Сайыстың мақсаты: оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, ойын арқылы лексика, фонетика саласын қайталау.
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар «Дарабоз» атты зияткелік сайысына қош келдіңіздер!
Беташарын додамыздың бастайық,
Көпшілікке білім нұрын шашайық
Жүзден жүйріктігін танытар,
Қатысушы сайыскерлерді қарсы алайық.
Ал енді , осы сайыскердің қайсысының озатынын, қайсысы ең алғаш боп бәйгеге жететінін бақылайтын және әділ баға беретін әділ-қазыларымызбен таныс болайық.
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл
Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық
Таныстырсын сайыскерлер өздерін.
Өнеріне ду қол соғып, қостайық!
-Балалар , ойынға келгендеріңізге өте қуаныштымыз, енді әр сайыскер өздерін таныстырып өтеді.
-Енді ,қай оқушы бірінші болып бастайтынын анықтау үшін қоржыннан асықты таңдап, ойынның басынан аяғына дейін кім бірінші бастайтынын анықтайды.
( қоржыннан асықты алғандар: қызыл -1, көк-2, сары- 3, жасыл-4, сарғыш-5, ақ-6)
Ойын мынадай кезеңдерден тұрады:
І айналым «Ұшқыр ой»
ІІ айналым «Құпия сандық»
ІІІ айналым «Айшықты сөздер»
ІV айналым «Ойлан тап»
V айналым «Талапкер»
Ойынның І кезеңі «Ұшқыр ой» ойыншыларға қазақ тілінен 5сұрақтан қойылады. Әр сұраққа 1ұпайдан беріледі.
І ойыншыға сұрақ
-
Қазақ тіліне тән дыбыстар саны нешеу?
-
«Батыр» сөзіне жуық мәндес сөз.
-
Лексика нені зерттейді?
-
Табу дегеніміз не?
-
Үнді дауыссыздарды ата?
ІІ ойыншыға сұрақ
-
Жуан дауыстыларды ата.
-
Фонетика нені зерттейді?
-
«Арық» сөзінің омонимін тап?
-
Диалект сөз дегеніміз не?
-
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
ІІІ ойыншыға сұрақ
-
Көнерген сөздер нешеге бөлінеді?
-
«Тіл» сөзінің тура, ауыспалы мағынасын айтыңыз:
-
Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді, ата?
-
Сингормонизм дегеніміз не?
-
Буын дегеніміз не,түрлері,ережесі
IV ойыншыға сұрақ
-
Әріп дегеніміз не?
-
Құдағай, пиала қандай сөздерге жатады?
-
Еріндік дауыстыларды ата?
-
Тарихи сөз дегеніміз не?
-
Ілгерінді ықпал дегеніміз не, мысал келтір?
V ойыншыға сұрақ
-
Орфография, орфоэпия дегеніміз не?
-
Ғылым,мұғалім , емтихан қай тілден енген сөздер?
-
Тасымал неге негізделеді,Қандай жағдайда тасымалданбайды?
-
Дөрекі сөзді сыпайылап жеткізу қалай аталады:
-
Қоза, шиіт қандай сөздер?
VI ойыншыға сұрақ
-
Қай септіктің жалғауы буын үндестігіне бағынбайды?
-
Дыбысты немен таңбалайды?
-
Дисфемизм деген не?
-
«Қоюлау » сөзінде неше дыбыс бар?
-
Екпін,екпіннің түрлері
Ұпайы аз бір оқушымен қоштасамыз.
ІІ айналым. «Құпия сандық» Бұл айналымда жұмбақ жасырылады. Сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша ) айтуларың керек.Шешуіне дыбыстық талдау жаса.
І ойыншыға
Оқушыға күнде еріп,
Жүретін не? (күнделік)
ІІ ойыншыға
Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран (әріп)
ІІІ ойыншыға
Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп (кітап)
IV ойыншыға
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді (мұғалім)
V ойыншыға
Сағт сайын қағылады
Тек мектептен табылады. (қоңырау)
Ұпай саны аз бір оқушы ойынмен қоштасады.
ІІІ айналым «Айшықты сөздер»
Бұл кезеңде мен сіздерге сөздер айтамын, сендер тұрақты тіркес түрінде айтасыңдар.
І ойыншыға
Жалқау-
Жек көрді-
Өкінді-
Жолы болды-
Тез –
ІІ ойыншыға
Қуану-
Батыр –
Өкіну-
Мықты-
Реніші таудай-
ІІІ ойыншыға
Қатыгез-
Сүп-сүйкімді –
Жолы болмады-
Қорқу-
Сөйлемеу-
IV ойыншыға
Басынды-
Араздасты-
Қысымға алу-
Алдау-
Дұрыс адам-
Ұпайы аз оқушымен қоштасамыз.
IV айналым «Ойлан тап» Бұл кезеңде оқушыларға мәтін беріледі. Осы мәтіндегі тапсырмаларды орындайды.
І ойыншыға
Өзі де от басында бір пәс отыра алмайды. Әсіресе мақта терімде алдына жан салмайды.Азанда оянсам, апам күндегідей мақталыққа кетіп қалыпты. Ал қоза дегеніміз әлгі көк біткеннің еркетотайы. Көретін түгі жоқ.Арық ұрып кеткен. Апам екеуің дағарадай үйдің қақ төрінде отырсыңдар. Айналайын сызылып қалған әйдік бала екен. Дем аласында көңілім құлазып ,пәсейдім де қалдым.Дырдай жолдамам бар.
Мәтіннен кәсіби, диалект сөздердің астын сыз.
ІІ ойыншыға
Ата дәстүрі бойынша құрылтайға Шыңғыс ұрпағымен қатар әр ру-жұрт тұтқасын ұстаған ақсақалдар, ұлыстағы түменбегі,мыңбасы,батырлар, жорық, қауға күндерінде айрықша көзге түскен жалаң қылыш ерлер де келген.Етегі шұбатылған шекпен сыртынан бадана киіпалыпты.
Мәтіннен көнерген сөздерді тап, астын сыз.
ІІІ ойыншыға
Мен аяғымның басына қарадым. Біздің дәл тас төбемізде үлкен қара бұлт төніп тұр екен.Мен сөзінің аяғын айтқызбадым.Рахиманың қуанышы су сепкендей басылып, аяқ астынан жабырқап қалды.Бауыржанды көтеріп әкеліп, қалың ойыншықтың арасына қойдым.Самсаған қалың жарық көрінді. Қыстың аяғын ала бере, Бауыржандар жаңа үйге көшті.
Мәтіннен көп мағыналы сөздерді тауып, астын сыз.
Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.
V айналым. «Талапкер» Бұл кезеңде қалған екі оқушыға тест беріледі.
Барлық ұпайы есептеліп, ұпай саны көп оқушы «Дарабоз» атанады.
1
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Дарабоз" зияткерлік сайысы

шағым қалдыра аласыз