Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Дарамен бірге қызықты саяхат». Сөйлеу дамыту ашық оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сурет бойынша әңгімелеу барысында тілдік қорын дамытып,сұраққа толық жауап беру,Балалардың күнделікті оқу қызметінде алған білімдерін түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бекіту;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммуникация.Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеу дамыту,Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: «Дарамен бірге қызықты саяхат»

Мақсаты:  Балалардың жыл бойы меңгерген білімдерін,өтілген тақырыптарды ойын арқылы қайталаумен еске түсіру. Дидактикалық ойындар барысында жүйелі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.Балалардың күнделікті оқу қызметінде алған білімдерін түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бекіту; 

1.Білімділік:Сурет бойынша әңгімелеу барысында тілдік қорын дамытып,сұраққа толық жауап беру,синоним сөздерді таба білу,диалог түрінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.Сын тұрғысынан ойлау техникасын пайдалана сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Сандарды тура және кері санап, геометриялық пішіндерді ажыратып, логикалық тапсырмаларды шешу;

3.Тәрбиелілік: Бір-біріне көмек көрсетуге,өз-өзіне сенімділікке,адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Әңгімелесу,сұрақ-жауап,әңгімелету,түсіндіру,жұмбақтар.

Көрнекі құралдар:Слайд,мультфильмдер,үлестірмелі материалдар,логикалық тапсырмалар.


Іс-әрекет кезеңі


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті





Мотивациялық қозғаушы



Шаттық шеңбері:

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын салайық

Жүрек жылуын алайық

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға сыйлайық!


-Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінде неше ай бар? Бір жылда неше ай бар? Бір аптада неше күн бар?Бүгін аптаның қай күні?


-балалар бүгін бізде ерекше күн.Ортада тұрған «Ғажайып тақтаға»қарайықшы.Біздер көптеген мультфильмдер білеміз,солардың ішіндегі Көңілді Дара бүгін бізде қонақта.


-Балалардың назарын тақтаға аудару.


-Дара:Сәлем балалар..Балалар мен ойнап жүріп үйіме баратын жолды таппай адасып қалдым.Менің білуімше сендер өте ақылды балаларсыңдар. Мүмкін сендер маған көмектесерсіңдер.

-Тәрбиеші:-балалар ендеше Дараға көмектесейік.(тақтадан картаны көрсету)

-Әдетте жол сұрайтын кезде,бізге не қажет болады?

-Карта: Дараға үйіне бару үшін төте жол керек екен. Жарайды,мен Дараның үйіне жылдам апаратын жолды білемін. Алдымен көпірден өтулерің керек.Сонымен есіңе сақта алдымен қай жермен өтеміз?

-алдымен көпірден өтеміз.

-Екінші орман ішімен.

-Соңында Дара өз үйіне яғни отбасына жетеді.

-Тәрбиеші:-балалар Карта біздерге Дараны үйіне жеткізу үшін көптеген тапсырмалар беріпті.Соларды орындайық. Міне алдымыздан Картаның көрсеткен көпірі кездесті.(суреттен көпір көрсету)

-бірақ қараңдаршы көпір адамдар жүруге жарамсыз болып қалыпты.Не істеуіміз керек?

-Ия дұрыс айтасыңдар,мынау пішіндерді дұрыс орналастырсаңдар көпір жөнделеді.

- Қараңдаршы балалар орман іші қандай әдемі.Міне мынау ағаштардан нелерді көріп тұрсыңдар?


-Ауа райы сондай тамаша,табиғатқа байланысты тиым сөздер,болжамдар айтайықшы.


«Тез ата» ойыны

-Аспанда неше күн бар?

-Алма үлкенбе, түйме үлкенбе?

-Кемпірқосақта неше түс бар?

-Бағдаршамда неше көз бар?

-Адамда неше саусақ бар?

-Аспанда неше жұлдыз бар?

-Көлікте неше доңғалақ бар?

-Қоян жүйрік пе, тасбақа жүйрікпе?

-Банан дөңгелек пішін?

-Дәрігер балаларды оқытады?- құрылысшы үй салады,ал суретші ше?

-Сендер балабақшаға кеште келесіңдер?

2-кедергі (алдарынан қақпа шығады)

- Дара:-бұл есікті немен ашуға болады? (кілттерді көріп қуанады)

-кілттер менің қолымда,енді қай кілт сай келетінін анықтау қажет.Ол үшін құлыптың тетігін санаймыз.1-2-3-4-демек бізге 4-тетігі бар кілт қажет.(есік ашылады)


3-кедергі- ағып жатқан өзен көрінеді)

Тәрбиеші:-балалар судан өту үшін Дараға не қажет болады?.(үлестірмелі суреттердің ішінен қайықты тауып қоршайды).

Тәрбиеші:-балалар мына суреттерден не көріп тұрсыңдар?

Дид ойын: «Суретшінің қатесін тап»

«Суреттегі айырмашылықты тап»


4-кедергі (егіс алқабы шығады)-нелерді көріп тұрсыңдар?

Балалар біз жыл бойына көптеген өлең- тақпақтар жаттадық.Солардың ішіндегі «Шегіртке мен құмырсқа»мысалын білеміз.Мысалдың авторы кім? Қане кім айтады?


-«Қарама-қарсы сөзді ата»


-Міне Дара егіс алқабынан да өтті.

-- Дара:- балалар сендермен өте көңілді,сендердің білімдеріңнің арқасында көптеген кедергіден өтіп келемін.

Тәрбиеші:-Балалар сендер өлең-тақпақ,санамақтармен қатар ертегілер де білесіңдер.(тақтаға 2-баланы шығарып (қима суреттерді құрастыру)

- Үйдің суретін көрсету

- Дара(қуанып)-алақай мен алыстан өз үйімді көріп тұрмын.балалар сендерге көп рахмет.мені адастырмай,көптеген кедергілерден құтқардыңдар.мен енді үйден алысқа ұзап кетпейтін боламын.Сау болыңдар балалар.


Тәрбиеші:-міне балалар сіздер бүгін жыл бойы алған білімдеріңді Дараға көмектесе отырып көрсете алдыңдар.Кімге қандай тапсырма ұнады?

-белсенді балаларды,мадақтау.








-Сәлеметсіздер ме?










-апта күні туралы санамақ



-«Ғажайып тақтаға»назар аударады


-тыңдайды








-Карта қажет болады.









-алдымен көпірден өтуіміз қажет






-тапсырмаларды орындайды




-көпірді жөндеу қажет



-пішіндерді орналастырады


-кеңістікті бағдарлайды,санайды.

Тиым сөздер:

Суға түкірме, Көкті жұлма, Жалғыз ағашты кеспе. Құстың ұясын бұзба.

Құмырсқаның ұясын баспа.

Халық болжамдары

-Көктемде күн көп күркіресе, егін, шөп мол шығады. 

Тұман түссе-күн жылынады.


















-есікті кілттермен ашу керек








-үлестірмелі суретпен жұмыс





-тақтамен жұмыс

-Суретшінің қатесін табады



-жәндіктерді көріп тұрмыз


-авторы Иван Крылов,қазақшаға аударған ұлы

ақын,жазушы Абай Құнанбаев



-ортаға шығып ойынға белсене қатысады.




-Қима суреттерді құрастырып,әңгімелеп береді.












































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2021
358
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12