400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Дарабоз" зияткерлік сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де, жылағанды жұбатып, күлгенді жылататын да - осы тіл. Ең ащы да - тіл, ең тәтті де - тіл. Қазақ тілі - дүние жүзіндегі бай, бейнелі тілдердің бірі. Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті... Біздің қазақ жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын. Беташарын додамыздың бастайық, Көпшілікті бір серпілтіп тастайық. Ортамызды сайыскермен толтырып, Қошеметпен шақырайық қол соғып.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Дарабоз» зияткерлік сайысы

(5-6 сынып оқушылары арасында)


Жүргізуші: Құрметті жиналған оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Дарабоз» зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер.

Мақсаты: оқушылардың білімдерін пысықтау, шешендік өнерге баулу, сөздік қорларын молайту, ойын жүйелі, еркін жеткізуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Бүгінгі – «Дарабоз»сайысына 5-6 сынып оқушыларынан 2 топ қатысады.

Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де, жылағанды жұбатып, күлгенді жылататын да - осы тіл. Ең ащы да - тіл, ең тәтті де - тіл. Қазақ тілі - дүние жүзіндегі бай, бейнелі тілдердің бірі. Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті... Біздің қазақ жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.

Беташарын додамыздың бастайық,

Көпшілікті бір серпілтіп тастайық.

Ортамызды сайыскермен толтырып,

Қошеметпен шақырайық қол соғып.

Ал енді, осы топтың қайсысы оза шабатынын, қайсысы ең алғаш боп бәйгеге жететінін бақылайтын және әділ баға беретін әділ - қазыларымызбен танысайық.


Енді, сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

І кезең «Сәлем - сөздің анасы»

ІІ кезең «Мықты болсаң, шауып көр»

ІІІ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр»

ІV кезең «Ойлы болсаң, тауып көр»

V кезең «Қас-қағым сәтте»

VІ кезең «Тұлғаны таны»


Олай болса, І кезең «Сәлем - сөздің анасы». Бұл кезеңде екі топ өздерінің аттарын, ұрандарын, төсбелгілерін таныстырып өтуі керек.

Сөз кезегін қатысушыларымызға береміз.


ІІ кезең «Мықты болсаң, шауып көр». Бұл кезеңде тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашасыңдар...Олай болса, сіздерге сәттілік тілейміз!

1-топ:

1) Тайға таңба басқандай –анық

2) Қой аузынан шөп алмас –момын

3) Ит терісін басына қаптау – ұрысу

4) Ит өлген жер – алыс жер

5) санын соғу – өкіну

6) Айдап салды (айдақтап қосты) – біреуге өшіктіре итермеледі (жұмсады).

7) Айды аспанға бір шығарды – даңқы жер жарды, аты шықты; даңғазалай жария етіп, таң қалдырды

8) Басқан ізін білдірмеді – істегенін сездірмеді.

9) Екі көзі төрт болды – сағынды, аңсады, жолына қарай – қарай шаршады, күте – күте зарықты, көруге асық болды.

10) Екі ұрты суалды (солды) – арыды, жүдеді.


2-топ:

1) тіл алғыш – құлақ асатын бала

2) жер тепсінді – қатты ұрысты

3) Тас бауыр – мейірімсіз

4) қыздың жиған жүгіндей – әсем, көрікті

5) Көз ілмеді – ұйықтамады

6) Ақ безер де, көк безер болды – ант – су ішті, таусыла, қарғана қорғанды.

7) Әзір асқа аяғын ала жүгірді – еңбексіз күнелтті, даярға тап болды.

8) Басқан ізіне шөп шықпайды – қу, арам, ниеті теріс кісі туралы айтылады.

9) Жарғақ (жар) құлағы жастыққа тимеді – тынып таппады, дамыл көрмеді.

10) Иығы жауыр болды - әбден әбігерленді, қажыды, бейнет өтіп кетті.


Жүргізуші:

Додаға түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие білім табар ма?!

Бұл бәйге - ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға - сол алда!


ІІІ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр». Сендерге жұмбақтар жасырылады, сол жұмбақтың шешуін табуларыңыз керек.


1-топ:

1. Қоймасын қыс ақтарып

Жерді жапты ақ мамық (қар, снег, snow)

2. Тіріден өлі туады,

Өліден тірі туады. (жұмыртқа, яйцо, eggs)

3. Екі бала қатар тұрса да,

Бірін – бірі көрмейді. (Көз, глаза, eye)

4. Жолбарыстан аумайды

Пеш түбінде аунайды (мысық, кошка, cat)

5. Ауаға шықса ауырады

Су ішінде сауығады (балық, рыба, fish)

6. Қараңғыда жымыңдайды, жанады,

Жарық түссе, бірден сөніп қалады. (Жұлдыздар, звезда, star)

7. Бұлаңдаған құйрығы

Бір алдарлық қулығы (түлкі, лиса, fox)



1-топ

1. Оқтан жүйрік,

Қылыштан өткір (сөз, слова, word)

2. Қалқиып 2 құлағы

Елеңдеп, қорқып тұрады (қоян, заяц, rabbit)

3. Сары атым аунаған жерге шөп шықпас. (от, огонь,fire )

4. Жылт – жылт еткен

Жылғадан өткен (су, вода, water)

5. Мұрны насос, кран да

Таң қаламын бұл аңға (піл, слон, elephant)

6. Қыста киімін тастайды

Көктемде киіне бастайды (ағаш, дерево, tree)

7. Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой, баран, sheep)



ІV кезең «Ойлы болсаң, тауып көр». Бұл кезеңде берілген сөздерден мақал құрамыз.


1-топ:


1. Жатқан, қария, дария, ақылды, ағып.

(Ақылды қария – ағып жатқан дария.)

2. Асқар, тау, әке -,

жатқан, Ана -, бұлақ, ағып,

жағасындағы, құрақ, Бала -,

(Әке – асқар тау,

Ана – ағып жатқан бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ.)

3. көргенде, не, Әдептің, әдепсізді, білерсің, екенін -

(Әдептің не екенін – әдепсізді көргенде білерсің.)

4. Үйдің, ыстық, туған, де, түтіні.

(Туған үйдің түтіні де ыстық)



2-топ:


5. Шықпас, шаңы, үні, жаяудың, шықпас, жалғыздың.

(Жалғыздың үні шықпас,

Жаяудың шаңы шықпас. )

6. Қорқытады, терең, көп, батырады.

(Көп қорқытады, терең батырады.)

7. Отбасынан, отанды басталады, сүю.

(Отанды сүю отбасынан басталады)

8. Дұшпан, ақыл-, дос, ашу-.

(Ашу – дұшпан, ақыл – дос.)


V - кезең.“Қас – қағым сәтте” деп аталады. Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 3 ұпаймен есептеледі.

Сонымен, топтарға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.



1-топқа:

1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)

2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)

3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)

4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)

5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)

6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)


2-топқа

1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)

2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)

3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)

4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)

5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)

6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)


VI-кезең

Жүргізуші:

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Бүгін осы сайыста жеңіске жет,

Білімді, әрі білікті жас жеткіншек. – деп, сайысымыздың соңғы “Тұлғаны тани біл” бөлімін бастаймыз. Бұл кезеңде әр топқа белгілі тұлғалардың суреттері ұсынылады. Топ ойлана отырып, бір адам жауап берулері керек.


1-топ:

Шәмші Қалдаяқов, Мұхтар Әуезов, Серік Сәпиев, Роза Рымбаева, Бауыржан Момышұлы, Тоқтар Әубәкіров, Абылай хан,


2-топ:

Әйтеке би, Әлия Молдағұлова, Илья Ильин, Айдын Айымбетов, Қадыр Мырзалиев, Сәбит Мұқанов, Фариза Оңғарсынова


Жүргізуші:

Тауды биік деме сен,

Талаптансаң, шығарсың.

Қарсылас мықты деме сен,

Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ қазыларға береміз. (Жеңімпаз топты анықтау, дипломдар мен сыйлықтар табыс ету)


Осымен сайысымыз аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!







ЖББ Сырым орта мекеп-балабақша кешені











«Дарабоз»

зияткерлік сайысы



Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Г.Е.Бахитжанова



















2016-2017 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1315
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі