ханы)

2.Харадж – жер салығы
3.Кебеже— азық-түлік сақтауға арналған үлкен сандық.

4.Мес— қымыз т.б. сусын құюға арналған ешкі терісінен жасалған ыдыс.

5.Тасаттық— құрғақшылық кезінде тәңірден жаңбыр тілеп құрбандық шалу рәсімі.

6.Түндік— шаңырақты жабатын киіз.

Маған айтып берсең – ұмытып қалармын,

Көрсетіп берсең – есте сақтармын,

Өзіме жасатсаң – үйреніп алармын.

Шығыс нақылы

Шырқау кезеңі:

А) «Суреттер сыр шертеді» ( Берілген суретте кім немесе қандай оқиға баяндап беру керек. Әр жауапқа 1 балдан)

Бұл тур екі оқушының тапқыр, озық ойларына негізделген. Екі жеңімпаз бір-біріне қарама-қарсы бағытта жайғасады. Екі ойыншының алдына 2 картинадан сурет беріледі. Өз алдарына берілген картинадағы суретті қатысушы көрмейді, картина төңкеріліп орналасқан. Ойын басталған сәтте ойыншылар алдарындағы картинадағы суретті бір-біріне көрсетеді, бірақ өздері көрмейді. Содан соң берілген сурет бойынша бір-біріне сұрақтар бере отырып картинасында бейнеленген суреттің не екенін табуға мүмкіндік жасайды. (мысалы, ғалымдардың картинасын жасыру барысында ғалымның өмірінен, ғылыми еңбек жолдарынан мысалмен, сұрақтар беру арқылы). Әр ойыншы өз картинасында бейнеленген суретті тапқан кезде ойын тоқтатылады.

Қорытынды

Сайысымыз өз мәресіне жетті, алдымен бүгінгі сайысқа қатысушылардың әрбірінің жеңімпаз екенін ескеріп барлық қатысушылармызды құттықтап, қол соғалық.


Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші

Оқушылар дарабозы деп жүрейікші.

Әділқазыларға тек әділдікті

Ал, білімді жастарға сәттілік тілейікші.

Құттықтайық ал енді,

Дарабоз болған ұланды.

Өрге жүзіп өнерлі,

Тауға өрлесін талабы.

Қуаныштан жанары

Шоқтай болып жанады, – дей отырып бүгінгі «Дарабоз» атты интеллектуалды ойынымызда өз мәресіне келіп жетті.






































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
1658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі